Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аққус туралы аңыз

06 ақпан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Аққұс туралы аңыз. (ана тілі 3 сынып)
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға тақырыптың мазмұнымен таныстыру.
Мәтіндегі негізгі ойды, идеяны меңгерту.
2. Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын, шығармашылық
ізденістерін дамыту.
3. Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, әсемдікке, сұлулыққа өз Отанын сүюге және еңбекке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: автордың суреті, Ш. Қалдаяқов, Бетховен, Байқадамов суреттері, үнтаспа Шәмші әні.
Сабақтың түрі: әңгімелеу, сұрақ - жауап
Пәнаралық байланыс: музыка, дүниетану, ана тілі
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлем достар аман ба?
Мынау бейбіт заманда.
Бізге білім үйреткен,
Ұстаздарым аман ба?
Шәкірттерін ойлайтын,
Ұстаздарым аман ба?

II. Үй тапсырмасын сұрау
1. Мәтінде қандай кейіпкерлер туралы айтылған?
2. Қ. Жандарбеков туралы қандай мағлұмат жинап келдіңдер?
3. Қ. Жандарбеков неге мұңайды?
4. Қ. Жандарбековтің көңілін кім көтерді?
5. Әміре кім?

6. Халқымыз Әмірені неге мақтан тұтады?
7. Қазіргі атақты халық әншілерінен кімдерді білесіңдер?
8. Қандай әншілер ұнайды?

III. Жаңа сабақ
1. Біз жаңа сабақты ашудан бұрын әнұранды айтамыз.
- Осы әнұранның сөзі мен әнін жазған кім?
- Сөзін жазған Н. Назарбаев, Ж. Нәжімеденов
- Әнін жазған Ш. Қалдаяқов
Олай болса бүгінгі тақырыбымыз Оразбек Бодықовтың «Аққұс туралы аңыз»
Автор Шәмші Қалдаяқовпен бетпе-бет отырып сөйлескендегі әңгімесі.

2. Автор жайлы мағлұмат беру
Оразбек Бодықов 1927жылы Қызылорда обл. Шиелі ауданында туылған. Жазушы, аудармашы, драматург. Шығармаларынан «Қанжар мен домбыра» «Дала тұтқыны» «Әл - Фараби» т. б
Мәтінді оқып, таныс емес кісі аттарын түртіп алып, астын сызып отыру.
3. Бетховен Байқадамов жайлы оқушыларға мағлұмат беру
4. Оқулықпен әрі қарай жұмыс жүргізу
5. Ш. Қалдаяқов кім?
Әнші туралы оқушыларға мағлұмат беру.

- Әншінің бойында қандай ерекше қасиет болған?
- Автор Ш. Қалдаяқовтан не жайында сұрады?
- Аққұс туралы аңызды Шәмші аға кімнен естіген?
- Аққұстың әніне табиғат, адамдар қалайша табынған?
- Қарақұс неліктен Аққұстың көзін жоймақшы болды?
- Аққұстың ақырғы өтініші не еді?
- Аққұс ажалдан қалай құтылды?
- Автор әннің құдіретін не арқылы көрсеткен?

IV. Дәптермен жұмыс
1. Мәтіннен табиғаттың Аққұс әніне табынған жерін суреттейтін тұстарды тауып дәптерлеріне жазып алу.
V. Сергіту сәті
VI. Шығармашылық жұмыс
1. Аққұс пен Қарақұсқа мінездеме беру.

Ш. Қалдаяқовтың әнін күйтабақтан тыңдау.
VII. Қорытынды
Құйрықты жұлдыз секілді,
Туды да көп тұрмады.
Көрген білген өкінді,
Мін тағар жан болмады.
Қазақ даласын әнімен тербеткен Ш. Қалдаяқовтың тағдыры мен ғұмыры осы төрт жол өлең түгелімен арналғандай. Ән өнерінде жарық жұлдыздай із қалдырған Ш. Қалдаяқовты қазақ халқының ұлттық мақтанышы сазгердің серісі.
VIII. Оқушыларды бағалау.
7 929
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аққұс туралы аңыз. Оразбек Бодықов
Аққұс туралы аңыз. Оразбек Бодықов
Оқушыларды аңызбен таныстыру. Ш. Қалдаяқовтың өмір баянымен таныстыру. Қосымша мағлұматтар беру. Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Аққұс туралы аңыз
Аққұс туралы аңыз
Оқушыларға вальстің королі атанған сазгер Шәмші Қалдаяқовтың өмірінен қысқаша түсінік беру; сазгерлік өнердің рухани құндылық екенін мәтіннің мазмұны арқылы түсіндіру
Оразбек Бодықов. Аққұс туралы аңыз
Оразбек Бодықов. Аққұс туралы аңыз
Сабақтың тақырыбы: Оразбек Бодықов. Аққұс туралы аңыз
Оразбек Бодықов "Аққұс туралы аңыз"
Оразбек Бодықов "Аққұс туралы аңыз"
Атырау қаласындағы №9Ш. Уәлиханов орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Иманбаева Ақмарал
Аққұс туралы аңыз
Аққұс туралы аңыз
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «К. Бозтаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ бастауыш кластар мұғалімі Қызжанова Гүлия Каримовна
Әдебиеттік оқу, Аққұс туралы аңыз
Әдебиеттік оқу, Аққұс туралы аңыз
Пәні: Әдебиеттік оқу Тақырыбы: Аққұс туралы аңыз
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×