Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Наурыз - думан

29 қараша 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тәрбие сағатының тақырыбы: Наурыз - думан
Менің атым – Наурыз
Наурыз көже, сары уыз
Алып келдім татыңыз
Есік ашып, шашу шашып,
Ел болып қарсы алайық.
Әжелер тойға шашу алып келіпті.
Күй нөсерін төгейік
Жырдан моншақ өрейік
Уа, халайық ал енді
Наурыз айтысты көрейік

Наурыз - думан
(музыка) Алақай, біздің ауылда той болады!- Ғалия
Ау, халайық, тезірек жиналыңыздар! - Т. Аружан
Наурыз думан, Наурыз думан басталды!- Айдана
Амина
Бірінші сәлем бердік бәріңізге
Үлкен - жас, бала - шаға кәріңізге
Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын
Шаттық өмір әкелсін бәріңізге
Құттықтау сөзін мектебіміздің директоры Айнұр Тоқтарқызына береміз.
(«Көктем гүлдері» би )
Томирис
Жаңғырған дәстүр салтымыз,
Төгілген бұлақ жылғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке, Наурыз – жыл басы
Келіп қалды Әз Наурыз!
Қарсы алайық бәрімі3!
Наурыз:
Жақсы ма бала халіңіз,
Менің атым – Наурыз
Наурыз көже, сары уыз
Алып келдім татыңыз
Қыр астында қыс қалды
Қар еріді, су ақты
Алып келдім құстарды
Қой жылы құт әкеліп,
Аман болсын басымыз!
Қарсы алайық қой жылын
Келіп қалды ол дағы!
Амина
Қой жылымыз, кел төрлет,
Ел достығын өркендет.
Мол болсын ырыс, құт,
Болсын елде тыныштық.
Қой:
Ән қосылсын әніңе
Сән қосылсын сәніңе
Ырысты боп осы жыл
Бақ дарысын бәріңе
Ой қосылып ойыңа
Бой қосылып бойыңа
Аман есен жетейік
Келер Наурыз тойына
(тақпақтар мен би)
Томирис
Наурыз келсе, құт келгені,
Халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел болып қарсы алайық. Әжелер тойға шашу алып келіпті
(әжелер шашу шашады)
Амина
Ұлы күні ұлыстың
Күн мен түнді теңеген
Тәтті дәмін ырыстың
Татайық наурыз көжеден
Томирис
Ашық болсын қос қабақ
Тас атқанды аспен ат
Бейтаныс та таныс та
Бүгін төрде бас қонақ.
Наурыз көжеден дәм татыңыздар!
(наурызкөже таратылады )
«Қара жорға» би
Амина
Бүгінгі күн кенелді
Жер шуаққа кенелді
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді
Томирис
Наурыз, саған жол болсын,
Тілегім анық сол болсын.
Деген ырым білгенге,
Халықта ақ мол болсын.

Б. Томирис: Қой жылы құт әкелсін!
Жазира: Молшылық болсын!
Исмаил: Тыныштық болсын!
3б Халқым аман болсын!
3б Ақ мол болсын!
3б Ұлыс оң болсын!
( жас талды егу, ырым - тілек айтып жіп байлау)
(Тақпақ тар мен ән)
Амина
Наурыз тойың, ұлыс тойың,
Құтты болсын, халайық!
Күй төгіліп, жыр төгілсін,
Әсем әуен тыңдайық,

Нағыз қазақ қазақ емес
Нағыз қазақ - домбыра
(домбыра)

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы,
№2 Ертіс жалпы орта білім беру мектебі
бастауыш сынып мұғалімі Бейсенбаева Нұржанат Есенқызы

Наурыз - думан. жүктеу
2 040
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Нұр себеле – Әз Наурыз!
Нұр себеле – Әз Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы түсінік беру. Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт – дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу.
Наурыз келді алақай, Жер көгереді балақай!
Наурыз келді алақай, Жер көгереді балақай!
Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт, қуаныш, сыйласын!
Қош келдің Наурыз!
Қош келдің Наурыз!
Жамбыл облысы, Қордай ауданы. Бастауыш сынып ұстазы Серкебаева Макпал
Қош келдің, Наурыз,көктемім!
Қош келдің, Наурыз,көктемім!
Наурыз тойының ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын баланың жас ерекшелігіне байланысты өзін қатыстыра отырып түсіндіру.
Қош  келдіңіз, әз - Наурызым
Қош келдіңіз, әз - Наурызым
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы Мектепалды даярлық тобы Қош келдіңіз,әз – Наурызым!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×