Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бөлімді қайталау. Өзіңді тексер

12 қыркүйек 2017, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Бөлімді қайталау. Өзіңді тексер.

35 сабақ
Әдебиеттік оқу
Сабақтың мақсаты: а\ Тарау бойынша алған білімдерін қорытындылау.
ә\ Ойын, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, қыс мезгіліндегі табиғат ерекшеліктерін сүйе білуге тәрбиелеу.
б\ Көктем көрінісін ерекше табиғи көрініске деген қызығушылықтарын дамыту.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, салауаттану.
Әдісі: сұрақ - жауап.
Түрі: аралас.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сабаққа деген ынтасын арттыру.
«Бүгінгі табиғат»терезеден қарап отырып қысқы көріністі суреттеу.

ІІ. Жаңа сабаққа дайындық.
«Аязды таң»өлеңін жатқа оқу.
Аспанның сүті - ақ қары Шашқандай түнде күміс
Ұнтақ боп зулайды алдан. Аспан, жер екі арасы.
Ағаштың бұтақтары Сияқты бұл көрініс
Сым – тікен аумай қалған. Аяздың шекарасы.
Сергіту сәттері. Дидактикалық ойын «Дәл сондай жемісті тап» (формасы, түсі бойынша).

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. С. Сейфуллиннің «Қызыл шұнақ» өлеңіндегі етістіктерді теріп жаз. Бұл сөздерді оқығанда, қыс туралы қандай сезімде болғаныңды қысқаша жаз.
2. Абайдың «Қыс»өлеңінен «кәрі құда қыстың»портретін тауып жаз.
3. Қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен жастар кімдер?
Ақын М. Шаханов өлеңі неліктен «Желтоқсан тағылымы»деп аталған?
4. Мына сөздерге қарама - қарсы сөздер жаз:
егеменді -...
ерікті -....
бейбітшілік -.....
5. Қыс көлігі:
а) шана
ә) арба
б) велосипед
6. Дұрыс па, бұрыс па? Дәлелде.
а) Кекілік бозторғайға көмектеседі.
ә) Бозторғай кекілікке көмектеседі.
7. «Биылғы қыс былтырғы қысқа қарағанда..»деп басталатын «Есімде»деген қысқаша эссе жаз.

IV. Сабақты бекіту.
1.«Қыс бейнесі»бөлімінде қандай шығармалармен таныстық?
2.«Қызыл шұнақ»өлеңінің авторы кім?
3. Қыс - қысаң,
Жаз - жазық. Мақалының мағынасын түсіндір.

V. Үйге тапсырма.
«Қыс көрінісі» тақырыбына шығарма жазу. VI. Бағалау.
1 882
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дуадақ
Дуадақ
Мәтінді түсініп оқып, құстардың тіршілігі туралы түсінік беру. Құстарға қамқор болуға, табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу. Құстардың тіршілігіне деген қызығушылықтарын дамыту.
Көшер кезде
Көшер кезде
Ойын, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, көктем мезгіліндегі табиғат ерекшеліктерін сүйе білуге тәрбиелеу. Көктем келбетіне, көктемгі ерекше табиғи көрінісіне деген қызығушылықтарын дамыту.
Бөлімді қайталау. Өзіңді тексер
Бөлімді қайталау. Өзіңді тексер
Тарау бойынша алған білімдерін қорытындылау. Ойын, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, көктем мезгіліндегі табиғат ерекшеліктерін сүйе білуге тәрбиелеу.
Өзіңді тексер!
Өзіңді тексер!
Өтілген материалдарды қайталай отырып, өз ойларын қорытындылай білуге үйрету. Білім алуға, алған білімдерін ұштастыра білуге тәрбиелеу
Әдебиеттік оқу бойынша сабақтың жоспары 3 сынып
Әдебиеттік оқу бойынша сабақтың жоспары 3 сынып
3 сыныптың Әдебиеттік оқу бойынша сабақтың жоспары Сабақтың тақырыбы: Не үшін?
Өзіңді-өзің тексер
Өзіңді-өзің тексер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы № 100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қиятбаева Дана Дүйсенқызы Өзіңді-өзің тексер Тоқсан бойына алған білімдерін қайталап,пысықтап өзін-өзі тексере білуге үйрету. Есте сақтау қабілетін арттыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×