Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балалар денсаулығы-ұлт болашағы

14 желтоқсан 2012, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Атырау облысы, Исатай ауданы,
Зинеден селосы, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Ақтаева Жанна Тұрланқызы

Тақырыбы: «Балалар денсаулығы – ұлт болашағы» Президенттік олимпиада
Мақсаты: 1-желтоқсан – тұңғыш президент күніне орай республикалық Президенттік олимпиада жөнінде түсінік бере отырып, мектепішілік Президенттік олимпиада өткізу. Оқушыларды білім алудың қаншалықты маңызды екенін түсіндіре отырып, оқуға, білім алуға құштарлықтарын арттыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, 2-4 сыныпқа арналған тест жинағы
Түрі: Президенттік олимпиада
Әдісі: сұрақ-жауап
Жүру барысы:
Кіріспе сөз: Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алғалы бері күннен-күнге көркейіп келеді. Еліміздің гүлденуі тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі деп масаттана, мақтана айта аламыз.

Н.Ә.Назарбаев: “Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады. Ендеше біз халыққа білім беру және ғылымды дамыту, оларды реформалау ісін қарқынды жолға қоюымыз керек” деген екен. Елбасымыз жастарға сенім білдіріп білім алулары үшін мемлекеттік гранттар ұйымдастырып, білімді жастарға білім алуға барлық жағадай жасауды. Республикада «Дарын» ғылыми-практикалық орталықпен бірлесе отырып, білімді оқушылар мен жастарға арнап ойын-конкурстар өткізуде. Президенттік олимпиаданы ұйымдастыру барысында мынадай мақсаттар көздейді.

• Әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында өз шығармашылық әлеуетін іске асыруға қабілетті дарынды балалар санын арттыру.
• Дарынды балалармен жұмыс бағыттарын бұқаралық ақпараттар құралдары арқылы кеңінен тарату жүйесін жетілдіру.
• Дарынды балаларды әлеуметтік-құқықтық жағынан қорғау және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету.
• Дарынды балалар мен талантты жастарға білім беру кеңістігінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
• Дарындылықты дамыту мәселесі бойынша педагогикалық және басшы қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру үшін жағдай туғызу.
Қазіргі таңда мектеп оқушыларына арнап Республикада «Дарын» ғылыми-практикалық орталықтың ұйымдастыруымен «Алтын жабағы» ойын-жарысы, «Британ бульдогы» ойын конкурсы, «Орыс қонжығы» атты халықаралық ойын-конкурсы, «Ақ бота» интеллектуалдық марафоны және «Кенгуру – математика барлығы үшін» атты Халықаралық математикалық ойындары өткізілуде.

1-желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай бастауыш сынып оқушыларының арасында Президенттік олимпиада өткелі отыр. Құрметті сайысқа қатысушы оқушылар, ұстаздар, және қонақтар! «Балалар денсаулығы – ұлт болашағы» атты Президенттік олимпиадаға кош келдіңіздер! Олимпиада өткізу барысында әділ-қазыны сайлап алайық.

