Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарапайым математика "Заттардың қасиеттері"

10 ақпан 2018, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қарапайым математика "Заттардың қасиеттері"
1 - САБАҚ.

ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
Сабақтың мақсаты: баланың даму деңгейін, пішін және түс туралы түсінігін анықтау; заттардың қасиеттері туралы түсінігін дамыту.
Бірінші сабақта балаларды әліппе - дәптер, үлестірмелі материалдар және жазу дәптері секілді сабақта пайдаланатын оқу құралдарымен таныстыру қажет. Шартты белгілерге тоқталыңыздар, алайда балалардың оларды есте сақтап алуын талап етпеңіздер. Әр сабақ барысында осы белгілерге балалардың назарын аударып, Бұл тапсырмада не істеу керектігін балалардың айтып беруін сұраңыз. Сабақта дәптерлердегі оқу материалдарын енгізе отырып, ойындар өткізу ұсынылады.
Алғашқы және кейінгі сабақтарда бірінші есеп сюжетті картина түрінде беріледі. Картина бойынша баланың қандай да бір математикалық түсініктер мен амалдар төсілі туралы түсінігін қалыптастыру үшін әңгіме жүргізіледі.
Мәселен, бұл сабақта №1 суретте балалар санайды, пішін мен түстерді көреді.
Түсті қабылдай алудың дұрыстығын тексеру үшін №2 ойын - жаттығуын қолдануға болады. Тақтаға қолына қылқалам және кемпірқосақ түстерінен тұратын бояулар ұстаған суретшінің суреті ілінеді:
- Суретші жеміс - жидектерді дұрыс боямаған. Қай жері дұрыс емес екенін айтыңдар.
Ойын: шартты белгілер бойынша затты табу. Мәселен, дөңгелек, кіші, қызыл:

№3 есеп заттарды түсі мен саны бойынша бөлуге арналады. Белгілі бір түспен белгіленген бос торкөзге суретте сол түсте неше зат болса, сонша таяқша салу керек. Мұғалім оқушылардың қалай санайтынын анықтай алады.
Оқу жылының басында заттарды санау, түрлі заттардың санын салыстыру, артық (кем) немесе тең екенін анықтауды балалардың барлығы, әсіресе мектепалды топқа алғаш келген балалардың меңгеру деңгейін, есептеу, қосу, көзбен мөлшерлеу немесе сандарды салыстыру секілді амалдардың қайсысын пайдаланатынын, заттардың және олар алып жатқан аудан мөлшеріне мән берместен жиын санын салыстыра алатынын тексерген жөн.
Үлгі тапсырмалар мен сұрақтар: «Мұнда үлкен матрешкалар қанша? Кішкентай матрешкалар қанша екенін сана. Көк шаршы көп пе, қызыл шаршы көп пе, соны анықта (Үстел үстінде 5 үлкен шаршы және 6 кіші шаршы аралас орналасқан). Текшелердің сарысы көп пе, әлде жасылы көп пе, соны анықта». («Үстелде екі қатар текшелер орналасқан; 6 сары текше бір - бірінен алшақ орналасқан, ал 7 көк текше өзара тығыз орналасқан»).
Балалар есептеуді қалай меңгергенін және қай сұрақтарға ерекше назар аудару керектігін тексеру барысы көрсетеді. Балалардың білімді меңгерудегі жетістігін анықтау үшін, мұндай тексеруді екі - үш айдан кейін қайталауға болады.

№4 есеп. Мұнда алдымен конструктордың бөлшектерін санау қажет. Содан кейін оның жоспары қарастырылады. Санаумен қатар сурет – жоспар боялады. Бұл сабақта балаларға баспадан шыққан үлестірмелі материалдар беріледі. Фигуралар мен заттар бейнеленген суреттер топтамасын мұғалім «Мынау қандай зат екенін тап» ойынын ұйымдастыруда қолдана алады: 5x5 ұяшыққа (үлестірмелі материал) пішіні әртүрлі заттардың суреті орналастырылады. Содан кейін мұғалім заттың атын атамастан, оның қасиетін, түсі мен пішінін, қолданылуын, неден жасалғанын және т. б. айтады. Балалар оның не екенін табады. Содан соң балалардың өздері осылай жұмыс жүргізеді.
Қима үлестірмелі материалдардан тұратын кесте осы және келесі сабақтарда түс туралы, түстің атауы туралы түсініктерді бекітуде қолданылады. Бұл кестенің көмегімен ұстаз түстерді ретімен қайталап шығады (қызыл, қызыл сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін). Түстің ашық және қою реңктері туралы түсінік беруге болады.

Математика 2 - САБАҚ.
Сабақтың тақыры: ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
Сабақтың мақсаты: заттардың қасиеттері туралы түсініктерін дамыту.
Әдіс - тәсілі: таныстыру, ауызша жұмыс
Көрнекілігі: суреттер, ойыншықтар, түрлі - түсті қарындаштар
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. Балалардың көңілін сабаққа аудару: Бір, екі, үш, сыныптың іші тып - тыныш, сабағымызды бастаймыз.
2. Ауызша санау, 1 - ден 5 - ке дейін тура санау, кері санау.
Бұл сабақта заттардың өлшем, материал секілді қасиеттері қосылады. Шаршы ішіндегі екі үй көрсетілген жаңа шартты белгімен таныстыру қажет.

