Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ж дыбысы мен әрпі

18 қаңтар 2018, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ж ж дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ж дыбысы мен әрпі бойынша алған білімдерін пысықтау, сөздерді дұрыс оқуға, жазуға үйрету.
Дамытушылығы: Сөздік қорын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа, ұжымдық еңбекке баулу.
Сабақтың көрнекілігі: әріптер, буындар, суреттер.
Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру. Оқушыларды реттеу, зейіндерін сабаққа аударту.
Психологиялық дайындық.
Бір, екі, үш
Сынып іші тып - тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру.
Сұрақ. 1. Өткен сабақта қандай дыбыс пен әріппен таныстық?
2. Ж дыбысы қандай дыбыс, қандай үйге кіреді?
3. Ж дыбысына сөз ойла, сөйлем құрастыр.
4. Тақтадағы сөздерді кім оқиды?
5. Ж дыбысына байланысты тақпақ айтайық.
Түйін.
Ж дыбысын білейік
Аман есен жүрейік.
(Оқушыларды мадақтау)

ІІІ. Жаңа сабақ. Балалар, біз бүгін білімдерімізді пысықтау мақсатында Ж дыбысына кеңірек тоқталмақпыз.
А)«Тез, әрі сауатты оқиық.»
Жауын жарыс жылқы жарғанат
Жауап жарық жорға жапалақ
Кейбір сөздерге түсінік беру.
Жылқы --- үй жануары
Жорға - жылқының жүрісі
Жарғанат — құстың бір түрі
Жапалақ — құс тамағын түнде аулайды.
Б) Сурет бойынша сөйлеу.
Жақсы —
Жаман ---

Түйін.
Жақсыдан үйрен
Жаманнан жирен.
(Оқушыларды мадақтау)
С) «Кім жылдам?»Сөздерді жазу, дыбыстық талдау жасау.
Жаға, жота, жаса, жорға
(Оқушыларды мадақтау)
Д) Сергіту сәті. «Қара жорға» биі.
Е) «Кім тез табады?»ойыны.

Жұмыртқа --- тауық
Жапырақ — терек
Жолбарыс — тор
Жұлдыз — ай
Жіп — ине
(Оқушыларды мадақтау)
Түйін.
Оқиық та білейік,
Ойнайық та күлейік.
Ж) Сабақты қорыту

Рефлексия.(Егер сабақ ұнаса суреттегі айдың қасына жұлдызды, сабаққа жақсы қатыстым десе терекке жапырақ, сабаққа дұрыс қатыса алмадым десе жолға жылқыны орналастырады)
Түйін.
Әрқашанда жүздерің жұлдыздай жарқырап, күзгі жапырақтай құлпырып, алға бастаған қадамдарың жылқыдай жүйрік болып, жолымыз ашық болсын!
З) Оқушыларды мадақтау.

Бастауыш сынып мұғалімі: Нұржанова Ақтолқын Құдайбергенқызы
Ж дыбысы мен әрпі. жүктеу
3 196
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ц дыбысы мен әрпі
Ц дыбысы мен әрпі
Ц дыбысына байланысты жаңа сөздермен таныстыру. Балалардың дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем туралы білімдерін толықтыру. Тақырыптық суреттер бойынша әңгіме құрастыруға баулу.
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Жаңа технологияларды қолдана отырып Әә дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға, буын және оның түрлерін ажырата білуге үйрету.
Ш дыбысы мен әрпі
Ш дыбысы мен әрпі
Қызылорда қаласы, № 172 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жалғасбаева Ләззат Әбілбайқызы
Ұ дыбысы мен әрпі
Ұ дыбысы мен әрпі
Шығыс Қазақстан облысы, "№3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешен"КММ Бастауыш сынып мұғалімі Кутешова Жадыра Серикалиевна
І дыбысы мен әрпі
І дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: І дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсатты: Білімділік: І дыбысы мен әрпін таныту; І әрпі және і әрпі бар сөздерді оқып, жазып үйрету, сонымен қатар, өз тілінің қадір-қасиетіңмен, тіл туралы, кітап туралы мақалдармен танысып, түсінік
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпі
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы, №9 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сахиева Ләззат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×