Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дала өсімдіктері мен жануарлары

20 қаңтар 2018, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану пәнінен ашық сабақ жоспары "Дала өсімдіктері мен жануарлары"

Мақсаты: Дала өсімдіктері мен жануарлары жайында түсінік беру.
Тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін, жүйелеп мазмұндау қабілеттерін дамыту.
Өсімдіктер мен жануарларды қорғауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ Көрнекілігі: суреттер, диск(деректі фильм)
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, талдау, жинақтау, көрнекілік.
Көрнекілігі: суреттер, диск(деректі фильм)

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
- Шалғынды қорғаудың қандай жолын білесің?
- Шалғындағы тіршілік ететін жануарларды қорғамаса шалғынды алқап қандай күйге түседі?
- Шабындықтағы пішенді қай кезде жинаған дұрыс?
- Шалғынды қорғау тақырыбының мазмұнын сұрау.
ІІІ Білімді тексеру кезеңі:
Шалғын өсімдіктері қай кезде балғын, жұмсақ болады.?
Қандай жануарлар тіршілік етеді?
Бөдене туралы қандай мәлімет алдың?
Бөдененің жұмыртқасының қандай емдік қасиеті бар?

ІV Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау Дала өсімдіктері мен жануарлары.
V Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Кіріспе: Дала деп нені айтамыз? Далада қандай өсімдіктер мен жануарларды көргендерің бар?
2. Дала өсімдіктері мен жануарлары жайында түсінік беру. Дала — ормансыз жазық алқап. 2. Дала – қуаңшылыққа және аязға төзімді көпжылдық шөптесін өсімдіктер тұрпаты. Ол жер шарының қоңырқай белдеулеріндегі қара топырақты, қоңыр, күлгін топырақты аймақтары. Көп елдерде дала қорықтарда ғана сақталған.
Дала - ылғалды қуаң дала, шөл дала болып бірнеше түрге бөлінеді. Қуаң даланың сәнге бөленетін кезі – көктем. Қар суымен ылғалданып, шөбі көкмайса болып, көз тартады. Көктемде даланы сары гүлді қазжуа мен жауқазындар жауып кетеді. Бұл өсімдіктер сабағының топырақ арасындағы бөлігінде қоректік заттар жиналған жуашықтары бар. Жер кеуіп, құрғақшылық басталған кезде жер бетіндегі мүшелері кеуіп қалады. Ал жуашықтары топырақ арасында жаз, қыс бойы сақталып, көктемде тағы көктейді. Қуаң дала көбіне мал жайылымы ретінде пайдаланылады. Изен, бұтақараған, көкпек пен теріскен сияқты бұталар, боз, бетеге, жусан, ботагөз, мыңжапырақ, сарыбас жоңышқа сияқты өсімдіктер кездеседі. Бозторғай, бүркіт, суыр, борсық, дала тасбақасы, саршұнақ, тышқан, түлкі, қасқыр, қарсақ, ор қоян сияқты жануарлар мекендейді.
Қосымша материал бойынша суырлар тіршілігі жайлы баяндау. Шағын төмпешіктер байқасаң, олар суыр төмпешіктері. Суырлар үйір - үйір боп мекендейді. Суыр төмпешіктері едәуір қомақты болады. оның көлденеңі 10 - 15м, биіктігі 1м дейін жетеді. Суыр шөптекті өсімдіктермен қоректенеді.
Борсық өсімдік тұқымдарымен, сабақтарының шырынды, жұмсақ бөліктерімен және жәндіктермен қоректенеді. Ол жем іздеуге түнде шығады.
Оқулықпен жұмыс. Тізбектей дауыстап оқыту.
Дәптермен жұмыс. Күн ретін, ауа райын жазу. Дала өсімдіктері мен жануарларын теріп жазу.

VІ Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Суреттер көрсетіп, әр өсімдік пен жануардың атын тауып, оның тіршілігі жайлы әңгімелету.
Деректі фильмді көрсету. Дала өсімдіктері мен жануарлары.

VІІ Бекіту кезеңі: Қорытындылау - Дала қандай түрге бөлінеді? Қуаң далаға қандай жерлер жатады? Көктемгі дала адамға қандай әсер қалдырады?
- Далада бұталар, өсімдіктер, жануарлардың қандай түрлері болады екен?
- Өзің тұрған жерде қуаң дала бар ма? Оның аумағы, орналасқан жері, жалпы түрі, бедері туралы әңгімеле.

VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі: 79, 80, 81, 82 - беттерді оқу, мазмұны. Дәптерге 82 - беттегі бақылауға арналған тапсырманы жазу.
Бағалау.

Дала өсімдіктері мен жануарлары. жүктеу
5 172
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дала өсімдіктері мен жануарлары. Шөл өсімдіктері мен жануарлары
Дала өсімдіктері мен жануарлары. Шөл өсімдіктері мен жануарлары
Дала өсімдіктері мен жануарлары. Шөл өсімдіктері мен жануарлары туралы ақпарат беру. Дала және шөл өсімдіктері мен жануарларын ажырата білуге үйрету.
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту туралы түсінік беру, білімін жүйелеу; есеп шығару, есептеу дағдысын қалыптастыру; салыстырып, талдай білуге баулу.
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Құмырсқаның қанағаты
Құмырсқаның қанағаты
Атырау қаласы, Жұлдыз ықшам ауданы , Б.Нысанбаев атындағы орта мектебі нің бастауыш сынып мұғалімі Бисешева Талапты Құсайынқызы
Міржақып Дулатов "Наурыз"
Міржақып Дулатов "Наурыз"
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Бейнеу селосы, Абай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нурмухаммедова Карлыга
Боран
Боран
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Аманова Т. С
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×