Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?

12 сәуір 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?
Сабақтың мақсаты: 1. 7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту.
1. 8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту
1. 9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Күтілетін нәтиже: Сөзді сөйлемнен ажырата алады. 2. Жаңа сөздермен сөйлем құрастыра алады 3. Есте сақтау қабілеті артады. 4. Дұрыс сұрақ қою дағдысы қалыптасады.
Оқытуда
қолданыла
тын модул: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы;
Ақпараттық коммуникативті технологияны қолдану.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру, меңгерту
Сабақтың әдісі: СТО әдісі. «Ой қозғау» стратегиясы,. «Ойлан - жұптас - бөліс» стратегиясы.. «Топтық жұмыстағы ролдік бақылау»«Пирамида» әдісі стратегиясы.. П Сергіту сәті
Көрнекілі - гі: Оқулық, моноблок, маркер т. б
Сабақ кезеңдері:
Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Шаттық шеңберінде мадақтау сөздер арқылы танысу.
Шеңбер болып тұрайық
Алақанды ашайық,
Күннің жылуын алайық.
Таза ауаны жұтайық,
Жүрекке жылу салайық.
Жиналған жылы шуақты.
Қонақтарға сыйлайық.
- Сәлеметсіздер ме? Оқышылар топтарға бөлінеді, топ. мүшелері өз міндеттері - мен бөліседі, басшысын сайлайды
Білу
«Миға шабуыл» әдісі. - Сауат оқу іс - әрекетінде не үйрендік, не білдік?
- Дыбыс дегеніміз не?
- Дыбыс нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыс дегеніміз не?
- Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?
- Сөз дегеніміз не?
- Сөзден не құралады?
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлем нешеге бөлінеді?
- Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
- Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
- Лепті сөйлем дегеніміз не?
- Әріп мен дыбыстан не құралады?
- Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді Сұрақтарға жауап беруге тырысады.
Өз ойларын айтады.

Түсіну «Ой қозғау» стратегиясы
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (қыс) Олай болса, бейнетаспаны көрейік.
- Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі тақырып қандай?
- Дұрыс айтасыңдар. Олай болса, оқулықпен жұмыс.
1 - тапсырманы тізбектеп оқу.
-- Балалар, айтыңдаршы, қазір жылдың қай мезгілі?
- Балалар бір жылда неше жыл мезгілі бар?
- Бір жылда неше ай бар?
- Бір жылда неше күн бар?
- Бір айда неше күн бар?
– Құстар қай мезгілде жылы жаққа ұшып кетеді?
– Қар қай кезде жауады?
– Қар қай кезде ериді?
- Қыста қандай кереметтер болады екен?
- Қыста ауа райында қандай өзгерістер болады?
- Қыс айлары жайлы біз не білеміз?
- Қыс қандай болады екен? - Қыста аулада қай құсты кездестіруге болады? - Яғни, мұның барлығы қай кезде болады?
- Сонымен бүгінгі сабақта біз не туралы айтамыз деп ойлайсыздар? Жаңа сөздермен танысу.
Үш тілде айту.
Қыс. Қар. Аққала. Шана. Шаңғы сөздердің суретін көрсету.
Ал енді балалар, қазір топпен жұмыс «Ойлан, жұптас, бөліс»стратегиясы арқылы.
І топ «Қыс» сөзіне кластер құрады.
ІІ ТОП «Қар» сөзіне әр түрлі буын қосу арқылы екі буындық сөздер тауып жазу.
ІІІ топ «Қарлығаш»- сөзіндегі әріптерді пайдаланып, жаңа сөздерді тауып жазу.
І V топ. Орны ауысқан сөздерден сөйлемдерді құрастыр, тиісті тыныс белгілерін қой.
1) Балалар киініп жүр қалай?
2) қар Алақай, жауды!
3) Жауды қар қалың
Сергіту сәтін жүргіземін. /оқушылар би қимыл / Әр топ топпен бірлеседі,
Ақылдасады, кеңеседі..
Оқушылар өздеріне
берілген сұрақтарға өмірмен байланыстыра отырып жауап береді.
Қолдану: І - ТОП. «Т» КЕСТЕСІ
- Балалар сендер қалай ойлайсыңдар қыс жақсы ма, жаман ба?
ІІ - ТОП - Сырғанақты қалай жасайды? Әңгімеле.
ІІІ - ТОП. «Сөйлемді аяқта»
1. Қырау басқан ……(әйнек, ағаштар)
2. Балалар аққала…..(Жасады, жасап ойнады)
3. Қар жапалақтап …….(Жауып тұр, жауады)
І V топ Берілген жауаптардың сұрағын болжа. - Қыс мезгіліне байланысты диалог құру. Оқушылар берілген тапсырманы орындайды.
Талдау «Пирамида» әдісі
І - ТОП. «Қыс»
ІІ - ТОП «Қар»
ІІІ - ТОП «Аққала»
І V ТОП «Сырғанақ» Топпен орындайды.
Ойлап табады.
Ойын түйіндейді.
Жинақтау «Үш қадамды сұхбат» Сұхбат құру.
- Сізге «Қыс» жыл мезгілі ұнайды ма?
- Иә, ұнайды.
- Несімен ұнайды?
- Қысқы табиғат ұнайды ма?
- Иә, қыста орманда жүрген қандай тамаша!
Мұғалімнің қорытындылау сөзі.
- Балалар қар дегеніміз не екен?
- 1. Қар дегеніміз – өте көп әдемі қар түйіршіктерінен тұрады. Олар жоғарыдан, аспаннан жерге, ағаштарға, шатырларға жауады. Жаңа жауған қар таза, мамық, жұмсақ, жылтырайды. Қар жаңбыр сияқты бұлттан жауады.
2. Қар – табиғаттың әсем жаратылысы, қар түйіршіктерінің мыңдаған формаларын бар.
3. Даладағы жер ақ көрпе жамылғандай. Қар аяздан өсімдіктерді қорғайды жердің жылуын сақтап өсімдіктерді үсуден сақтайды. Топтық талқыға салады, ойланады.
Өзгелерді тыңдайды
Бағалау Сабақтан алған әсері туралы пікірін стикерге жазып, «Ізгілік ағашына» жапсыруды тапсыру
- Бүгінгі жасаған жұмыстарың, алған білімдерің өмірде қажет пе?
- Топпен жұмыс жасаған ұнады ма?

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы,
Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Байдешова Фарида Нышымовна

Толық нұсқасын жүктеу
3 220
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ас - адамның арқауы. Дыбыстар мен әріптер
Ас - адамның арқауы. Дыбыстар мен әріптер
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту.
Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі
Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі туралы білімді меңгереді.
Табиғатқа саяхат. Ө дыбысы мен әрпі
Табиғатқа саяхат. Ө дыбысы мен әрпі
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Кел, танысайық! Осы менің туған елім! Сөйлем
Кел, танысайық! Осы менің туған елім! Сөйлем
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Бізді қоршаған әлем. Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі
Бізді қоршаған әлем. Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі
Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Әңгіме оқимын. Сөйлем.
Әңгіме оқимын. Сөйлем.
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×