Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Баяндауыш

28 қараша 2017, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың атауы: Баяндауыш
Мақсаты:
Күтілетін нәтиже: 1. Оқушыларға тұрлаулы мүшелерді ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру. Сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу, таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
2. Оқушылардың ой - өрісін дамыту, өз ойын тез, әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
3. Оқушыларды өз ана тілін сүюге, құрметтеуге, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Түрі: бекіту
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын.
Көрнекілігі: «Болашақ баспалдағы», ту, жұлдызшалар, сызбалар.

Психологиялық ахуал
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.
- Міне балалар, ғұлама кемеңгер ақындарымыздың тілі - туған тіліміз қазақ тілі сабағын бастаймыз.

Қызығушылықты ояту
Мағынаны тану
Жатқа жаздыру.
Торғай тоғайды ұнатады.
Тоғай торғайды қуантады.
3. Әр сөйлемдегі баяндауыштың астын 2 рет сыздыру.
4. Сөйлемді баяндауышсыз айтып көр, сонда қалай болғанын баянда.
Жұмбақ:
Екі доп ауысты,
Бір шеңберді тауысты. (күн, ай, тәулік)
Тапсырма: Бастауыш, баяндауышты табу.
Күш - білімде,
Білім – кітапта, - («Болашақ» баспалдағының тапсырмасын орындап, келесі басқышқа жылжимыз. Жұлдызша қою.
«Жүйрік ойлы,
Тапқыр кім?» қаншалықты? Яғни, өзіміздің тапқыр ойға жүйріктіліктеріңді байқап көреміз. Ол үшін: жұмбақ шешеміз:
а) Өзім сөзден тұрамын,
біткен ойды құрамын (Сөйлем)
ә) Қоя салсаң бір тары,
Жаңалықты жеткіземін ( Хабарлы сөйлем) «тары»- нүкте
б) Ойды аяқтап орақ тұрады,
Жауап сөз қалап тұрады (Сұраулы сөйлем) «орақ»- сұрақ белгісі
в) Ұранды, шаттықты,
Өкініш, аптықты
Білдіріп ойын талайдың
Шарға ине қадаймын (Лепті сөйлем) «шарға ине»- леп белгісі
Жүйрік ойлы тапқырымыз кім болды?
Оқушыларды мадақтау. Жұлдызша қою.
Өлеңді аяқтау:
1) Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Мұз басады, қатады
Жып - жылтыр боп жатады.
2) Қар атып ойнайды,
Қызыққа тоймайды.
Аппақ қыс, ашық күн,
Ойнатпай, қоймайды.
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Сергіту сәті
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?

Ой толғаныс
Баяндауыш деп сөйлемде бастауыштың қимылын, ісін, жай - күйін, кім, не екенін білдіріп тұратын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз.
Баяндауыштар көбінесе сөйлемнің соңында тұрады да, не істейді? не болды? не етеді? қайтеді? қандай? қанша? кім? не? деген сұрауларға жауап береді.
Үйге тапсырма Оқулықтағы жаттығуларды орындау
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Кері байланыс

Баяндауыш. жүктеу
1 911
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Тұрлаусыз мүшелер
Тұрлаусыз мүшелер
Тұрлаусыз мүшелер туралы алған білімдерін толықтыру, сөйлем мүшелері туралы пысықтау, таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
Баяндауыш
Баяндауыш
Оқушыларға тұрлаулы мүшелерді ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру. Сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу, таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелерді мүшелер туралы ұғым қалыптастыру, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру Таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру, оқушылардың ой - өрісін, сөйлеу тілін дамыту
Шығыс септік
Шығыс септік
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы №9 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сапарбаева Сәуле Серикбаевна
Баяндауыш
Баяндауыш
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, "Абай атындағы №4 мектеп лицей" КММ-інде бастауыш сынып мұғалімі Агибаева Айман Тургановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×