Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Амангелді батырым Н. Байғанин

27 қараша 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Амангелді батырым Н. Байғанин.
Мақсаты: Өлеңді түсініп оқып, негізгі идеяны анықтау. Амангелді батыр жайлы мағлұмат алу. Топта өлеңді талқылап, өз бетімен меңгеруге, бір - біріне түсіндіруге, өзін - өзі реттеуге ықпал ету. Шағын топтарда үйлесімділікпен әрекеттесуге баулу. Отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Берілген өлеңді топта талқылап, өз бетімен меңгереді, бір - біріне түсіндіреді, өзін - өзі реттейді. Амангелді батыр туралы мағлұмат алады. Шағын топтарда өзара үйлесімділікпен әрекеттеседі.
Негізгі идея: Бірлесіп жұмыс жасау, ортақ пікір шығара алу, бір - бірін тыңдау, шынайы бағалау.
Тапсырма көздері: Ой қозғау, мағынаны тану, сұрақ қою топтық, жеке жұмыстар.
Қажетті құрал - жабдықтар: слайд - суреттер, интерактивті тақта.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
Шаттық шеңбері.
Саққұлақ бидің мына өлеңімен бастайық
Адамның басшысы – ақыл,
Жетекшісі – талап,
Шолғыншысы – ой,
Жолдасы – кәсіп,
Қорғаны – сабыр,
Қорғаушысы – мінез,
- Оқушылар ақыл, талап сабыр, ой, мінез деген қасиеттер кімнің бойынан табылады?
Адамның бойынан
Ендеше, адамның бойындағы қасиеттер бойынша топқа бөлінейік.
І - топ «Ақыл», ІІ - топ «Талап», ІІІ - топ «Сабыр», IV - топ «Мінез»
- Осындай қасиеттерді тағы кімдердің бойынан көруге болады? (Батырлар)

II. Үйге берілген тапсырма
«Махамбет пен Жақия»
Әрбір топтан топ басшысын сайлау.
Әр топқа сұрақтар беріледі.
«Ақыл» тобы
І - ші бөлім бойынша сұрақ
1. Исатай мен Махамбет не үшін күресті?
- Қайғылы қара заманда қазақ халқының азаттығы үшін күресті.
2. Жақия деген кім? Ол неше жаста еді? Исатайдың батыр баласы
Ол 14 жас шамасында
3. Ол қандай болған? Ол ержүрек батыр, асқан қайратты, атқан оғын дәл тигізетін мерген болған
«Талап» тобы
ІІ – ші бөлім бойынша сұрақ
1. Жақияны жаулар немен қоршап алды? Найзамен қоршап алды.
2. Махамбет кімді қорғады? Жақияны төнген найзадан қорғады.
3. Махамбет нені ұмытқан сияқты? Өзін қорғауды бүтіндей ұмытты.
«Сабыр» тобы
ІІІ - бөлімі бойынша сұрақ
1. Жаумен жалғыз алысқан Махамбет қандай амал ойлап тапты?
- Махамбет астындағы көпшікті жұлып алды да, жүнін бұрқыратып шашып кеп жіберді.
2. Сен жас батырсың. Сен бастаған қол абайсызда жаудың қолына түсті. Қоршаудан құтылу үшін қандай айла ойлап табар едің?
3. «Қаламды ортаға» стратегиясы.
Берілген тапсырма бойынша оқушылар ойларын қысқаша жазып алады да, қаламдарын ортаға қояды. Мұғалім ортаға жиналған қаламдардың бірін көрсетеді. Сол кезде қалам иесі тапсырмаға жауап береді.
«Мінез» тобы Махамбет пен Исатайға мінездеме береді алып келген қосымша мәліметтерін оқиды.
Әр бір топтан Махамбеттің өлеңін жатқа сұрау.
Әр топ бір – бірін «Басбармақ әдісі» бойынша бағалайды

ІII. Жаңа сабақта: Ой қозғау.
- Біздер қандай тарауды бөлімді оқып жатырмыз?
Ата - бабам тарихы менің тарихым
Осы бөлімде кімдер туралы айтылған? Батырлар туралы
1. Оқулықпен жұмыс. Сөзжұмбақ шешу
Қаракерей..........(Қабанбай)
Исатайдың серігі.............(Махамбет).
Жақияның әкесі..................(Исатай)
Исатайдың тұлпары...........(Ақтабан)
Қанжығалы..................(Бөгенбай)
Ағыбай Батыр заманындағы хан........(Кенесары)
Қабанбай, Бөгенбай батырлар заманындағы хан.......(Абылай)
Қорғансыз, есеңгіреген халықтың күйі....(Шұбырынды)
Исатай мен Махамбет батырлар заманындағы хан........(Жәңгір)
Торкөзде қандай сөз шықты? Амангелді
Бүгінгі сабағымызда Нүрпейіс Байғаниннің «Амангелді батырым» деген өлеңімен
танысамыз.