Әділ-қазылар: тәрбие ісінің меңгерушісі: Сатқалиева А., мектеп тәлімгері: Айынғазиева А.
Олимпиаданың шартымен таныстырып өтейін: әр сыныпқа арналған тест сұрақтары бар. Тест сұрақтарына ойлануға 10 минут уақыт беріледі. 10 минут өткен соң парақшалар жинап алынады да бір-бірлеп кіріп ауызша жауап бересіңдер. Сұрақтар математика мен дүниетану пәндерінен алынған. Сайыскерлерге «іске сәт» дей отырып, сайысымызды бастаймыз.
2-сыныпқа арналған тест сұрақтары
Дүниетану пәнінен
1. Жапырақ қайда бекиді?
А) Сабаққа В) бұтаққа С) жеміске Д) сабақ пен бұтаққа
2. Жапыраққа жасыл түс беретін зат:
А) қарашірік В) өсімдік қалдықтар
С) хлорофилл Е) крахмал мен қант
3. ҚР-ның астанасы қай жерде орналасқан?
А) Алатау бөктерінде
В) Есілдің сол жағалауында, Сарыарқаның оңтүстігінде
С) Ертістің сол жағалауында
Д) Есілдің оң жағалауында, Сарыарқаның солтүстігінде
4. Адамның өміріне қажетті заттарды тап:
А) отын, көмір В) газ, жылу
С) қорек, ауа, су, жылу, жарық Д) теңіз
5. “Қызыл кітапта” не жазылады?
А) жойылып бара жатқан жануарлар
В) жойылып бара жатқан өсімдіктер
С) жойылу қауіпінде тұрған өсімдіктер мен жануарлар
Д) ерекше қасиеті бар өсімдіктер мен жануарлар
Математика пәнінен
1. Екі жүз үш санын тап:
А) 253 В) 203 С) 230 Д) 273
2. Белгісіз санды тап: ?-27=13
А) 30 В) 40 С) 50 Д) 10
3. Дұрыс өрнекті тап: 8 санынан 4 және 3 сандарының қосындысын азайт.
А) 8-4+3 В) 8-(4+3) С) (8-4)+3 Д) 8+4-3
4. Теңдік тура болатындай амал таңбасын қой. (50*40)-20=70
А) + В) - С) +,- Д) дұрыс жауап жоқ
5. Қабырғасы 3 см болатын шаршының периметрін тап
А) 6 см В) 12 см С) 9 см Д) 10 см.
3-сыныпқа арналған тест сұрақтары
Дүниетану пәнінен
1. Табиғат дегеніміз:
А) адам қолымен жасалған заттар В) адамда қоршаған орта
С) әлем Д) жер
2. Адамның бас сүйегі қайда бекиді:
А) қабырғаға В) төс сүйегіне
С) омыртқа жотасына Д) үстіңгі жақ сүйегіне
3. Бұрғылағанда үлкен қысыммен атқылайтын жер асты суы:
А) құдық В) артизиан құдығы
С) бұлақ Д) қазаншұңқырлар
4. Көкжиек тұстарын қай кезде көлеңкеге қарап анықтауға болады?
А) талтүсте В) кешқұрым
С) түсте Д) таңертең
5. Дұрыс жауапты тап:
А) Дененің қалапты температурасы 36-37°
В) Малдың алғашқы сүті – қаймақ
С) Дененің қалыпты температурасы – 37-39°
Д) Шұбатты биенің сүтінен әзірлейді.
Математика пәнінен
1. Егер ең үлкен екі таңбалы саннан екі сегіздікпен жазылған санды шегерсек, шыққан санға ең кіші екі таңбалы санды қоссақ сонда біздің сыныптағы қыздардың саны шығады?
А) 20 қыз В) 21 қыз С) 11 қыз Д) 10 қыз
2. Қате есептелген өрнекті тап:
А) 36+240-(420-153)=9 В) 22-12-(21+49-65)=5
С) 256-204=52 Д) 49:7+(19+6): 5-3*4 =1
3. 24 саны ойлаған саннан екі есе артық, ойлаған санды тап.
А) 10 В) 12 С) 48 Д) 22
4. Шырылдауық шегіртке ала жаздай ән салып, бір тәуліктің жартысында ұйықтады, үштен бірінде ән салды, алтыдан бірінде би биледі. Қалған уақытында қысқа дайындық жасаймын деді. Қысқа дайындыққа қанша уақыт қалды.
А) 3 сағат В) 12 сағат С) 1 сағат Д) уақыт қалған жоқ
5. Васяның жасы Петядан 1 жыл 1 күн үлкен, Вася 2002 жылдың 1 қаңтарында туылса, Петя қашан туылған?
А) 2003 жылдың 2 қаңтарында В) 2001 жылдың 2 қаңтарында
С) 2000 жылдың 31 желтоқсанында Д) 2002 жылдың 31 желтоқсанында
4-сыныпқа арналған тест сұрақтары
Дүниетану пәнінен
1. Адамның қол сүйегі:
А) асықты жілік В) шыбық сүйегі С) төс сүйегі Д) кәрі жілік
2. Қандай өсімдіктің сабағы жұмсақ және шырынды?
А) кактус В) бұталар С) шөптер Д) ағаштар
3. “Қызыл кітапқа” енген жануарды тап:
А) тиін, суыр В) аю, қарға С) қарсақ, қарлығаш
Д) қоқиқаз, қызыл түлкі
4. Бір сабақты көп жылдық өсімдік
А) ағаштар В) шөптер С) гүлдер Д) талдар
5. Өзен неден құралады?
А) бұлақтардың қосылуынан В) жер асты суынан
С) жауын-шашының мол жаууынан
Д) жылғалардың бір-бірімен қосылуынан

