Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Батырдың ізін жалғар, ұрпағы бар

06 желтоқсан 2012, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы
Шалқар қаласы №6 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Дарибаева Ақгүл Абилкасимовна

Сабақтың тақырыбы: Батырдың ізін жалғар, ұрпағы бар
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларды Ұлы Отан соғысы мен қазақстандықтардың ерлік істерімен, Ідіріс Үргенішбаевтің ерлігі мен қаһармандығы туралы таныстыру;
2) Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімге баулу;
3) Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлауға, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: музыка, кітап көрмесі, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге арналған бұрыш, нақыл сөздер, газеттер, үнтаспа.
Барысы:
Мұғалім: Қазақ халқы небір ауыр тарихи кезеңдерді басынан өткізді. Сондай тарихи кезеңнің бірі әлемді дүр сілкіндірген Екінші дүниежүзілік соғысы еді. Бұл оқиға 1941 жылғы маусымның 22 – де болған еді.
Үнтаспадан тыңдау:
- Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 1941 жылы 22 маусымда таң шапағы арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын – қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.
Соғыс туралы музыка ойнап тұрады.
1 – оқушы: Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден ажс тамған.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталған.
2 – оқушы: Соғыс жалмап аға – іні бауырды,
Зар жылатып тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы.

3 – оқушы: - Осы соғыста Кеңес Одағының басқа республикаларымен бірге қазақ халқы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және армиясының құрамында 1 млн.870 мың қазақстандықтар болған.
4 – оқушы: Ұлы Отан соғысына қатысқандар: Қасым Қайсенов, Талғат Бигелдинов, Нүркен Әбдіров, Мәншүк Мәметова, Төлеген Тоқтаров, Рақымжан Қошқарбаев, Бауыржан Момышұлы, және өз жерлестеріміз Әлия Молдағұлова, Ідіріс Үргенішбаев, Дархан Жалғасов, Ахмет Ескендіров, т.б.
Мұғалім: - Иә, балалар, осы аталған аталарыңның ішінде Ідіріс Үргенішбаев аталарың да бар. Биыл батыр атамыз 100 жаста. Осындай бейбіт өмірге қол жеткізген аға - апаларымыздың рухына бас иіп, ұмытылмас ерліктерін паш етіп, еске аламыз.
5 – оқушы:
«Отан» Өрт лаулап, бұрқырап қорғасын,
Шеңгелін қанды ажал жайғанда,
Ойрандап жауыздың ордасын,
Болдық біз найзағай майданда!

6- оқушы:
Соғыс не? Соғыс елдің сыны,
Ел емген қазыналы жердің сыны.
Адалдың арамменен айғақшысы,
Төгілген керек үшін тердің сыны.
Соғыс сұмдық атадан бала айырылған,
Біреуін қан, біреуін ар айырған.
Гүл бақшам бөлектеліп мен де кеттім,
Дінесім, Шаһмұрат, Анарымнан.
Соғыстың жоқ ешқандай тамашасы,
Бір өлім, мың өлімнің арашасы.
Соғыста өлім құлап, өмір жеңер
Оны сезбес пікірдің аласасы.
7 – оқушы:
Ідіріс Үргенішбаев 1912жылы Талдықұм селосында дүниеге келеді. Ақтөбе педагогикалық училищесін бітірген соң, туған ауылында бастауыш мектеп меңгерушісі болып қызмет атқарып жүргенде 1942 жылы қаңтар айында Қызыл Армия қатарына шақырылып, артында анасы және зайыбы Жәмила қалды.Ідірістен қалған жалғыз баласы Есенгелді 1942 жылы 28 тамызда Аяққұмда дүниеге келді.

8 – оқушы:
1943 жыл қыркүйек-қазан айлары. Днепр үшін шайқас.
Днепр үшін шайқаста екі жақтан 4 млн-ға жуық адам қатысты. Ал майдан шебі 1400 шақырымға созылды. Гитлердің оң жақ жағалауы тік жар болып келетін Днепрде кеңес әскерлерін тоқтатып, қарсы шабуылға шығамын деген жоспары іске аспады.
9 - оқушы:
Қасиетті жеріміз, бейбіт жатқан еліміз, құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Кеңес жауынгерлері қасықтай қаны, шыбындай жаны қалғанша ата жауымен аянбай шайқасты. Жауынгерлер батырлықтың үлгісін көрсетті.
10 – оқушы:
Өзеннен өтуде кеңестік әскер ерліктің жоғары үлгісін көрсетті. Днепр үшін шайқаста 2438 кеңестік жауынгердің «Кеңес Одағы Батыры» деген жоғары атаққа ие болғанының өзі көп нәрсені аңғартса керек. Олардың қатарында қазақстандықтар, оның ішінде жерлесіміз Ідіріс Үргенішбаев атамыз да болған еді.

