Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


7-ге көбейту және бөлу кестесі

19 желтоқсан 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ақтөбе облысы,
Әйтеке би ауданы, М. Жұмабаев атындағы орта мектептің
бастауыш класс мұғалімі Турсынбекова Халида Хамитовна


Математика 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: 7-ге көбейту және бөлу кестесі.

Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: 7-ге көбейту және бөлу тәсілімен оқушыларды таныстыру. 7-ге бөлу, кеміту, есе арттыру, есе кемітуге арналған есептер шығару. 7 саны туралы ұғым беру.
Дамытушылық: Жаңа сабақтың мәнін аша отырып, есептерді, теңдеулерді шешуде есептеу дағдыларын жетілдіруге, көбейту және бөлу амалдары бар есептерді шығару арқылы біліктілігін, дамытушылық ойын қалыптастыру. 7-ге көбейту және бөлу кестесін слайдтар арқылы баланың ой - өрісін, есте сақтау қабілетін, өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік: Сабақ үстіндегі әрекеттерді орындай отырып, ұқыптылық пен әдептілікке тәрбиелеу, ұйымшыл болуға, ата дәстүрді қастерлеуге баулу. Жаңа білімді меңгере білуге, әдептілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа, тәртіпті болуға тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, ойын, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, ойын элементтері, үлестірмелі қағаз
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану.

Сабақтың құрылымы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Психологиялық дайындық
III. Үй жұмысын тексеру.
IV. Үй жұмысын бекіту. «Кім зерек? » ойыны
V. Жаңа сабақты хабарлау
VI. Көркем жазу минуты
VII. Оқулықпен жұмыс
VIII. Тақтамен жұмыс. Дәптермен жұмыс
IX. Кеспемен жұмыс
X. Сергіту сәті.
XI. Шығармашылық тапсырма
XII. Логикалық тапсырмалар
XIII. Сабақты қорытындылау
XIV. Үйге тапсырма беру.
XV. Бағалау.
Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен сәлемдесу. Құрал – жабдықтарын дайындатып, назарларын сабаққа аударту.Топқа бөлу.
♦ ‟Кішкентай зияткер” тобы
♦ ‟Ақбота ” тобы
ІІ. Психологиялық дайындық
Сонау-сонау алысқа,
Жүзсін десең кемелер
Тылсым сырлы ғарышқа,
Ұшсын десең денелер;
Жасау үшін бәрін де
Математика-
Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да
Сол ғылымның тілін біл!

ІІІ. Үй жұмысын тексеру.
ІV. Үй жұмысын бекіту. «Кім зерек? » ойыны
V. Жаңа сабақты хабарлау
7-ге көбейту және бөлу кестесі
Балалар, бүгін санды 7-ге көбейту, бөлу жағдайларын қарастырамыз.Сабағымыздың ұраны Саққұлақ бидің мына нақыл сөздері болмақ:
Балалар, бүгін санды 7-ге көбейту және бөлу жағдайларын қарастырамыз. Сабағымыздың ұраны Саққұлақ бидің мына нақыл сөздері болмақ:
Адамның басшысы - ақыл,
Жетекшісі – талап,
Жолаушысы – ой,
Жолдасы – кәсіп,
Қорғаны - сабыр,
Қорғаушысы – мінез,
Сынаушысы - халық.
Осы 7 нәрсені жадымызда сақтайық. Істі ақылмен істеп, талаптанып, ой елегінен өткізіп, бір кәсіппен тұрақты айналысып, сабырлы болсақ, мінезіңе ие бола білсең, міне артыңда сынаушың – халқың отыр. Атам қазақ 7 санын – киелі сан деп атайды. 7 санына байланысты ұғымдар аз емес. Қане, ойланайықшы, өздерің не айта алар едіңдер?

VІ. Көркем жазу минуты
369саны (Оқушылар дәптерге әдемі етіп салады)
VІІ. Оқулықпен жұмыс

VІІІ. Тақтамен жұмыс. Дәптермен жұмыс
№6
а) белгісіз санды 253-ке арттырғанда, 609 шығады;
ә) 63-ті белгісіз санға бөлгенде, 9 шығады;
х+253=609
63:х=9
х=609-253
х = 63:9
х=356 х=7
356+253=609
63:7=9
609=609 9 = 9
№8
1) 35өрік пен 49шие 7тәрелкеге тең бөлініп салынды. Бір тәрелкедегі өріктер шиелерден қанша кем?
2) 7банкаға 3килограмнан және 6 банкаға 2килограмнан тосап құйылды. Барлығы неше килограмм тосап дайындалды?
№10
8: 7=1(қалд.1) -------------- 9: 7=1(қалд.2)
10: 7=1(қалд.3) ------------ 11: 7=1(қалд.4)
12: 7=1(қалд.5) ------------ 13: 7=1(қалд.6)
15: 7=2(қалд.1) ------------ 16: 7=2(қалд.2)
17: 7=2(қалд.3) ------------ 18: 7=2(қалд.4)
19: 7=2(қалд.5) ------------- 20: 7=2(қалд.6)
ІХ. Кеспемен жұмыс

Х. Сергіту сәті.
♦ «Сиқырлы әлем» ойыны;
♦ «Нысанаға тигіз» ойыны;
ХІ.Шығармашылық тапсырма
8: 2=4см2
8: 2+1=5см2
ХІІ.Логикалық тапсырмалар
1.Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр?
2.Таразы табақшасына 2 аяғымен тұрғанда тырна 2 кг болды. Бір аяғымен тұрса, онда оның массасы қандай болады?
3.Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты.Неше тәулік боран соқты?
4.Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда оған 3 танысы қарсы келді. Қанша адам қалаға барды?

ХІІІ. Сабақты қорытындылау
♦ «Бүлдіргенді тәрелкеге орналастыр» ойыны
♦ «Қоянға көмектесейік»ойыны

ХІV. Үйге тапсырма беру.
ХV. Бағалау.
Фишка санына қарай бағалау
- Сау болыңыздар!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 048
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
234 *2, 468: 2 түріндегі көбейту және бөлу
234 *2, 468: 2 түріндегі көбейту және бөлу
Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу туралы білімдерін қалыптастыру. 3 - 4 амалмен орындалатын құрама есептерді шығаруға үйрету.
Санды 2 - ге көбейту және бөлу кестесі
Санды 2 - ге көбейту және бөлу кестесі
2 - ге көбейту кестесін құрастыруды түсіндіру, көбейту кестесін дұрыс пайдалана білуін пысықтау; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; жауапкершілікке тәрбиелеу.
Санды 9 - ға көбейту кестесі
Санды 9 - ға көбейту кестесі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Алтынсарин атындағы №204 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Кеулімжай Мира
Екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу
Екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылы бастауыш сынып мұғалімі Тоғай Алмагүл Молжігітқызы
5-ке көбейту және бөлу
5-ке көбейту және бөлу
Қостанай облысы, Рудный қаласы "№15 орта мектебі" ММ Қарымсақова Жаңыл Серікбайқызы
6 - ға көбейту және бөлу
6 - ға көбейту және бөлу
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №32 Жалпы орта мектеп - гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Кужакова Ляззат Кужабаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×