Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақылды тыңдай білу де өнеге

17 қараша 2017, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Ақылды тыңдай білу де өнеге
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Өзін - өзі тану 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ақылды тыңдай білу де өнеге.
Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- ақылды тыңдай білудің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;
- ақылды тыңдай білу іскерліктерін дамыту;
- ақыл, өнеге, өсиеттерді тыңдауға, бағалауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, «Даналық сөздер» сандығы, үлестірмелі кеспе қағаздар, слайд, компьютер, үнтаспа, «Айгөлек» журналы, ойындар.

Шаттық шеңбері.
Балалар шеңбер құрып, қол ұстасып тұрады. Музыкалық аспап баянға сүйеніп бәрі көңілді ән шырқайды.
Жас ұландар әні.
Туған жердің бөбегіміз,
Туған жердің өлеңіміз.
Өмірге еркелеп, көңілді өлкеде
Қараймыз келер күнге туған ел!
Қайырмасы:
Отанның ұланы біз
Жаңа ел жолымыз.
Тұр әні нұр қия бел
Өзіңді жырлаймыз туған ел!

Біз бақыттың түлегіміз,
Біз уақыттың жүрегіміз.
Гүлдей боп жайнаймыз,
Өмірге еркелеп, көңілді өлке
Өлкенің бұлағында ойнаймыз
Қайырмасы:
Біз Отанның ұланымыз,
Біз Отанның қыранымыз.
Бұлбұл боп сайраймыз
Қараймыз келер күнге туған ел!

Мәтінмен жұмыс.
- Балалар, ата - аналарың сендерді қалай еркелетеді?
- Айым, күнім, жұлдызым.
- Ендеше, 3 топқа бөлініп отырыңдар. «Ай» тобы, «Күн» тобы, «Жұлдыз» тобы.
Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында «Бәйге» ойыны ойналады. Тақтадағы жасырын сөзді табу үшін сұрақтарға жауап алынады.
«Ай» тобына:
1 - сұрақ. Жалғастыр: Өз білмегеніңді кісіден сұра, Үлкен болмаса,............
2 - сұрақ. Өнер алды -..............
3 - сұрақ. Талаптыға..............
«Күн « тобына:
4 - сұрақ. Жақсының жақсылығын айт,.........
5 - сұрақ. Жақсы сөз -..................
6 - сұрақ. Ойлы бала.........
«Жұлдыз» тобына:
7 - сұрақ. Адам өміріндегі ең қажетті білім -...................
8 - сұрақ. Арман – адамға.............
9 - сұрақ. Айнымас досы бар адам – ең.....................
Жасырын сөз: «Ақылды тыңдай білу де өнеге»
Мұғалім сабақ тақырыбының мәнін ашу мақсатында әңгімелеу жүргізіледі.
Әңгімені үнтаспадан тыңдату.
Қорада малың болсын, көшеде талың болсын. С. Ақаев.
Мұғалім балалардың пікірлерін білу үшін сұрақтар қойылады.
«Күн» тобына:
- Балаларына айтқан әке өсиетінің мәні неде?
«Ай» тобы:
- Балалардың әке сөзін тыңдай білгеннің арқасында қандай дәрежеге жете білгендері туралы өз ойларыңды айтыңдаршы
«Жұлдыз» тобы - Осы мәтіннен қандай ой қорытуға болады?

Дәйексөз.
Балалардың жауаптары дәйексөздің түсіндірілуімен түйінделеді.
Әңгімеден әке өсиетін мүлтіксіз орындаған балалары өмірде ештеңеден қиындық көрмей, жақсы өмір сүрген екен. Ал, өсиет сөзге құлақ түріп тыңдамайтын адамның ісі алға баспай, сол күйі қалады. Ата сөзін, әке сөзін, ұстаз сөзін, үлкендер сөзін, халық даналығын, өсиетін дұрыс ақылға салып тыңдай білген адамның ақылы толыса түседі, адаспайды. Ақылды тыңдайтын бала да ақылды атанады. Сондықтан да халық:
«Ата - анаңның ақылы –
Сайрап жатқан жолмен тең.
Ақылдының ақылы –
Сарқылмайтын көлмен тең» - деп айтқан болатын.

