Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Досыма сыйлық

08 қараша 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Шараның тақырыбы: Досыма сыйлық
Мақсаты: Достық туралы балалар ұғымын кеңейту, балалардың достық қарым - қатынасына ықпал ету. Олардың бойына жылулық, сүйіспеншілік, сыйластық сезімдерін ояту.
Түрі: акция
Көрнекілігі: постерлер, гүлдер, шарлар, интерактивті тақта, музыкалық аспап.
Қатысушылар: 6, 7, 8 сынып оқушылары және аз қамтылған отбасының балалары мен мүмкіндігі шектеулі балалар

Жүрісі:
І. Ұйымдастыру
«Көңілді күн» әнін топ барлық оқушыларына орындата отырып, атмосфера орнату
ІІ. Оқушыларды топқа бөлу
(әрбір оқушыға берілген 1, 2, 3 сандарына қарай топқа орналастыру)
1 топ: 6 сыныптар 2 топ: 7 сыныптар 3 топ: 8 сыныптар

ІІІ. Топтық тапсырмалар
1. «Миға шабуыл» (интерактивті тақтадан достық туралы сурет көрсете отырып, оқушылардың түсінігін сұрау)
2. Постер қорғау
Дос деген ұғымды қалай түсінесің?

Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бүгінгі біздің шарамыздың тақырыбы «Досыма сыйлық» деп аталады.
Достық – адамдардың бір – бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Ерте заманның ойшылы және асқан шешен Цицерон: «Достық өз бойына қаншама сан – алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңші.! Қайда барсаңыз да ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде де бар, ол ешқашан да мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды; ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады»- деді.

IV. Ән: «Достар» Базарова Гүлзина
1. Ситуациялық сұрақтар
1 топқа: Досыңмен бірге сабаққа келе жатсың. Кенет жаңбыр жауды. Сенің үстіңде қалыңша киімің мен плащың бар. Досыңның үстінде жұқа киім. Сен қандай көмек көрсетер едің?
2 топқа: Сен қазақ тілі пәнінен үй тапсырмасын орындамай келдің. Сыныпқа келіп, парталас досыңнан көшіріп жатқан кезде қатесін көріп, өзің түзетіп жазып алдың. Мұғалім тексерген кезде сен 5 - к баға алдың, ал досың үйден орындап келсе де 4 - к баға алдың. Сенің әрекетің қандай?
3 топқа: Қанат конькиін аулаға қалдырды да, өзі тамағын ішуге үйге кетті. Тамағын ішіп отырып, ол конькиін Маралдың теуіп жүргенін көрді. Қанат ашуланып, аулаға жүгіріп шықты. «Қазір оның сазайын тартқызамын, біреудің затын сұрамай алушы болмасын» деді. Ашулы күйінде жетіп барды, тіпті жұдырығын да түйіп алған. Қанаттың орнында сен болсаң, сен не істер едің?

2. Мақал – мәтелді жалғастыр
1 топқа: Дұшпан күлдіріп айтады, -----------------
Кемшіліксіз дос іздеген адам -------------------
Досы жақсының ---------------------------------
2 топқа: Ақылсыз достан -----------------
Доссыз адам -----------------------------
Жақсы дос мың күндік, --------------
3 топқа: Дұшпаннан бір сақтан, ------------
Біреу жаныңа жолдас, ------------------
Жүз теңгең болғанша --------------

V. Ән: Маратқызы Айша бибі
3. Сыныптастар мен достарға деген тілегі (әр топтың оқушылары топтарында отырған аз қамтылған отбасы балаларына арнайы әзірлеп келген сыйлықтарын тарту етеді)

VІ. Қорытынды
Жақсының әрбір сөзін қайырмаңыз,
Жасыған жездей болып мойымаңыз.
Сыр алмаған біреумен дос болам деп,
Сыр алған досыңыздан айрылмаңыз,- дей келе бүгінгі «Досыма сыйлық» шарасы өз мәресіне жетті. Уақыт бөліп келгендеріңізге көптен көп рахмет! Қорытынды сөз тәрбие ісінің орынбасары ---------------------------- беріледі.

Атырау облысы,
Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылы,
Кенбай орта мектебінің әлеуметтік педагогы
Темирбаева Бактыгул Конысбаевна
6 889
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Достық дегеніміз не?
Достық дегеніміз не?
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті.
Дос – егіз, дұшпан – сегіз
Дос – егіз, дұшпан – сегіз
Достық ұғымы, нағыз, шынайы дос болудың тәртібімен, достықтың адам өмірінде алатын орынымен, өмірдегі қуанышты, мұңды кездерді досымен бөлісе білуге, жақсылық жасай білуге үйрету.
Дос және достық
Дос және достық
Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету
Достық қымбат өмірде тәрбие сағаты
Достық қымбат өмірде тәрбие сағаты
Оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, тату, мейірімді болуға тәрбиелеу, әр балаға өз досының жақсы жақтарын үлгі тұтып, сол жақсы қасиеттерін өз бойына сіңіре білуге үйрету.
Доссыз өмір – тұзсыз ас (сайыс)
Доссыз өмір – тұзсыз ас (сайыс)
Оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке, әдемілікке, қарапайым болуға тәрбиелеу. Достық сезімі өмірде олардың бірін - бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестік пен өзіңдей көріп сенуінен, біріне - бірі тірек, медет болуынан, қам -
Туған күн
Туған күн
Жамбыл облысы, Тараз қаласы. Ержанова Нургуль Оразбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×