3. Оқулықпен жұмыс №1 суретте үстел үстінде үлкен қарбыз, үлкен сопақ және кішкентай домалақ қауын, орташа кәді, қияр, алма, қараөрік, алмұрт, қызанақ бейнеленген. «Затты тап немесе оның қасиеттерін ата» ойыны күрделендіріледі. Өйткені, тағы бір белгі - өлшем қосылады. Дәптердегі шартты белгілер үш белгі - түс, пішін, өлшемнен тұрады.

4.. Өзіндік жұмыс:№2 тапсырмада ненің өзгергеніне бақылау жүргізу. Әрбір жағдайда өлшем, түс, сан өзгеруі мүмкін. Сол жақта үлкен қызыл алма, оның оң жағында кішкентай сары алма бейнеленген. Үлестірмелі материалдардың белгілерін қолдануға болады. Балалар түс, өлшем, пішінді білдіретін шартты белгілері бар карточканы таңдауы керек. Бұл - балалар қағаз жапсырмалармен (наклейка) алғаш кездесетін тапсырма. Мұндай тапсырмалардың орындалу ретін анықтаңыз. Алдымен бақылау жүргізіңіз. Балалар өз таңдауын түсін - діруі тиіс. Содан кейін ғана тиісті жапсырманы жұлып алуға болады. Пайдаланылмаған жапсырма қағаздарды қосымша жұмысқа және есеп құрастыруға пайдалануға болады.
Сергіту: Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Қоссам екі қолымды,
Болады менде он саусақ.
№3 тапсырма. Суреттер бойынша балалар ортақ және әртүрлі нәрселерді табады. Бұл тапсырманы орындау үшін үлестірмелі материалдар кестесін пайдалануға болады. Жаттығуды орындар алдында мұғалім осы кесте бойынша түрлі қасиеттерді қайталауды сұрайды.
- Әрбір карточкадағы заттарға не ортақ? Мәселен: түс, пішін, өлшем, материал, қолданылуы, дәмі, иісі, жалпы атауы.
- Карточкадағы заттарды топтарға бөлуге бола ма? Қандай да бір белгі бойынша бөлінген топтар пайда болады. Мәселен, үлкен және кіші түймелер. Не болмаса екі тесігі және төрт тесігі бар түймелер.
5. Ауызша жұмыс. Келесі тапсырманы орындамас бұрын ауызша жұмыс жүргізіледі. Ұзындығы бірдей, бірақ жуандығы әртүрлі (4 - 5 данадан) жолақтарды алдымен жіңішкесінен бастап ретімен орналастырыңыз. №4 тапсырмада жуан қарындаштарды қораппен, ал жіңішкелерін стақанмен біріктіріңіз. Мұғалім тапсырманы оқиды.
6. Қорыту: Ауызша санау, 1 - ден 5 - ке дейін тура санау, кері санау.
Жеке балаларға санату, Сабаққа белсене қатысқан балаларды бағалау, мадақтау, Сабақ ұнады ма? Ой бөлісу. Сабақ соңында заттардың бұрын өтілген барлық қасиеттерін жалпылау үшін алдыңғы сабақта берілген үлестірмелі материалдардағы "Қандай зат екенін тап" ойынын қайталау.

Математика
Сабақтың тақыры: Не қайда орналасқан?
Сабақтың мақсаты: Балалардың кеңістік туралы түсініктерін дамыту, заттың кеңістікте орналасқан жерін көрсететін алдында, артында, арасында, қасында, ортасында, маңында, астында, үстінде, оң жақта, сол жақта және сөздермен таныстыру, «Қайда орналасқан?» деген сұраққа жауап бере отырып, заттың орналасқан жерін дәл сипаттауға үйрету.
Әдіс - тәсілі: таныстыру, ауызша жұмыс
Көрнекілігі: суреттер, ойыншықтар, түрлі - түсті қарындаштар
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. Балалардың көңілін сабаққа аудару: Бір, екі, үш, сыныптың іші тып - тыныш, сабағымызды бастаймыз.
2. Ауызша санау, 1 - ден 5 - ке дейін тура санау, кері санау.
3. Оқулықпен жұмыс Жаңа материалмен жұмыс
№1 тапсырманың суреті бойынша жұмыс. Сурет бойынша балалар кішкентай қызыл допты, сыйлық салынған қорапты табады. Әдетте балалар заттардың орналасқан жерін атамай, саусақпен көрсетеді. Мұндай жағдайда «Ол жерде не жатқанын тап» деген ойынды ұсынуға болады. Мұғалім немесе балалардың бірі заттың орналасқан жерін, оның қасиетін сипаттайды, қалған балалар оны табады. Қыздың артында, сөренің үстінде дөңгелек зат жатыр, бұл – не?

