Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еңбекпен тапқан тиын

25 қазан 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі 3 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Еңбекпен тапқан тиын
Сабақтың мақсаты: а) Ертегідегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
Рөлге бөліп, оқуға төселдіру. Ертегіні сахналап көрсету. Сұрақ қою арқылы жан - дақты ойлауға үйрету.
ә) Дүниетанымын кеңейту, ойлау қабілеттерін, шығармашылық қиялдарын дамыту.
б) Еңбексүйгіштікке, ата - ананы сыйлауға, өтірік айтпауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ - жауап, дөңгелек үстел, ой - қозғау, тест, аквариум, болжау әдістері.
Сабақтың түрі:
Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру сабағы
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кестелер, топшамалар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
«Өлеңді аяқта»ойыны
Біз ұқыпты............. баламыз,
Сөзге шебер........... боламыз.
Үлкендерді............ сыйлаймыз,
Еңбектен де........... қашпаймыз.

ІІ: Ұй тапсырмасын сұраймын.
1) Үйге берілген «Ер еңбекте сыналады» атты мәтінді сұраймын.
2) Диафильмдерлі тексеру.

ІІІ. Өткенді пысықтау
І. топ
Сөзжұмбақ шешу
1........ - бас қала
2. Рәміз
3. «Көктем сәні - еңбек» деген қай кейіпкердің сөзі
4. Ашу – дұшпан,.... дос
5. Жазғытұры өлеңінің авторы
6. Ас атасы -..........
Жауап бойынша: Еңбекпен сөзі шығады
ІІ. топ
тест тапсырмалары
Тест
Жақсылыққа жамандық бар деген пікірге құрылған мәтінді тап
А) Таза бұлақ 3 х 3 ә) Баланың айласы 5 х 8 б) Мейірім 7 х 2
2. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қой «.... адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ»
А) бай 4 х 4 Ә) кедей 5 х 6 Б) азықсыз аш 4 х 5
3.«Бірлік болмай, тірлік болмас» деген нақылға құрылған шығарманы ата
А) құстар айтысы 4 х 6 Б) Баланың айтысы 7 х 2 В) Таза бұлақ 8 х 4
4. Ғалым, жылан, түйе, ит, бала қай шығарманы еске түсіреді
А) шал мен бала 8 х 8 Ә) Мейірім 9 х 2 Б) Баланың айласы 7 х 7
5.«Әуес – көріп жүгірген...................
Беті - қолы домбығып үсік шалды»
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып айт
А) малшылар 6 х 6
Ә) Жас балалар 9 х 3
Б) адамдар 3 х 9
6. «Қуанышты күнің, жаңа жылың құтты болсын, қазақ!» деген жолдарда қандай мейрам айтылған?
А) Наурыз 8 х 8
Ә) Ораза айт 8 х 4
Б) Жаңа жыл 9 х 5
7. «Көктем сәні - гүл» деген қай кейіпкердің сөзі
А) ит 4 х 4
ә) ақбөкен 5 х 6
б) қасқыр 6 х 7
8. Ұстаздан......... озар
А) Бала 8 х 8
Ә) Шәкірт 8 х 4
Б) Оқушы 7 х 7
Жауап бойынша: Тапқан сөзі шығады

ІІІ. топ
жұптық жұмыс өлеңді аяқтау
Ой, балалар, балалар!
Жылы – жылы жел соқты,
..........................

Мәпелейсің мені, анам
Қолыңдағы құсыңдай.
...........................

Түйе боздап, қой қоздап - қорада шу,
Көбелек пен құстар да сайда ду - ду.
......................................

Қарды ерітіп өкпек жел,
Қақты көктем қоңырауын
.............................................

Жауап бойынша: тиын сөзі шығады

Үш топтың жауабы бойынша сабақтың тақырыбы шығады.

ІҮ. Жаңа сабақ
1) Қызығушылығын ояту.
І. топ
Дөңгелек үстел
Еңбек туралы мақалдар
ІІ. топ
«Ой қозғау»әдісі
Ситуациялық сұрақ қою
ІІІ. топ
Пантолимо көрсету
жалқау мен еңбекқор баланы
2) Мәтінді бөліктерге бөліп оқыту
3) «Аквариум» әдісі бойынша үш топтан оқушы шығып мазмұнын айтады
4) Сөздік жұмысын жүргізу.
Айту көрсету
Ү. Кітаппен жұмыс
1) Іштей оқыту
2) Рөлге бөліп оқыту
3) Сахналап көрсету
4) Ертегі жалғастыру

ҮІ. Дәптермен жұмыс
Кестені толтыру
1.) Ертегінің тақырыбы
2) Ертегінің кейіпкерлері
3) Ертегі қалай басталды
4) ертегіден қандай қорытынды жасадың?

ҮІІ. Сергіту сәті.
Қиял Мен өскенде............................
ҮІІІ. Сауатты бекіту.
1) Сұрақтар қою
А) Әкесі не деп айтты? (Е)
ә) Анасы мен баласы қандай құлық ойлады? (ң)
б) анасы баласына не деді? (б)
В) баласы ақшаны әкелгенде, әкесі не істеді? (е)
Г) ертегі қалай аяқталды? (к)
Жауабы: Еңбек сөзі шығады
Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты – еңбек.
Сабағыңа жөндеп
Әзірленсең - еңбек
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты – еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек

Біздің еліміз 20жыл ішінде еңбек пен білімнің арқасында мемлекетіміз ірі деңгейге жете алды. Сендер Отанымыздың болашағысыңдар. Сондықтан да адал еңбек ету, жақсы білім алу, адамгершілік қасиеттерге ие болу сендердің міндеттерің.

ІХ: Үйге. Мәтінді түсінік оқуға беремін.
Х: Бағалау. Мадақтау
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды топ басшылары бағалайды.
1 979
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тест. Әдебиеттік оқу 3 сынып
Тест. Әдебиеттік оқу 3 сынып
1. Мұхтар Әуезовтің шығармасы? а Қыс в Күз с Боран
Еңбекпен тапқан тиын (грузин ертегісі)
Еңбекпен тапқан тиын (грузин ертегісі)
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абдуллаева Қарлығаш
Еңбекпен тапқан тиын
Еңбекпен тапқан тиын
Атырау қаласы, Амангелді атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Құрманғалиева Динара
Бұл кім? Ыбырай Алтынсарин
Бұл кім? Ыбырай Алтынсарин
Қызылорда облысы, Арал қаласы, №220 мектеп Үмбетова Мәдина Әмірханқызы
Еңбекпен тапқан тиын
Еңбекпен тапқан тиын
Үсенова Баян Алдабергенқызы Бастауыш сынып мұғалімі Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
Еңбекпен тапқан тиын
Еңбекпен тапқан тиын
Темиртаева Калдыкул Мейрамбековна Бастауыш сынып мұғалімі №53 мектеп-лицей Астана қаласы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×