Көрініс
Траншея ішін жағалап, Ідіріс өз бөлімшесіне келді. Жауынгерлері мен командирлері берген кеңесі жайлы жан-жақты әңгімелесті. Сөйтті де дайындық жұмысына кірісті. Күн кештете сержант Үргенішбаев өздерінің жүргізген жұмыстары жайлы рота командиріне келді.
Ідіріс: Жолдас командир! Маған рұқсат етсеңіз, жағалаудағы қайықпен Днепрдің оң жағалауына қасыма бірнеше жауынгер алып, өтуге сұранғалы келдім.
Командир: Мына қардай борап тұрған оқ астында қайық түгіл , топырақ та шұрқ тесік болып жатыр. Жастықтарыңды ала алмай қаларсыздар.
Ідіріс: Жолдас командир! Бөлімше жауынгерлері Днепрге дейін де өзінің жастығын алған. Мына омыраудағы «Қызыл жұлдыз» орден соның айғағы емес пе?

Командир: Дұрыс, дұрыс айтасыз, жолдас сержант! Сіздің ерлігіңіз Орталық майдан жауынгерлеріне бұрыннан да белгілі. «Ерлік білекте емес, жүректе ғой», жүрегің осыны қалаған екен, рұқсат етейін, Бірақ қас қарайып, көз байланғасын қайыққа барлау жасап, көріңдер. Оған дейін сіздің бұл ұсынысыңызды батальон командиріне жеткізейін.

Батальон командирі: -Жолдас Үргенішбаев біз сізге аса жоғары сенім білдіріп, осы жауапты да, қауіпті істі тапсырып отырмыз. Немістер сіздің артыңызда пулеметші атқыштар полкінің барын білмеуге тиіс. Сіз рота командирінің саяси басшысы екеніңізді бір сәт те естен шығармаңыз!
Түсіндің бе, бұйрықты қайтала!
Ідіріс: Толық түсіндім!
Батальон командирі: Сәт сапар, тездетіңдер!
Ідіріс: Кеңес Одағы үшін қызмет етемін!
Ән: «Қазақ жігіттері»
10 – оқушы:
Сүйінші, сүйінші, жеңеше! Ідіріс көкемнен хат келді.
1943 жылдың жазы болатын, Ідіріс зайыбы Жәмилаға жазған соңғы хаты еді. «Отан үшін қалтықсыз еңбек етудемін. Есенкелдіні жақсылап өсір, оқыт. Фашистік Германияның жеңілуі атар таңнан да анық. Енді көп ұзамай Днепр өзені үшін шайқас басталады, туысқан ұлы орыс жерінен сәлем!»
Жазған Ідіріс.

11 – оқушы:
1943 жыл.1қазан. Днепр. Түнге қарай қалың орманды қақ жара шыққан артиллерия миномет оқтары жерді найзағайдай тілгілеп, зіркілдете суды еріксіз толқынға айналдыруда. Сержант І.Үргенішбаев бастаған бір топ пулеметшілер өзен жағасына қалың қамыстың арасымен жылжи келді де, қайыққа отырды. Бораған оқ азынаған аш қасқырдай өлім ішінде Ідіріс Үргенішбаев пулеметін қайықтың басына құрып алып, қанға-қан , оққа-оқ атты.
Міне, өмір мен өлімнің соңғы беттесуі. Ідірістің есіне осы кезде жұбайы Жәмила, өзін бағып өсірген ана-Қанби түсті.
«Көгершіндер» әні орындалады.
12 – оқушы:
Ідіріс Үргенішбаев бастаған бір топ жауынгерлер өзеннің оң жағалауына шыққан біздің батальон бөлімшелерімен пулеметтен оқ жаудыра отырып дұшпанның 22 шабуылына төтеп беріп қоймай, тойтарыс жасады. Тап сол кескілескен ұрыста Ідіріс Үргенішбаев дұшпанның 90 солдаты мен офицерлерін жойды. Бірақ осы шайқаста жерлесіміз асқан ерлікпен қаза тапты.