Осы шартты белгілер бойынша затты тауып, бөлмеде оның орналасқан орнын сипаттау.
Суретпен жұмыс жүргізе отырып, заттың орналасқан жерін сипаттайтын көп сездерді қолдану. Сөздерді балалармен бірге хормен қайталап, тапсырманы үлестірмелі материалдармен орындау тапсырылады. Тапсырмаға сәйкес бөлмеге жиһаз орналастырылып, суреттер ілінеді. Мәселен, диванды орындық пен шкафтың ортасына қойыңдар. Суретті диванның үстіне іліңдер, диванның алдына кілемше төсеңдер және т. б.
Тақтада немесе үлестірмелі материалдармен ауызша жұмыс жүргізіледі. Көрінісі аяқталмаған плакат пен суретшінің картинасы ілінеді. Балалар суретшіге көріністі аяқтауға «көмектеседі». Төменде күн, өзен, шырша бейнеленген картиналар берілген. Балалар оларды орналастыра отырып, астында, үстінде, арасында, қасында, оң жақта, сол жақта және т. б. сөздерді қолданып, олардың суреттегі орнын атайды.
№2 тапсырма. Бағдаршаны боя. Қозғалыс бағытын ата. Ол бағыт туралы білімді дамытуға көмектеседі (солға, оңға, жоғары және төмен). Әдетте балалар 6 жасқа қарай жоғары және төмен бағыттарды қатесіз ажыратады, бірақ көбісі оң жақ пен сол жақты шатастырады. Сондықтан тапсырманы үлестірмелі материалмен ауызша жұмыс арқылы пысықтауға болады: әрбір ұлу үй шатырынан жерге түскенде неше торкөз төмен, оңға, жоғарыға, солға жылжығанын сана. Бұл тапсырмада торкөз бойынша ұлудың жолын сипаттай отырып, ұлудың қозғалыс бағыты қолданылады. Мәселен, ұлу 2 торкөз төмен, 3 торкөз оңға жылжыды. Жолды жазуға немесе үлестірмелі материалды пайдаланып бағдаршамен көрсетуге болады.
№3 тапсырма бірінші рет кездесіп отыр. Мұндай тапсырмалар дәптерде кейін де кездеседі, сондықтан балаларға бұл тапсырмамен қалай жұмыс істеу керектігін түсіндіріңіз.

Алдымен кесте элементтері - жол және бағанды қайталату керек. Содан кейін онда жолдар бойымен орналасқан пішіндер салыстырылады. Бұл тапсырмада объектілердің ұқсастығы мен айырмашылығын табады, олардың шартты белгінің көмегімен ұқсас келетін белгісін көрсетеді. Тиісті белгіні жапсырмастан бұрын баладан өз таңдауын түсіндіріп беруді сұрау.
4.. Өзіндік жұмыс №4 тапсырманы тәрбиеші оқиды, балалар оны жай қарын - дашпен орындайды.
Сергіту: Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Қоссам екі қолымды,
Болады менде он саусақ.
6. Қорыту: Ауызша санау, 1 - ден 5 - ке дейін тура санау, кері санау.
Жеке балаларға санату, Сабаққа белсене қатысқан балаларды бағалау, мадақтау, Сабақ ұнады ма? Ой бөлісу. Сабақ соңында заттардың бұрын өтілген барлық қасиеттерін жалпылау үшін алдыңғы сабақта берілген үлестірмелі материалдардағы "Қандай зат екенін тап" ойынын қайталау.

Қарапайым математика "Заттардың қасиеттері". жүктеу
4 811
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ойындар арқылы заттардың түстері мен геометриялық пішіндер туралы білімдерін пысықтап, пішіндерді бір - бірінен ажыратып атай білуге үйрету, қиял болжамдарын дамытып, қабілеттерін шыңдау.
Ұзындықты өлшеу
Ұзындықты өлшеу
Ұзындық түсінігін қалыптастыру; әртүрлі өлшемдердің көмегімен ұзындықты өлшеуді үйрету; өтілген материалдарды бекіту. Оқушылардың жазу дағдыларын қалыптастыру. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Ойын арқылы баланың ойлау қабілетін арттыру
Ойын арқылы баланың ойлау қабілетін арттыру
Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементтерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл - ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады.
Математика пәні бойынша 1 - сыныпқа арналған күнделікті сабақ жоспарлары
Математика пәні бойынша 1 - сыныпқа арналған күнделікті сабақ жоспарлары
Заттардың қасиеттері (пішіні, түсі, мөлшері) бойынша оқушылардың алғашқы білім деңгейін, құбылыстар мен заттарды санай алу дағдыларын анықтау.
Математикалық ойын түрлері
Математикалық ойын түрлері
Қызылорда қаласы, «Назым»балабақшасының әдіскері Гүлмира Егембердиева
Visual Basic Пішін
Visual Basic Пішін
Ақпараттану сабағы Тақырыбы: «Visual Basic.Пішін. Қасиеттері, оқиға, тәсілдер» Сабақ типі: Аралас сабақ Мақсаты: Пішін, қасиеттері, оқиғалар және тәсілдері туралы оқушылардың білімін қалыптастыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×