Түйіндеме.
- Балалар, ендеше мен сендерді Данышпан атаның ақыл - кеңесін білдіретін түйіндемемен таныстырамын. Ол үшін Данышпан атаның «Даналық сөздер» сандығын ашып, сөздерді оқып, тақтаға ілейік.
«Ай» тобы: 1. Адамдарға ізет білдіріңдер!
2. Түсінбегеніңді сұрап алыңдар!
«Күн» тобы: 3. Айтылған сөзге мән беріңдер!
4. Әңгімені мұқият тыңдап алыңдар!
«Жұлдыз» тобы: 5. Сөйлеушінің сөзін бөлмеңдер!
6. Сөйлеп тұрған адамға көңіл бөліңдер!
Сергіту сәті.
- Балалар қазір кішкене сергіп алайық. «Қалай ақылды болу керек?» ойынын ойнаймыз. Әр топ осы сұраққа қызықты әрі көңілді жауаптар әзірлейді.
Мысалы: - Сәбізді көп жеу керек.
- Күнде 16 сағат оқу қажет және мектепке бармауға болады.
- Ақылды адамдармен көп тілдесіп, олармен дауласу керек.
- Тірі данышпанды тауып алып, одан барлығын сұрау керек.
- Ұйықтар алдында айнаға қарап, «Мен ақылдымын», деген сөзді қайталау керек.
- Әдемі жерде өмір сүру қажет.
- Дәрумендерді көп жеу керек.
- Ақылды болу үшін ақылды деген сөзге анықтама беру қажет.
- Алманы көп жеу керек.
Жағдаяттарды талдау.
Оқушылар слайдтағы суреттер бойынша жағдаяттарды шешеді. Жағдаят бойынша суреттердегі балаларға қандай ақыл - кеңес берер едіңдер деген тапсырма беріледі. «Ай» тобына: 1 - сурет, «Күн» тобына: 2 - сурет, «Жұлдыз» тобына: 3 - сурет.
Тапсырма.
«Ай» тобына тапсырма:
- Өздеріңе айтқан үлкендердің ақыл - кеңестерін естеріңе түсіріп, айтып беріңдер.(Плакатқа ай жасап шығарады)
«Күн» тобына тапсырма:
- Даналардың қандай өсиет сөздерін, тәлім сөздерін білесіңдер? (Плакатқа күн жасап шығарады)
«Жұлдыз» тобына тапсырма:- Нақыл сөздер, тыйым сөздер, қағидалар туралы не білесіңдер?(Плакатқа жұлдыз жасап шығарады.

Дәптермен жұмыс.
Бұлбұл --------------------------------------------
Күйші ------------------------------------------
Ата --------------------------------

Жүректен жүрекке. «Ізеттілік әліппесі»
Атам менің әманда
Әдепті жан бол деген
Ата сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.

Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпей көлденең.
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп, қол берем.

Қарағанды облысы Балқаш қаласы
«Балқаш қаласы жалпы білім беретін
№15 орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Рахимбекова Клара Ораловна
3 171
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ақылды тыңдай білу де өнеге
Ақылды тыңдай білу де өнеге
Әке өсиетін мүлтіксіз орындаған балалар ештеңеден қиындық көрмейді. Ал өсиет тыңдамайтын адамның ісі алға баспай, сол күйі қалады. Ата сөзін, әке сөзін, ұстаз сөзін, үлкендер сөзін, халық даналығын, өсиетін дұрыс ақылға салып тыңдай білген адамның
Ойнай білу де - өнер
Ойнай білу де - өнер
Сабақтың тақырыбы: Ойнай білу де-өнер
Ақылды тыңдай білу де өнер
Ақылды тыңдай білу де өнер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, №24 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Достанова Рая Жеңісқызы
Ақыл - жастан, асыл - тастан
Ақыл - жастан, асыл - тастан
Қарағанды қаласы, №21 негізгі мектепте бастауыш сынып мұғалімі Базылова Данагүл Дюсенбайқызы
Ақылды тыңдай білу де өнеге
Ақылды тыңдай білу де өнеге
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп – гимназияның бастауыш класс мұғалімі Каирова Клара Урбисиновна
Ғажайып алаң
Ғажайып алаң
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №18 орта мектеп Адильгереева Жания Наурызбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×