13 – оқушы:
Сержант Ідіріс Үргенішбаев Днепр үстіндегі шайқаста өзін нағыз таймас батыр ер жүрек кіші командир жауынгерлерді жеңіске рухтандыра білетін саяси басшы етіп көрсете білді. 1943 жыл Днепрдегі шайқаста асқан ерлік көрсетіп дұшпанның шебін бұзғаны үшін ұрыста ерлікпен қаза тапқаннан кейін Ідіріс Үргенішбаевқа 1944 жылы 11 қаңтарда Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Қызыл жұлдыз орденімен марапатталды.
14 – оқушы:
Жерлесіміз Ідіріс Үргенішбаевты Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынған қағазында оның командирі былай деп жазған: «Неміс басқыншыларына қарсы біздің бөлімнің 1943 жылғы 1қазаннан 5қазанға дейінгі шабуыл жасаған ұрыстарында , әсіресе, Чернигов облысы Любеч ауданындағы Любеч деген елді мекеннің басына қарай Днепрден өту кезінде Үргенішбаев жолдас өзін батыл да қаһарман жауынгер етіп көрсетті».

15 – оқушы:
Батырдың денесі Гомель облысындағы Днепр жағалауында Глушец деген село маңындағы бауырластар зиратына жерленді.
1минут үнсіздік
Үнтаспадан тыңдау:
- Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Совет армиясы Берлинге дейін даңқты жолдан өтті. 1945 жыл 9 мамырда Ұлы Жеңіс орнады. Рейхстагқа Жеңіс туы тігілді!
16-оқушы:
Естідім – ау Жеңіс күнін,
Дүрілдейді көк пен дер.
Қуанышпен қағып күлім,
Жадырайды қуанған ел.

17 – оқушы:
Бұл күндері батыр есімін ардақ тұтып, тарихпен мәңгі жасап келеді. Қаламызда Ідіріс Үргенішбаев есімімен аталатын көше бар, қалалық емхана алдында І.Үргенішбаевқа арналған ескерткіш орнатылған. Сонымен қатар Кеңес Одағының Батыры І.Үргенішбаев есімімен аталатын мектеп те бар.
18-оқушы:
Жерлес ақынымыз Зиядин Әбдуалиев Ідіріс Үргенішбаевтың ерлігіне арнап жазған «Өшпеген жалын» атты дастанынан үзінді:
Ідіріс аға (З. Әбдуалиев)

Ідіріс салған ізбенен
Жеңіске жолдар өрілді.
Ерлігі үшін ұстауға
Батыр атағы берілді.
Атағыңды қастерлеп
Басымызды иеміз
Өзіңнің атын берілген
Мектебіңді сүйеміз.
Мектеп те оның атында
Мирасын күтіп ұстайық!
Халқымның мәңгі жадында,
Хормен: ІДІРІС ҮРГЕНІШБАЕВ!

19 – оқушы:
Жеңіс туы,
Жеңіс туы
Желбіресін мәңгілік!
Жеңіс жыры,
Жеңіс жыры
Асқақтасын жаңғырып!
Хор: «Біз Отанның ұланымыз»
8 587
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлы жеңіс жасасын!
Ұлы жеңіс жасасын!
Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру.
Ер есімі - ел есінде
Ер есімі - ел есінде
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, № 8 жалпы орта білім беретін мектептің технология пәнінің мұғалімі Қалдыбаева Алмажан Тлеубаевна
Ерлік мәңгі өшпейді
Ерлік мәңгі өшпейді
Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімге баулу;
Ұлы Жеңіске - 65 жыл
Ұлы Жеңіске - 65 жыл
Арзакулова Бексулу Айдынгалиевна Ғ. Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы
Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты)
Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты)
Тогузбаева Гулмира Жаксылыковна №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Ақтөбе қаласы
Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты)
Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты)
Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты) Тақырыбы: «Ұлы жеңіс жасасын!» Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деге сйіспеншілігін арттыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×