Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аққұс туралы аңыз

11 ақпан 2017, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Аққұс туралы аңыз
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға вальстің королі атанған сазгер Шәмші Қалдаяқовтың өмірінен қысқаша түсінік беру; сазгерлік өнердің рухани құндылық екенін мәтіннің мазмұны арқылы түсіндіру;
Дамытушылық: сыни ойлай отырып шығармашылық қиялы, жүйелі ойлау қабілеті, сөздік қоры молаяды. Зерттеушілік қабілеттері қалыптасады.
Тәрбиелік мақсаты: Өнерге, өнер адамдарына құрмет сезімдерін ояту, сезімталдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, талдау, жинақтау, топтастыру, түртіп алу әдісі, оза оқыту, ой қозғау, мағынаны тану, кубизм, түртіп алу, Венн диаграммасы, семантикалық карта
Сабақтың көрнекілігі: Ә. Қастеев суреттері, слайд, семантикалық карта, Ш. Қалдаяқов портреті, бейнеролик, аудио жазба
Пәнаралық байланыс: музыка, бейнелеу өнері
Эпиграф: «Қазақтың кім екенін білгің келсе, Әбілханның суреттерін, Шәмшінің әндерін зертте.»
Қазақстанның Халық жазушысы Ғабит Мүсірепов

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
• Психологиялық ахуал: шеңберге тұрып, бір түсті таңдап, өздерін сондай түсті нәрсеге теңейді.
• Суреттер арқылы үш топқа бөлінеді. Топ ережесін еске түсіреді:
• Тыныштық сақтау
• Ойымызды толық айту
• Бір - бірімізді тыңдау
Белсенді қатысу
Уақытты үнемдеу

ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
• Ребус шешу (өнер)
- Балалар, өткен сабақта біздер «өнер» деген сөзді топтастырып едік қой. Ендеше, айтындаршы, қандай өнер түрлерін білеміз?
(Би өнері, бейнелеу өнері, ән өнері, күй өнері, айтыс өнері, мүсін өнері, қолөнер т. б.)
- Жақсы, балалар! Өткен сабақта қандай өнер түрімен таныстық?
- Сурет өнерімен таныстық. Сурет өнерінің майталман суретшісі Ә. Қастеев туралы оқыдық.
• «Ыстық орындық»
• Ә. Қастеевтің салған суреттерін көрсетіп, қай суреті екенін сұрау. Суреттер атауымен топтардың атын анықтау.

ІІІ Жаңа сабақ:
• Ой қозғау
- Бүгінгі сабақта өнердің бір түрі ән өнері туралы айтатын боламыз. Елімізідң ең басты, ең құрметті әні не?
- Иә, гимн. Гимннің авторлары кімдер?
- Біздің бүгінгі сабағымыз өнердің дамуына зор үлесін қосқан Қазақстан халық әртісі, ән падишасы, қазақ вальсінің королі атанған сазгер Ш. Қалдаяқов туралы болмақ.
Шәмші атамыздың жақын досы болған, соңғы жылдары бірге жүрген серіктес досы, ақын Оразбек Бодықовтың "Аққұс туралы аңыз" атты әңгімесімен танысамыз.
• Тақтаға, дәптерге күннің жадын, тақырыпты жазу.
• О. Бодықов туралы әлімет беру.
- Оразбек Бодықов 1927 жылы 29 наурызда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында туылған. Жазушы, аудармашы, драматург. Еңбек жолын республикалық жастар газетінен бастаған. Кейін «Қазақ әдебиеті», «Казахстанская правда» газеттерінде, Республикалық қуыршақ театрында, Қазақ радиосында жауапты қызметтер атқарған. Шығармаларын қазақ, орыс тілдерінде жазған. Алғашқы әңгімесі 1950 жылы «Жас аңшы» деген атпен «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналында жарияланды. Роман, повестері: «Қанат аспанда қатаяды», «Ақ құс», «Өмір жолдары», «Жұрт туралы жыр», «Шәмші Қалдаяқов».
Драмалық шығармалары: «Отырар ертең қирайды», «Қорқыт», «Жекпе - жек», «Жүрегімнен сұраңдар», «Мұқағали Мақатаевтың соңғы әні»
Аудармалары:. А. Тоқмағанбетовтың «Әке мен бала» романын орыс тіліне, В. Смирнова Ракатаның «Авиценна» романын қазақшаға аударған.

