Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөйлем және мәтін

10 наурыз 2017, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сөйлем және мәтін
Қазақ тілі 2 сынып
Бұл сабақ жоспары “Оқу мен оқытудағы” жаңа әдіс - тәсілдерді сондай - ақ, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту негізінде құрылған және оқушыларды жеке, жұптық, топтық жұмыстар жасай отырып, әр түрлі тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытуға, жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.

Сабақтың мақсаты:
Жалпы мақсаты: Оқушылардың мәтін туралы түсініктерін бекіте отырып, сөйлем туралы түсініктерін кеңейту. Сабақты Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен ұштастыра отырып, оқушылардың Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру. Шығармашылықпен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар мәтін туралы түсініктерін бекіте отырып, сөйлем туралы түсініктерін кеңейтеді. Сабақты Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен байланыстыра отырып, туған еліне, Отанына деген сүйіспеншіліктері артады. Әр түрлі тапсырмаларды орындай отырып, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге дағдыланады.
Ресурстар: интербелсенді тақта, смайликтер, стикерлер, видео, аудиа жазба, Қожанасырдың тапсырмасы, ойындар, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың әдіс - тәсілі: «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы, «Мозайка» әдісі, «Жұптасып – ойлан – бөліс» әдісі, «Пирамида» әдісі, «Talk Partners», «Smiley Faces» әдістері.
Жұмыс түрлері: жеке, жұптық, топтық.
Бағалау түрлері: топ басшысының бағалауы, топтарды бағалау, смайликтермен бағалау, форматаивті бағалау.
Сабақ кезеңдері:

Кіріспе
І. Ұйымдастыру. 1) Атмосфералық ынтымақтастықты қалыптастыру. Тренинг «Орныңды жылдам ауыстыр»

2минут
2) Топқа бөлу. «Мозайка» әдісі арқылы 3 топқа бөлінеді. 1 минут
Жасырынған суретпен жұмыс. Балалар қима қағаздарыңның астында қандай суреттер жасырынған екен? 1 - топ «Бәйтерек», 2 - топ «Ханшатыр», 3 - топ “Думан” ойын - сауық кешені.
3) «Жұптасып – ойлан – бөліс» әдісі арқылы әр қима қағаздағы сурет бойынша оқушылар ойланып әр қайсысы жеке сөйлем жазады, оқушылар топта ақылдасып өздерінің ең үздік деген сөйлемдерін біріктіреді. Одан топтар бірігіп, сыныппен бөліседі. Тақырып қояды.
Оқушылар жұмысында «Астана» мәтіні құрастырды. Жетекші сұрақтар өрбітіп, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен байланыстырдық.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» видеоролигін көрсеттім. 7 минут

II. «Ой қозғау» 2 минут
- Балалар қалай ойлайсыңдар біздің құраған мәтіндеріміз неден құралды?
- Сөйлемнен.
- Өткен сабақта не өтіп едік?
- Мәтін.
– Өте дұрыс.
Ендеше бүгінгі өтетін сабағымыз тақырыбы: «Сөйлем және мәтін»
Балалар дәптерлерін ашып, бүгінгі күннің жадысын, сабақтың тақырыбын жазады. Көркем жазу. Сс, ММ дыбыстары

III. Өткен сабақты пысықтау. 3 минут
«Қожанасырдың сиқырлы қоржыны» арқылы балалардан мәтін туралы білімдерін тексеремін. (Қоржында сендерге жіберген Қожанасырдың тапсырмалары бар екен. Қоржындағы сандарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.

- Мәтін дегеніміз не?
- Мәтіннің неше түрі бар?
- Әңгімелеу мәтіні дегеніміз не?
- Сипаттау мәтіні дегеніміз не?
- Пайымдау мәтіні дегеніміз не?
- Мәтін неден құралады?
- Мәтіндегі сөйлемдер қалай жазылады?
- Мәтінге не қоюға болады?
- Мәтіннің бөліктері қалай жазылады?

