Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абылай хан

27 қазан 2017, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Абылай хан
Ана тілі 4 сынып.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылар қазақ тарихында үлкен рөл атқарған мемлекет қайрат – кері, қол бастаған Абылай хан туралы білетіндерін жаңа мағлұматтармен кеңейтеді.
2. Оқушылар тарихи әңгімені түсініп оқуға, тарихи деректерді тиімді пайдалана білуге, өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын дамытып, сөйлеу шеберліктерін арттырады.
3. Оқушылар өз елін, жерін сүюге, патриоттық сезімге тәрбиеленеді.
Сабақтың көрнекілігі: Шоқан Уалихановтың, Абылай ханның портреттері.
«Атағы жерді жарған хан Абылай» атты қабырға газеті
«Абылай - мәңгі ел есінде» атты альбом
«Абылай бабам ерлігі» атты буклет, сызбалар
Сабақтың түрі: Таным сабақ

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
« Қазақтың хан сайлауы» мәтінімен жұмыс.
Мәтінді тізбек бойынша мәнерлеп оқу.
Мәтінді бөліктерге бөліп оқу:
- хан сайланатын орын
- үміткерлермен таныстыру
- үміткерлерге мінездеме
- көпшілік пікірі
- түйінді шешім
- құттықтау, шашу шашу
- тәбәрік ретінде бөлісу
- хан киімін кигізу.
Міне, балалар, ханның қалай сайланатынын білдік, яғни хан сайлау үш сатыдан тұрады екен. Олар:
1. Хан сайлау рәсімі
2. Бір үміткер
3. Ашық дауыс.
- Ал, бүгінгі таңда ел басы қалай сайланады, яғни президент сайлауы қалай өтеді?
Енді соған тоқталып өтейік
1. Конституция заңына сәйкес болу керек (сайлауға үміткер адам ҚР азаматы,
Мемлекеттік тілді еркін меңгерген, жоғары білімді, Қазақстан Республикасында кем дегенде 15 жыл тұрған)
2. Бірнеше үміткер
3. Ашық дауыс
Ал, балалар, хан сайлауы мен президент сайлауының қандай айырмашылығы мен ұқсастығы бар екендігін салыстырайық:
Ұқсастығы:
1. Халық сайлайды
2. Ел басқарады.
Айырмашылығы:
Хан сайлауында бір үміткер болады, ашық дауыс беріледі
Президент сайлауында бірнеше үміткер болады, жасырын дауыс беріледі.