* Оқушылар, сендерге үй тапсырмасы ретінде осы мәтінге қатысты кейіпкерлер туралы деректер жинақтап келуді тапсырып едім. Мәтінді оқымас бұрын солармен танысып алайық.
* 1 - топ. Ш. Қалдаяқов туралы мәлімет
* 2 - топ. Б. Байқадамов туралы мәлімет
* 3 - топ. Л. Бетховен туралы мәлімет

• Ш. Қалдаяқов туралы бейнеролик көрсету.
• Оқулықпен жұмыс
1. Сөздік жұмысы
Тау мүлгіп - тау ұйқыға кетіп.
Көлтынып - көлтып - тыныш күйге түстіп.
Аспан егіледі - аспан жылағандай күйге түседі.
2. Мәтінді топтарға бөліп беру
3. Мәтінді оқи отыра таныс емес сөздерді түртіп отыру.
4. Әр топтан бір бала мәтін мазмұнын айтады.

Сергіту сәті: Ш. Қалдаяқовтың әнін тыңдау

ІҮ Бекіту кезеңі:
• Кубизм
- Автор Ш. Қалдаяқовтан не жайында сұрады?
- Аққұс туралы аңызды Шәмші аға кімнен естіген?
- Аққұстың әніне табиғат, адамдар қалай табынған?
- Қарақұс неліктен Аққұстың көзін жоймақшы болды?
- Аққұстың ақырғы өтініші не еді?
- Аққұс ажалдан қалай құтылды?

• Топтық жұмыс
І топ - Аққұс әні құдіретінің табиғатқа, адамға әсері.
ІІ топ – Табиғаттың ән құдіретіне табынуы.
ІІІ топ - Қарақұстың аққұс әнін тыңдағанға дейінгі, тыңдағаннан кейінгі жай - күйі.

• Әңгіме кестесі

Тақырыбы: Аққұс туралы аңыз
Авторы: Оразбек Бодықов
Кейіпкерлері: автор, Шәмші, Аққұс, Қарақұс
Несімен ұнады? Ән құдіретінің күштілігі – табиғат пен адамды бірде қуантып, бірде мұңайтып, армандарға жетелегені
Түйін өнерді бағалай білу

Ү Рефлексия:
- Аққұс қанатына бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді жазыңдар.

ҮІ Үйге тапсырма:
1 Мәтінді оқу
2. Сөзжұмбақты шешу
3. Суретпен жұмыс
ҮІІ Бағалау

Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы,
Қопа орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Айбасова Күміс Маралқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 972
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оразбек Бодықов. Аққұс туралы аңыз
Оразбек Бодықов. Аққұс туралы аңыз
Сабақтың тақырыбы: Оразбек Бодықов. Аққұс туралы аңыз
Оразбек Бодықов "Аққұс туралы аңыз"
Оразбек Бодықов "Аққұс туралы аңыз"
Атырау қаласындағы №9Ш. Уәлиханов орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Иманбаева Ақмарал
Оразбек Бодықов «Аққұс туралы аңыз»
Оразбек Бодықов «Аққұс туралы аңыз»
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Есбаганбетова Балхаш Несипбаевна
Аққұс туралы аңыз
Аққұс туралы аңыз
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «К. Бозтаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ бастауыш кластар мұғалімі Қызжанова Гүлия Каримовна
Аққус туралы аңыз
Аққус туралы аңыз
Тақырыбы: Аққус туралы аңыз
Әдебиеттік оқу, Аққұс туралы аңыз
Әдебиеттік оқу, Аққұс туралы аңыз
Пәні: Әдебиеттік оқу Тақырыбы: Аққұс туралы аңыз
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×