IV. Мағынаны тану. «Тіл» туралы аудио жазбаны тыңдау. 1 минут
- Балалар мұқият тыңдайды, тыңдағандарынан есте сақтағандарын 1 - 2 сөйлем және мақалды жазады. Жазғандарын оқыту.
- Балалар біз не туралы жаздық?
- Біз естігенімізді, ойымызда қалғанын жаздық.
- Дұрыс.
- Не арқылы жаздық?
- Сөз, сөйлем арқылы жаздық.
Ендеше «Мен айтам, сен жалғастыр!» ойыны арқылы сөйлемге тоқталу. (Әр оқушыны смайликтер жинау арқылы бағалау) 5 минут
- Сөйлем бас.......... (Сөйлем бас әріппен басталып жазылады.)
– Сөйлем....... (Сөйлем сөзден құралады.)
- Сөйлемдегі сөздер....... (Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады.)
Сөйлем соңына....... (Сөйлем соңына нүкте қойылады.)
Сөйлемнен....... (Сөйлемнен мәтін құралады.)
Сөйлем тиянақты....... (Сөйлем тиянақты ойды білдіреді.)

V. Сергіту сәті. Видео «Қыдырып қайтайық» 1 минут

VI. Оқулықпен жұмыс. 7 минут
Оқулықтың 75 - беті.
2 - жаттығу. Оқы. Сөздер тобының қайсысы сөйлем бола алады?
1 - қатарын 1 - топ, 2 - қатарын 2 - топ, 3 - қатарын 3 - топ оқып, дәлелдеп өз жауаптарын айтады.
76 - беті 4 - жаттығу.

VII. Деңгейлік тапсырмалар 10 минут
1 - деңгей а) Тізбекті жалғастыр.
Әріп – буын – сөз -.....
ә) «Асық» сөзін қатыстырып сөйлем құрап жаз.
2 - деңгей. «Пирамида» әдісі арқылы
«Қар» сөзінен сөз тіркесін, сөйлем, мәтін құрастыр.

3 - деңгей. Орны ауысқан сөйлемдердің ретін белгілеу арқылы мәтін құрастыру, тақырып қою.
Құмырсқа дәнді көтеріп алып кету үшін көп әуреленді.
Құмырсқа зыр жүгіріп жүр еді.
Ақыры дәнді илеуіне жеткізді.
Жолдан үп - үлкен дәнді көрді.
Дән арқасынан сырғанап түсе берді.
Оны арқалай бастады.

VIII. Үйге тапсырма. 78 - бет 5 - жаттығу 1 минут

IX. Рефлекция. 5 минут
Сабақ ұнады ма?
Не нәрсе оңай болды?
Не нәрсе қиын болды?
Не түсініксіз болды?
Стикерлер жапсырады.
Барлығы түсінікті
Түсінген жоқпын
Жартылай түсінікті

Ақмола облысы, Зеренді ауданы
Викторовка ауылы, КММ «Викторовка орта мектебінің»
бастауыш сынып мұғалімі Мейрхан Алмагул
4 283
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ана құшағында Ғ. Мүсірепов
Ана құшағында Ғ. Мүсірепов
Ана туралы түсініктерін кеңейту, сүйіспеншіліктерін ояту. Романнан үзіндіні түсініп оқу дағдылары қалыптасады.
Ардақты ана Ә. Дүйсенбиев
Ардақты ана Ә. Дүйсенбиев
Ана туралы түсініктерін кеңейту, сүйіспеншіліктерін ояту. Өлеңнен мәнерлеп оқу дағдылары қалыптасады.
Зат есім
Зат есім
Сөйлем ішінен зат есімді ажырата білуге үйрете отырып, топпен жұмыс жасай білуге, пікірлесуге, ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жаңа замандағы Қазақстан тарихы. Ежелгі Қазақстан тарихы
Жаңа замандағы Қазақстан тарихы. Ежелгі Қазақстан тарихы
Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен байланыстырып, шығармашылық тапсырмаларды орындату арқылы өткен тақырыптар бойынша білімдерін нақтылау, сыни ойлау дағдыларын дамыту
Мәтін туралы қосымша түсінік
Мәтін туралы қосымша түсінік
Сабақ мақсаты: Оқушылардың мәтіндегі негізгі ой мен тақырып туралы түсініктерін жазбаша жұмыстар арқылы бекіту.
Хабарлы сөйлем
Хабарлы сөйлем
Жалпы мақсаты Хабарлы сөйлем туралы түсініктерін нақтылап, білімдерін арттыру. Күтілетін нәтижелер Сөйлем түрлерін ажырата алады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×