Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ең жақын адамдар

04 қазан 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ең жақын адамдар
Қазақ тілі 6 - сынып
Мақсаты:
Білімділік: Отбасы туралы түсініктерін кенейте келе, адамды сипаттап бере алу. Өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрену. Тәуелдік жалғауды орынды қолдана алу.
Дамытушылық: Қисынды ойлау қабілетін, шығармашылық әрекетін дамыту. Сөздік қорын байытып, сөйлемді дұрыс құрастыра білу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіну. Бауырмалдық қатынасты үлгі тұту.
Түрі: Бекіту сабағы.
Әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, «миға шабуыл» стратегиясы, топпен жұмыс, жекелей жұмыс, қисынды ойлау стратегиясы, постер құрастыру,
Көрнекілігі: Мақал - мәтелдер, суреттер, электрондық оқулық, ән жинағы, флипчарт, бейнебаян.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Күн шуағын алақанға саламын,
Жүрегіме басып, ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан – жағым.
- Балалар, күн шуағы болған жолақшаларға, бір-біріңізге тілектеріңізді жазыңдар. (шуақтарды күн бейнесінің айналасына апарып жапсырады)

ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
«Миға шабуыл».
А) Берілген мақал – мәтелдерді оқып, мағынасын ашу.
«Аға - ініге ұстаз,
Әпке - сіңліге ұстаз.».
«Әке — асқар тау»
«Ағайын — алтау,
Ана — біреу»
«Ата - әжелер сөзі — ақылдың көзі»
- Осы мақал - мәтелдердің тақырыбын бір сөзбен қалай атауға болады?
- Дұрыс, туған – туыс, ағайын, ең жақын адамдар.
- Бүгінгі сабақта, бізге ең жақын адамдар туралы әңгімелеп, сөйлемдер құрастырамыз. Тақырып бойынша сөздерді есімізге түсіріп сауатты жазып қолдануға үйренеміз.
Б) Топ лидерлеріне бағалау парағын таратып, түсіндіру.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Менің ата - анам» тақырыбына шағын эссе жазу.

ІV.
«Ата – ана» бейнебаянын тамашалау.
…Сондықтан бір күні олар қартайғанда, сендер не істеу керексіңдер?

V. Тапсырма.
- Ата - анамыз, әке – шешемізден басқа бізге тағы кімдер ең жақын болып табылады?
- Алдарыңдағы сөздерге назар аударыңдар.
Топтардың алдарындағы сөздер: бойы, шашы, көзі, мұрны, денесі, мінезі, тәлім - тәрбиесі.
- Осы сөздерге байланысты, қандай деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді табу.(әр оқушы 2 сөзден бөліп алады)
Мысалы:
Бойы: бойшаң, ұзынтұра, тапал, сұңғақ бойлы.
Мұрны: пұшық, пісте, қошқар тұмсық.
Бет – келбеті: терең әжімі бар, т. с. с.

VI. Флипчартпен жұмыс.
Әр топ бір сөзден таңдап алады ( аға, әпке, әке, әже, ана, іні, сіңлі, қарындас, )
Берілген критерийлер бойынша адамды суреттеу. (бір оқушы постерлерін шығып қорғайды) (критерий бойынша постерлерін бағалау.)
Критерий: бойы, шашы, көзі, мұрны, денесі, мінезі, тәлім - тәрбиесі.

VIІ. 6 - тапсырма.
Өлеңді оқып, тәуелденіп барып септеліп тұрған сөзден сөйлемдер құрастыру.
Ең жақын адамдар –
Әкем мен анам бар.
Әкемнің әкесі –
Ақ басты Атам бар.
Әкемнің шешесі –
Ақ шашты Әжем бар.

Ұлдардың үлкені –
Бір туған ағам бар,
Қыздардың үлкені –
Бір туған әпкем бар.

Ұлдардың кішісі -
Бір туған інім бар,
Қыздардың кішісі -
Бір туған қарындас
Әпкеге – сіңілі бар.
(А. Сағатова)
Мысалы: Әкемнің әкесі маған ата болады.
Әкемнің қызы менің әпкем.

VIІІ. Қорытынды:
Санамақ айту
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел санайық екеуміз
Бас бармағым – атам,
Балан үйрек – апам,
Ортан терек - әкем,
Шылдыр шүмек – анам,
Кішкентай бөбек – мен.
Біз үйде нешеуміз
Біз үйде бесеуміз
- Балалар, бүгінгі сабақта ең жақын адамдар жайында көп әңгімеледік. Ал енді біздің мектепте сендерге ең жақын адам кім деп есептейсіңдер?
- Әрине, сынып жетекшілерін.

Үйге тапсырма: Өз сынып жетекшілерін жайында шағын эссе жазып келу.
Бағалау. Үй тапсырмасы, топтағы жұмыстары бойынша формативті бағалануы арқылы, суммативті бағалау.
Рефлексия:

Ең жақын адамдар жүктеу
5 025
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бала – адамның бауыр еті
Бала – адамның бауыр еті
Баланың өмірінде ата - ананың алатын орны ерекше екенін ұғындыру, отбасы мүшелерінің сыйластығын үлгі тұтып, ата өсиетін, әке ақылын санаға сіңіріп, өз өміріне тағылым етуге баулу.
Келер шақ
Келер шақ
Оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге одан әрі дағдыландыру, өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға үйрету.
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту туралы түсінік беру, білімін жүйелеу; есеп шығару, есептеу дағдысын қалыптастыру; салыстырып, талдай білуге баулу.
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Міржақып Дулатов "Наурыз"
Міржақып Дулатов "Наурыз"
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Бейнеу селосы, Абай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нурмухаммедова Карлыга
Отбасым - күншуағым
Отбасым - күншуағым
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, "№14 орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі - Жанаеа Болған Губайдуллақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×