Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еңбекпен тапқан тиын

24 шілде 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Еңбекпен тапқан тиын
Сабақтың мақсаты: Мәтіннің мазмұнын идеясы ашу. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Еңбекке деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, үлкенді сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа білімді игеру сабағы
Көрнекілігі: интерактивті тақта.

Сабақтың жүрісі:
I. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық икем.
II. Өткен сабақты қайталау. Қызығушылықты ояту.

Жоспар:
1. Құрылыста. Сабақ 2 - 3 оқушыдан сұралады.
2. Жүк машинасының мақтануы. Жолдастық мақтаншақтық туралы мақал - мәтел айтылады.
3. Көтергіш кран.
4. Күн лайсаң.
5. Достық көмек.
/Жаман әдет пен жақсы әдетті Венн диаграммасын сызу арқылы орналастыру/
ЖАҚСЫ ӘДЕПКЕ:
Амандасу, әдептілік, инабатты, ізгілік, сыйластық, жомарт, әдепті, білімді, тәртіпті, ұқыпты, шыншыл.
ЖАМАН ӘДЕПКЕ:
Надандық, әдепсіз, тіл алмайтын, өтірікші, нашар оқитын, мақтаншақ осылар жатады.

- Мақтаншақтыққа қарсы ететін не деп ойлайсың?
- Еңбек адамға неге керек?
Адам еңбек етпей «А құдай алдыма сал» деп не отырмайды?
Ой ашар.
- Еңбек туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?
Ендеше бүгін біздің сабағымыз еңбекпен байланысты. Еңбекпен тапқан тиын деп аталады.
Кәне бәріміз дәптерлеріңізге күн жадысын жазып тақырыпты жазайық. Бәріміз маған қарайық.
Ерте, ерте, ертеде Ешкі жүні келтеде қырғауылы қызыл екен құйрық жүні ұзын екен. Кәне кім жалғастырады? Тоқтар жалғастыра қойшы. Жарайсың.
- Балалар кішкентай кездерімізде бәрімізде ертегі тыңдадық. Ата әжелеріміз сіздерге ертегі айтқан болар. Кәне кім қандай ертегі біледі?
«Маша мен аю», «Қызыл телпек», «Түлкі мен қырғауыл» т. б. Сендер енді өздерің кітапханадан ертегі кітаптарын алып оқи аласыздар. Кім ертегі айтады? 2 оқушы.
Қазақ ертектері туралы интерактивті тақтаға схема сызып қою.
ЕРТЕГІ

ҚИЯЛ ҒАЖАЙЫП
ХАЙУАНАТ
ШЫНШЫЛ
- Соның ішінде Еңбекпен тапқан тиын деген ертегі. Біздің туысқан халық ертегісі грузин. Теледидардан түрлі ертегілерді көреміз. Ерден атай ертегісін қазақ радиосынан да айтылады. Ертегі – бұл қиялымызды арттырады. Ертегі арқылы біз ғажайып дүниеге енеміз. Ертегі бала біткеннің сүйікті туындысы. Ертегі еңбек тақырыбында жазылған. Идеясы Еңбекті сүю, жалқаулықтан жирену, жақсылыққа бейімделу. Бұл ертегіде жалқаулықтың адамға кері ықпалы, ұятқа қалатыны туралы айтылады. Жалқаулықпен өскен бала анасының ақылымен еңбектенеді. Еңбектің нәтижесінде жалқаулықтың, оның адамның бойындағы жақсы қасиетті жоғалтатынын айқын сезінеміз.

Мағынаны тану.
а) Рольге бөліп оқу.
ә) Мәтінге жоспар құру.
б) Түсініксіз сөзбен жұмыс.
в) Сұрақтар мен тапсырмамен жұмыс.

Мәтінге жоспар:
1. Қарияның қартаюы.
2. Ұлының жалқаулығы.
3. Анасының ұлына жаны ашуы.
4. Ұлының әкесіне өтірік айтуы.
5. Ақадал еңбек.
6. Әкесінің ұлының еңбектенгеніне көзі жетуі.

5 жол өлең стратегиясы.
1. Зат есім ертегі, еңбек.
2. Сын есім қызық, ұзақ, адал, арам.
3. Етістік оқиды, тыңдайды, айтады, істейді.
4. Біз ертегіні сүйіп оқимыз.
5. Әдеби жанр.

Сөздік жұмыс:
Кәрі – қарт
бұлжытпай - екі етпей
Тиын – ақша
қулық – арамдық
Ұлы - бала

Кубизм стратегиясы:
1. Ертегі түрін ата?
2. Мына ертегі қай жанрға жатады?
3. Кейіпкері кім?
4. Анасы баласына не айтты?

Үйге тапсырма:
Мәтінді мазмұндау.
«Еңбек етсең ерінбей» шығарма.
Бағалау:
12 139
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Еңбектің наны тәтті
Еңбектің наны тәтті
Адам еңбегін бағалай білуге, нанның дастарқанға қалай келетінін, оған көптеген адамдардың еңбек сіңіретінін түсінеді, еңбек адамдарын сыйлай білуді үйренеді; оқушыларды мәнерлеп оқи білуге машықтанады.
Әдептілік - әдемілік
Әдептілік - әдемілік
Әдептілікке, әдемілікке баулу, күнделікті өмірдегі күн тәртібін, жаман мен жақсы әдет қалыптастырып ажыратуға үйрету. Адамгершілікке, ойынға деген қызығушылығын арттыру.
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Исолдаева Мирамкүл
Еңбекпен тапқан тиын (грузин ертегісі)
Еңбекпен тапқан тиын (грузин ертегісі)
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абдуллаева Қарлығаш
Еңбекпен тапқан тиын
Еңбекпен тапқан тиын
Үсенова Баян Алдабергенқызы Бастауыш сынып мұғалімі Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
Еңбекпен тапқан тиын
Еңбекпен тапқан тиын
Темиртаева Калдыкул Мейрамбековна Бастауыш сынып мұғалімі №53 мектеп-лицей Астана қаласы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×