III. Жаңа сабақ
Бүгінгі жаңа сабағымызда Абылай туралы білетінімізді жинақтап, тұжырымдап, оның ерліктерімен танысамыз. Біздің бүгінгі сабағымыз ізденіс сабағы. Себебі, әр топқа Абылай туралы материалдар жинақтау тапсырылған.
Қазір әр топ өзінің ізденіс жұмыстарын көрсетеді.
I топ «Мұрагер» тобына Абылайдың өмірбаяны берілген.
Қазір осы топтың жұмысын тыңдаймыз.
1 оқушы: Біздің Мұрагер тобы Абылай ханға арнап «Атағы жерді жарған хан Абылай» атты тақырыпта материалдар жинақтады.
2 оқушы Абылай 1711 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты - Әбілмансұр.
1723 жылы Жоңғарлармен шайқаста Абылайдың әкесі Уәли қаза табады. Дұшпандар оның үй ішін, туған туыстарын түгелдей қырып тастайды. Абылай хан үйінің сенімді көмекшісінің арқасында тірі қалады. Қашып шыққан Әбілмансұр өзінің аты - жөнін жасырады.
3 оқушы: Еділді жағалап жүріп Әбілмансұр Төле би ауылына келеді. Төле биге келіп сәлем береді. Оның киген киімі алба-жұлба, шашы өсіп кеткен болады.
Төле би жөн сұраса, аты - жөнімді білмеймін. Атымды сіз қойсаңыз қарсы емеспін дейді. Төле би баланың тегін емес екендігін біліп оған «Сабалақ» деген ат қояды.
Бірнеше жылдан соң ауылына Бөгенбай батырдың келгенін пайдаланып, Сабалақ биден рұқсат алып Жоңғарлармен болған шайқасқа қатысады.
4 оқушы: Абылай 1781 жылы дүниеден өтеді. Абылай хан - қайратты қаһарман, батыл қолбасшы, өз елін, туған халқын сүйе білген.
Абылай тұлпар мініп ту ұстаған,
Көңілі шапқан жауға суыспаған.
Тұғырдан тоғыз түлек ақ сұңқардай,
Тоятқа айдын - көлден қу ұстаған.
Міне, балалар, «Мұрагер» тобы «Атағы жерді жарған хан Абылай» атты газет шығарды.
II топ. «Атамұра» тобына Абылайдың ерліктері тапсырылған.
1 оқушы: біздің «Атамұра» тобы «Абылай бабам ерлігі» атты буклет дайындады.
2 оқушы: Абылай қазақты біріктіруге, оны жаудан қорғауға барынша күш салды. Талай шайқастарда өзінің ерлігімен, тапқырлығымен жеңіс туын желбіретті.
3 оқушы: 1737 жылы Жоңғарлармен Қазақтар арсында үлкен шайқас болды. Шайқас бірнеше күнге созылды, кезек жекпе - жекке берілді. Жоңғар батыры мен шайқасқа түскен Әбілманұр жауға қарай «Абылайлап» шабады. Жекпе - жек Жоңғар батырының басын алумен аяқталады.
4 оқушы: 1771 жылы Абылайды қазақ халқы ақ киізге көтеріп, хан сайлайды. Абылай хан болғаннан кейін, бүкіл үш жүздің басын қосып, біріккен күшті қазақ хандығын құрады.
5 оқушы: Абылай.
Хан Абылай атандың
Дүниеден шықпай мініңіз
Алтын тақтың үстінде
Үш жүздің басын құрадың
Жетім менен жесірге
Ешбір жаман қылмадың
Әділдікпен жүрдіңіз
Әдепті іске кірдіңіз
Арманың бар ма хан ием
Мәртебелі төбеге
Жауыңды алып жайладың
Жеті күн кіріп ұрысқа
Өлімге басың байладың
Бұқар жырау.
III топ. «Шежіре» тобына «Абылай мәңгі ел есінде» атты тақырыпта материалдар жинақтау тапсырылған.
1 оқушы: біздің «Шежіре» тобы «Абылай мәңгі ел есінде» атты альбом дайындады.
2 оқушы: «Атамұра» баспасы қазақ халқының бір туар перзенті, ұлы ханы Абылай ханның бейнесі қай жерде, мәйіті қалай сақталғаны жайында «Абылай хан» атты тарихи зерттеу еңбегін шығарды.
3 оқушы: Мүсінші Мәжит Айтбаев алғашқылардың бірі болып, Абылай ханның портретін салды.
4 оқушы: Алматы қаласында Абылай ханның туғанына 280 жыл толуына байланысты ескерткіш ашылды.

Абылай хан жүктеу
4 116
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абылай ханның ішкі сыртқы саясаты
Абылай ханның ішкі сыртқы саясаты
Дербес қазақ мемлекетін сақтап қалудағы Абылай ханның рольі қандай?
Абылай бейнесі
Абылай бейнесі
Абылай ханның шын аты - Әбілмансұр. Ол 1711 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. Оның атасы Абылай өз заманында Түркістанды билеп, қатігездігімен көзге түсіп, қанішер Абылай атанған.
Алаштың айбын ардағы - Абылай хан
Алаштың айбын ардағы - Абылай хан
Астана қаласы «Көпбейінді колледж» МКҚК география және тарих пәні оқытушысы: Хасенова Айгүл Берденбайевна
Әбілмансұр
Әбілмансұр
Қызылорда қаласы, №172 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бердешова Жанат
Абылай хан
Абылай хан
Қарғалы ауданы, №2 Бадамша орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Турмагамбетова Жадыра Муратовна
Абылай хан
Абылай хан
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Бисенбаева Анар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×