Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абылай хан

19 шілде 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Мақсаты: 1. Оқушыларға Абылай хан туралы түсінік беру. Қазақ батырларының ерлігі туралы мағлұмат беру. Өлеңдегі негізгі ойды анықтай білуге, ойын жүйелі түрде баяндай білуге үйрету.
2. Оқушылардың логикалық ойлау, сөйлеу дағдысын жетілдіру. 3. Ел намысын қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақ батырлары, қару - жарақ суреті, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ойын.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық көңіл - күй.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабаққа қатысты құрал - жабдықтарын даярлату.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Сұрақ - жауап арқылы үй тапсырмасын пысықтау.
1. Тергеуші Махамбетті не үшін іздеді?
2. Махамбет тергеушімен қалай сөйлесті?
3. Ауыл адамдары Махамбетті қалай сипаттады?
4. Тергеуші неге қайтып кетті?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Ой шақыру:.
- Батыр деп кімдерді атаймыз?
Ерлік жасаған, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаған ер жүрек батырларды айтамыз. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Алпамыс, Қобыланды, Амангелді, Исатай, Махамбет деген көптеген батырларымыз бар.
Ендеше балалар, бүгін біз қазақ батыр Абылай ханмен танысамыз.
Абылай қазақ халқының ханы болған. Абылай ханның шын аты Әбілмансұр. Абылай 1711 жылы дүниеге келген. Абылай ханның әкесінің аты Уәли. Түркістанда билік жүргізген. Абылай хан жоңғарлармен, қалмақтармен шайқасқан. Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ақылына жүгінген.

Үш бидің басын біріктірген кім?
- Абылай хан
1. Абылай хан туралы фильм көрсету.
Оқулықпен жұмыс. - Мәтінді түсініп оқу.
Үш жүздің басын қосқан Абылай хан – Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың ерлігіне сүйенген. Қазақ батырлары атты өлеңді жазған Бұқар Жырау атамыз Абылай ханның кеңесшісі, ақылшысы болған.
Бұқар Жырау өлеңін мәнерлеп оқу.
Хан Абылай атандың,
Алтын тақтың үстінде,
Үш жүздің басын құрадың.
Жетім менен жесірге
Ешбір жаман қылмадың.
Әділдікпен жүрдіңіз,
Әдепті іске кірдіңіз,
Арманың бар ма, хош ием
(Бұхар жырау)

ІV. Сергіту сәті.
Мақал - мәтел жарысы:
Батыр бір рет өледі,
Қорқақ мың рет өледі.
Батыр туса – ел ырысы,
Жаңбыр жауса – жер ырысы.
Шешен сөз бастар,
Батыр қол бастар.
Батыр майданда шынығады,
Болат қайнауда шынығады.

V. Ой толғаныс.
Ер қаруы – бес қару.
Қандай қаруларды қолданған?
Батырларымыз елді жаудан қорғағанда мына қаруларды қолданған. Садақ, найза, қылыш, айбалта, шоқпар. Ер азаматтың – бес қаруы сақадай сай болған.

Сергіту кезеңі
Заттың атын, сынын, санын, қимылын білдіретін сөздер.
Зат
Аты сыны саны қимылы
Кім? қандай? неше? не істеді?
Не? қай? қанша? не қылды?
Кімдер? Нешінші? қайтті?
Нелер?

VІ. Дәптермен жұмыс.
Үш қозы. Біріншісі - қызыл, Екіншісі - қоңыр, Үшіншісі - ақ бұйра. Бәрі маған үйір. - Заттың санын, сынын білдіретін сөздерді тауып жазыңдар.

146 - жаттығу.
Үлкен – кіші алыс – жақын
Кең – тар жақсы – жаман
Жуан – жіңішке ақ – қара
Ұзын – қысқа қалың – жұқа

Көру диктанты. Сөзбен жазу.
5 6 20 7 9 40 8
VІІ. Қорыту.
1. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойылады?
2. Заттың қимылын білдіретін сөздер қандай сұраққа жауап береді? 3. Қандай? Қай? сұрақтарына жауап беретін сөздер тауып атаңдар. 4. Қанша? Неше? Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер тауып атаңдар.

VІІІ. Үйге.
«Абылай хан» оқып, мазмұнын айту. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, толықтырып жазыңдар.
ІХ. Бағалау.
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығына, белсенділігіне қарай мадақтай отырып бағалау.
16 548
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абылай (Арасанбай Естенов), Қабанбай (Қабдеш Жұмаділов)
Абылай (Арасанбай Естенов), Қабанбай (Қабдеш Жұмаділов)
Жоңғар шапқыншылығында ерлігімен көзге түскен қазақ ханы Абылай мен батыр Қабанбаймен таныстыру, ерліктерін насихаттау.
Халық қорғаны (ел аузынан)
Халық қорғаны (ел аузынан)
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы №7 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Жанкеева Нұргүл Жауынбаевна
Қазақ батырлары
Қазақ батырлары
Маңғыстау обылысы, Қарақия ауданы, №3 Жетібай орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Атабаева Алмагүл Алдонгаровна.
Қазақ билері, батырлары
Қазақ билері, батырлары
Атырау қаласы Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназиясының тарих пәні мұғалімі Қуатова Айгүл Нұрланқызы
Абылай хан
Абылай хан
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Бисенбаева Анар
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Исмаилова Ляззат Нуржанқызы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×