2. Ой қозғау.
- Амангелді батыр туралы не білеміз?
Нұрпейіс Байғанин кім?
- Азаттық деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Ұлт азаттық көтеріліс жайлы не білеміз?

3. Мағынаны тану
*Н. Байғанин жайлы мәлімет беру.
2. Балалар Амангелді батыр туралы жазғандардың бірі Нұрпейіс Байғанин.
Қысқаша шолу.
Нұрпейіс Байғанин ( 1860 - 1945)- ақын, жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ақтөбе облысында, Темір ауданында( қазіргі Байғанин ауданында) дүниеге келген.
Нұрпейістің анасы тамаша әнші, домбырашы, ақын болған. Ән айтуды осы анасынан үйренген. Ол суырып салма ақындар айтысында көзге түсіп, «бала жыршы» атанады.

Амангелді Үдербайұлы Иманов (1873 - 1919 жж.), халық батыры, Қазақ халқының 1916 ж. ұлт - азаттық көтерілісі басшыларының бірі, Қазақстандағы Азамат соғысынын қаһарманы. Торғай уезінің Қайдауыл болысында (қазір Торғай облысы Амангелді ауданы) кедей малшының отбасында туған. 1908 - 1909 ж. Торғайда қарауыл солдаттармен қақтығысқа қатысқаны үшін сотқа тартылды. Қазақстанда ұлттық және әлеуметтік езгінің күшеюіне байланысты ұлт - азаттық және революциялық қозғалыс өріс алды.
І - топ Суретті салған кім? (Ә. Қастеев)
ІІ - топ Сурет қалай аталады? (Амангелді сарбаздары)
ІІІ - топ Суретші туралы не білесің?
IV - топ А. Иманов туралы.
ІV. Ой толғаныс. Суретпен жұмыс. Суреттің авторы Әбілхан Қастеевпен таныстыру,
1.
- Ә. Қастеев( 1904 - 1973)- әйгілі кескіндемешісі, график – суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Әбілхан қолөнерге, суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша тоқуға, сырмақсыруға шым ши жасауға шебер адам болған екен. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою - өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Танымал туындылары « Мақта жинау», «Түрксіб», « Колхоздың той», сонымен қатар Абайдың, Шоқанның, Жамбылдың портретін салған. Соның ішінде ерекше танымал болып табылатын портреті« Амангелді Иманов» портреті.
Өлеңді мәнерлеп оқу.
А) Өлеңді топта оқиды.

БҚО, Теректі ауданы
Подстепный ауылы
Подстепный қазақ ЖОББМ
Бастауыш сынып мұғалімі
Жунусова Шолпан Тыныштыбаевна

Амангелді батырым Н. Байғанин. жүктеу
2 376
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қасым Аманжолов. Қазақстан
Қасым Аманжолов. Қазақстан
Ақын өмірінен мағлұмат беру. Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын меңгеріп тақырыбы мен идеясын аша білуге, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету.
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Бір адамға» өлеңі
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Бір адамға» өлеңі
Поэзияға деген ықыласын арттыру арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды тану және әдеби теориялық ұғымдарды талдау мүмкіндіктерін кеңейту
"Амангелді батырым" Нұрпейіс Байғанин
"Амангелді батырым" Нұрпейіс Байғанин
Атырау қаласы жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жауыр Гүлбаршын Тынышбайқызы
Жиырма сегіз
Жиырма сегіз
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Р. Елебаев атындағы Құдықағаш қазақ орта мектебі. бастауыш сынып мұғалімі Раушангүл Кенжебайқызы
Нұрпейіс Байғанин "Амангелді батырым"
Нұрпейіс Байғанин "Амангелді батырым"
Жезқазған қаласындағы №10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Әбіш Жансая Нөпірбайқызы
Н. Байғанин Амангелді батырым
Н. Байғанин Амангелді батырым
Ана тілі Сабақтың тақырыбы: Н. Байғанин «Амангелді батырым»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×