Математика пәнінен
1. Джонның тәрелкесінде ұзындығы 15 см-ден 400 кеспе бар. Егер кеспені жалғастыра ұзартсақ, ұзындығы қанша болады?
А) 6 км В) 60 м С) 600 см Д) 6000 мм Е) 60000см
2. 4х4+4+4+4+4+4+4=?
А) 32 В) 40 С) 48 Д) 56 Е) 100
3. Петр бір цифр жазып, оң жағынан тағы бір цифр жазды. Табылған санға 19 қосса, ол 72-ге тең болды. Петрдің алғашқы саны неге тең болғаны?
А) 2 В) 5 С) 6 Д) 7 Е)9
4. Роман, Фабиан, Лиза, Дженифер және Адриан бірінің соңынан бірі тұр. Роман Лизадан кейін, Фабиан Романның алдында, Джениферден кейін тұр. Дженифер Лизанаң алдында , бірақ бірінші емес. Арианның орнын табыңыз.
А) бірінші В) екінші С) үшінші Д) төртінші Е) бесінші
5. Амалдарды орындап дұрыс мәнін тап: 49-(28+14):7+11*(15-8)-12
А) 33 В) 16 С) 108 Д) 105 Е) 110

Қорытынды: Сайыскерлердің ұпай санына байланысты қорытындысы шығарылып, орындар тағайындау, марапаттау.

«Балалар денсаулығы – ұлт болашағы» атты Президенттік олимпиадаға қатысып, өз білімдерін сынаған оқушыларға көп-көп рақмет айтамыз. Ұлт қамын ойлайтын білімді оқушыларымыз көп болсын деп өз сөзімді аяқтаймын. Назарларыңызға рақмет!
5 484
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Елін сүйген – Елбасы
Елін сүйген – Елбасы
Балалардың өз Отаны туралы білімін кеңейту. Еліміздің Тұңғыш Президентін жас ұрпаққа таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
1 желтоқсан тұңғыш президент күні тәрбие сағаты (Елбасы еңселеткен Елорда)
1 желтоқсан тұңғыш президент күні тәрбие сағаты (Елбасы еңселеткен Елорда)
Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы Еңселеткен Елорда» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Тұнғыш Президент күніне орай сынып сағаты. Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Тұнғыш Президент күніне орай сынып сағаты. Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Оқушыларды Қазақстанның тұңғыш Елбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың өмірімен таныстыру. 25 жыл аралығында көреген басшылығының арқасында жеткен жетістіктеріміз туралы мәлімет беру.
Егемен Елдің Кемеңгер Басшысы
Егемен Елдің Кемеңгер Басшысы
Әр сөздің астарында осы арада, Ағайын ой жіберіп жете қара. Тәуелсіз Қазақстан тарихында Тұлғасы елбасының жеке дара.
Тәуелсіздік тұғыры биік болсын
Тәуелсіздік тұғыры биік болсын
Мақсаты: Балаларға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш президенті екені туралы әңгімелеу, түсіндіру. Балаларды отанын сүюге, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, сезімдерін ояту.
Елін сүйген, жерін сүйген – ер  аға
Елін сүйген, жерін сүйген – ер аға
Ақтөбе қаласы, № 30 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Самбаева Турсынай Байдаулетовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×