Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алғыс

21 қазан 2017, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: «Алғыс»
Мақсаты: «Алғыс» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу. Алғыс айту туралы түсініктерін кеңейту. М. Төрежановтың «Алғыс» әңгімесін кейіптендіру. Әңгіменің мазмұнын аша отырып, диалог сөздерді мәніне келтіре айта білуге дағдыландыру. Әдепті болуға, үлкен - кішіге ізет, қамқор болуға тәрбиелеу.
Міндеті:
1.«Алғыс» сөзінің мән - мағынасын айыра білуге үйрету.
2. Жыл мезгілдерінің ішінде күз айларының өмірде орны ерекше екенін ұғындыру.
Күтілетін нәтиже:
1. Мәтінді түсініп оқып, рөлге бөліп айта алады.
2. Күз байлық, күз молшылық, күз жомарт екенін біле алады.
Не арқылы бағаланады:
1. Мәнерлеп оқу және жатқа айту
2. РАФТ кестесі, өзара оқыту, сұраққа нақты дұрыс жауап беру.
Әдіс - тәсілі:
Сұрақ - жауап, РАФТ кестесі, көрнекілік немесе тірек символдары, өзара оқыту, өзін - өзі бағалау.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, техникалық құрал

Сабақтың барысы:
І. Қызығушылығын ояту
а) Психологиялық дайындық
Балалар ортаға шығып, бірін - бірі құшақтайды
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырасын даламыз,
Жақсы оқитын баламыз
Қайырлы таң достарым!
ә) Үйге берілген тапсырма
Т. Жароковтың «Күз» өлеңін мәнерлеп оқу, «Мұғалім» өлеңін жатқа айту. Әр топтан сұрау.
б) Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары:
1. Күзде жапырақтар неге түседі?
2. Шәкірт ұстазына қандай уәде берді?
3. Тақырып дегеніміз не, шығарманың идеясы дегеніміз не?

ІІ Мағынаны тану
в) Көрнекілік немесе тірек символы
Осы суреттер арқылы 3 - 4 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыру.
Жұмбақ
Аласа тал,
Тамаша тал
Самсап тұр алмасы.
Ол алқызыл,
Ол қан қызыл
Боялғанша алмашы!
(Қызанақ)
г) Өзара оқыту стратегиясы Бала мәтінді өзі оқиды. Мұғалім толықтыру үшін қосымша сұрақ береді.
ғ) Сергіту сәті «Сөйлем құра» ойыны. Мақсаты: Заттарды өзара тез байланыстыру.
1. Теледидар, тышқан, тау.
2. Боран, кітап, трактор.
3. Керік, арқан, күшік.
4. Сарай, қоңыз, таңертең.
д) Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары:
1. Қасым мен Хасен кімдерге алғыс айтты? Не үшін?
2. Нағыз алғыс иесі кім? Неліктен?
3. Анасы балаларға қандай ақыл айтты?
4. Күз мезгілі несімен ұнайды?
5. Күзде болатын тұрмыстық, кәсіптік мерекелерді ата.

ІІІ Ой толғаныс
РАФТ. 10минуттық эссе жаздыру.
Дәйек сөз: «Егер еңбегіңе жұрт алғыс айтып, сүйсінер болса, еңбегіңнің бағаланғаны»

ІV Өзін - өзі бағалау
V Үйге тапсырма
1. Мәтінді рөлге бөліп оқу.
2. Еңбек туралы мақал - мәтел жазып келу

Алғыс жүктеу
3 645
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өмірге риза болып, алғыс айт! тренинг
Өмірге риза болып, алғыс айт! тренинг
Ата - аналармен еркін қарым - қатынас жасай отырып, «алғыс айту», «ризашылық білдіру» ұғымдарының мәні мен маңызының тікелей адамға немесе айнала қоршаған ортаға тигізетін әсерін ұғындыру. Басқа адамдармен түсінісуге дағдыландыру.
1 - наурыз «Алғыс айту күні» Өмірге риза болып, алғыс айт
1 - наурыз «Алғыс айту күні» Өмірге риза болып, алғыс айт
Оқушылардың «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
1 - наурыз - алғыс айту күні
1 - наурыз - алғыс айту күні
1 - наурыз - алғыс айту күні еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың жарлығымен жарияланғанын және алғыс кімге, не үшін айтылатынын айқындау мақсатын көздеді.
Салалас құрмалас сөйлем /Алғыс айту - ризашылық белгісі/
Салалас құрмалас сөйлем /Алғыс айту - ризашылық белгісі/
Оқушыларға тақырыпты меңгерту, оқушылардың өзіндік ізденістерін қалыптастыру, ізденімпаздық пен ұшқырлыққа жетелеу. Жаңа әдіс - тәсілдерді сабақта тиімді қолдану арқылы терең ойлы, зерделі де зейінді жеке тұлғаны қалыптастыру.
М. Төрежанов «Алғыс»
М. Төрежанов «Алғыс»
Әдебиеттік оқу 3 сынып Сабақтың тақырыбы: М. Төрежанов «Алғыс»
1 наурыз Алғыс айту күніне арналған. Ризашылық
1 наурыз Алғыс айту күніне арналған. Ризашылық
1 наурыз алғыс айту күніне арналған. Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×