Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жақан Смақов «Айтшы, әжетай»

10 ақпан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Ж. Смақов, «Айтшы, әжетай».
Сабақтың мақсаттары: 1) Білімділік: Оқушыларға туыстық қарым - қатынастар, туыстық атаулар мен мамандық түрлері жайлы мағлұмат бере отырып, көркем сөйлеу дағдыларын жетілдіру;
2) Дамытушылығы: Оқушылардың саналы түсініп, оқу қабілеттерін дамыту, туысқандарға деген мейірімділік қасиеттерін, әңгімелеу, еске сақтау, ойлау дағдыларын қалыптастыру;
Тәрбиелігі: Үлкенді сыйлап, құрметтеуге, сыйластыққа, қайырымдылыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың типі: Алған білім, дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: Әңгіме, ойын, сұрақ - жауап, ізденушілік.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, сызба, суреттер.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, дүниетану, бейнелеу.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық тренингпен бастау. «Күн шуағы».
Қол ұстасып бәріміз,
Жылылықты сезейік.
Шуақ шашқан күндей боп,
Күлімсіреп жүрейік,- дегім келеді.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген тапсырма: «Мысық пен тышқандар» ертегісі.
1. Ертегінің мазмұнын айту.
2. Жалғастырып сұрау.
3. Суреттерін ілу.
Өткен сабақты қайталау. Сурет бойынша 1 оқушыға әңгімелету.
4. Ертегідегі нақыл сөздерді тапқызу. «Бәрі таппаған ақылды кәрі табады».
5. Кәрі деген сөзді тағы қалай айтуға болады?
(Қария, ата, әже, қарт, үлкен кісі т. б)
Тағы қандай туыстарды білеміз?

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Интерактивті тақтаға назар аудару.
а) Нақыл сөзді оқып, мағынасын түсіндіру.
Ата - асқар тау,
Ана – бауырындағы бұлақ,
Бала - жағасындағы құрақ.
ә) Осы нақыл сөз бойынша қандай сурет салар едіңдер?
б) Суретті көрсету (интерактивті тақтадан).
- Біз бүгін Жақан Смақовтың «Айтшы, әжетай» өлеңімен танысамыз.
Автор туралы түсінік беру.(Суретін көрсету)
Жақан Смақов - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы, Ынталы ауылында туған. Балалар ақыны

ІҮ. Кітаппен жұмыс. Тізбектей оқыту. Рөлге бөліп оқыту.
Түсініксіз сөздердің астын сызғызу. Түртіп алу стратегиясын пайдалану арқылы сөздік жұмысын жүргізу. Сөздерді оқушыларға оқытып, мағынасын ашу.
Ү. Дәптермен жұмыс.
Ақтабан - белгілі бір аттың жеке аты.
Қаракөл қой - қойдың түрі.
ҮІ. Шығармашылық жұмыс. Өлеңге сүйеніп, әр мамандық иесін табу. Байланыс сызықтарын жүргізу.
Туыстық атау ----------- Мамандығы
Атасы -------------------- Тәрбиеші

Нағашысы --------------- Монтер
Жеңгесі ------------------ Жылқышы
Ағасы -------------------- Сауыншы
Жиен ағасы ------------- Құрылысшы
Апасы -------------------- Егінші
Жездесі ------------------ Қойшы
«Сенің кім болғың келеді?» оқушыларға ауызша сұрақ - жауап.

ҮІІ. Сабақты бекіту.
1. Туыстық атауларын ата.
2. « Ойлан тап» ойынын ойнату.
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру.
«Айтшы, әжетай» өлеңін мәнерлеп оқу. «Кім болам?» тақырыбына шығарма жазу.
ІХ. Бағалау.
11 849
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Калькулятормен есептеу
Калькулятормен есептеу
Арифметикалық амалдарды калькулятор көмегімен орындау тәсілдерін таныстыру. Берілген материалды тиянақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Калькуляторды сабақта және үйде дұрыс пайдалануға үйрету.
Сыйластыққа себеп көп. Туған – туысқандар.
Сыйластыққа себеп көп. Туған – туысқандар.
Қазақ халқының әдет - ғұрпын сақтауға, үлкенді, кішіні сыйлауға, қонақжайлыққа, еңбекқорлыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мусаева Бибизухра Абидиновна
Таза ауа - денсаулық кепілі
Таза ауа - денсаулық кепілі
Атырау қаласы, Дамба селосы Амангелді атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қалиева Ақтоты Хайсақызы
9 саны және цифры
9 саны және цифры
9 санын шығарып алу тәсілдері жайындағы білімді бекіту. 9 цифрын жазуды қалыптастыру.
Ана-біздің күніміз, біз-ананың гүліміз!
Ана-біздің күніміз, біз-ананың гүліміз!
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі түзете - дамыта оқыту сыныбы мұғалімі: Сейтжапарова Анар Саясатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×