Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отбасым - күншуағым

09 қыркүйек 2016, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Отбасым – күншуағым
Мақсаты:
1. Ата - анаға деген құрмет, сыйластық деген ұғымдарды балалардың санасына жеткізіп, қалыптастыру. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.
2. Халқымыздың тәлім - тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін ұғындыру, өзіндік ұлттық қасиетімізді балалардың бойына дарыту. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге, өз ойларын тұжырымдап, дәлелді сөйлей білуге үйрету.
3. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, суреттер, буклеттер, нақыл сөздер.

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Мұғалімнің өзін таныстыруы.
2. Топқа бөліну: "Мейірім", "Тал бесік", "Шапағат"

ІІ. Психологиялық дайындық.
- Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай аламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІІ. Қызығушылықты ояту. Ребус шешу.
- Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы бәрімізге таныс әрі ыстық - "Отбасым - күншуағым"деп аталады.
Сұрақ: - Отбасы деген не? - Отбасы мүшелері деп кімдерді айтамыз?

ІҮ. Негізгі бөлім.
1) Бейнефильм көрсету.
- Бейне көрсетілімге назар аударып, мұқият тыңдайық.
Сұрақ:
- Бейнефильмде не айтылды? (Оқушылар жауабы)
- Отбасы тату болу үшін ең бастысы сыйластық, бір - біріне деген құрмет болу керек екен. Ата - ананың, аға - әпкеміздің ақылын тыңдап, кішіге қамқор болуымыз керек.

2) "Ұлылардан қалған ұлы сөздер"
Жанұяда әке мен ананың орны ерекше. Бұл туралы өмірде талай дана, талай ақын - жазушыларымыз айтып өткен болатын. Ендеше, "Ұлылардан қалған ұлы сөздерге" құлақ түрейік.
1 - оқушы. Мұхаммед Пайғамбар:
"Әуелі анаңды сыйла, сосын анаңды сыйла және тағы да анаңды сыйла!"
2 - оқушы. Кемал Кеніш:
"Үйіміздің шуақты нұры аяулы ана болса, асқар тауы, ақылшы тірегі - әке, өзіңсің"
3 - оқушы. Дулат Бабатайұлы:
"Ата - ана ақылы - қазылған қара кенмен тең"
4 - оқушы. Махмұд Қашқари:
" Атасынан ақыл алса - тентек ұл да жөнделер"
5 - оқушы. Ғабиден Мұстафин:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 709
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ата көрген оқ жонар
Ата көрген оқ жонар
Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ата - анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата - ана бірлігін нығайту.
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата - ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы
Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту
Ардақта ата - анаңды!
Ардақта ата - анаңды!
Бала бойына сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату, ата - анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыз болуға тәрбиелеу; Халқымыздың тәлім - тәрбиесінің ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін, өзіндік ұлттық қасиетімізді
Бастауыш сынып сабақ топтамасы
Бастауыш сынып сабақ топтамасы
Бастауыш сынып сабақтар топтамасы назарларыңызға ұсынып отырмыз. Сәттілік тілейміз.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×