Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математика пәні бойынша 1 - сыныпқа арналған күнделікті сабақ жоспарлары

18 қазан 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика пәні бойынша 1 - сыныпқа арналған күнделікті сабақ жоспарлары
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Заттардың қасиеттері (пішіні, түсі, мөлшері) бойынша оқушылардың алғашқы білім деңгейін, құбылыстар мен заттарды санай алу дағдыларын анықтау.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін, ойлау қабілеттерін, математикалық тілін дамыту.
3. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекіліктері: тиін мен қоянның суреті, оқулық, дәптер, үлкен және кішкентай доп, мектеп формасын киген оқушы және кішкентай бала суреті.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
- Балалар, бүгін бізге қонаққа қол ұстасып Тиін мен Қоян келді.
Олар бізді шаттық шеңбер құруға шақырып тұр.
*Психологиялық дайындық. Әрбір адам - досым, сыныптасым,
Әрбір ісің - тіршілік, адамдық
Әрбір сабақ - үйрену, оқу, іздену,
Әрбір сөзін – шындық, бірлік, адалдық.

ІІ. Кіріспе сөз. Математика пәні және оның адам өміріндегі рөлі туралы әңгіме жүргізу.
*Заттардың қасиеттері туралы түсініктерін анықтау.
Ауызша жұмыстар жүргізу барысында оқушылардың дайындық деңгейін анықтау. Заттар мен заттардың топтарын (пішіні, түсі, мөлшері бойынша бірдей және әртүрлі ) таңдап алу.
Мысалы, көлемі бірдей, бірақ түсі әртүрлі бірнеше доп және текше, т. б. Заттың түсі, оның неден жасалғандығы, көлемінің қандай екендігі, балалардың олардың пішінін ажырата алатындығы анықталады. Ары қарай заттар аталған белгілері бойынша салыстырылады. (Мұғалім оқушылардың неше? деген сұраққа жауап бере алуын, санауды қалай жүргізгендерін анықтайды).

ІІІ. Оқулықпен жұмыс
Оқулық және дәптермен таныстырып олардың атқаратын қызметіне түсінік беру.
№1 суреттің мазмұны бойынша әңгіме жүргізіледі.
- Суретте кім бейнеленген? (мектеп формасын киген оқушы және кішкентай бала).
№2 тапсырма екі суретті салыстыруға арналған.
№3 тапсырма мұғалімге оқушылардың санауды меңгеру деңгейін, зейінін, топтай білу дағдыларын анықтай алуына көмектеседі.
Барлық тапсырманы орындағаннан кейін оқулықты жапқызып, оқу құралдарының партада дұрыс орналасуын көрсету керек.

IV. Сергіту сәті.
Бір, екі, үш
Демаламыз, жинап күш.
Үлгілі оқушы боламыз,
Ылғи бестік аламыз.

V. Дәптермен жұмыс.
Дәптермен жұмыс алдында сергіту сәті өткізіледі. Содан кейін мұғалім оқушыларға дәптердің партада қалай орналасуын және жай қарындашты, қаламды қалай ұстау керектігін көрсетеді. Дәптердегі тапсырма бойынша жұмыс.
- Ойыншықтары бар сөрені тауып, суретшінің қандай ойыншық суретін салғанын табындар.
- Неше пирамида (сайқымазақ, доп) бейнеленген?
- Әр ойыншықтың бейнесінің жанына сол ойыншық нешеу болса, сонша таяқша сыз.
№2 тапсырма суретте бейнеленген заттарды санауға, салыстыруға арналған. Балалардың санау, түс, мөлшер туралы түсініктерін анықтау үшін түсі, жуандығы, ұзындығы бойынша әр түрлі қарындашты аяқтап салуын сұрайды.
№3 тапсырманы орындамас бұрын дәптердің торкөздерімен таныстыру керек. Мұғалім үзік сызықтарды қаламмен бастыруды ұсынады.
№4 тапсырма балалардың фигуралар - дөңгелек, үшбұрыш, шаршы туралы білімдерін анықтау мақсатын көздейді. Сондай - ақ оларды бояу жұмысы саусақтарының бұлшық еттерінің жетілуіне көмегін тигізеді.

VІ. Сабақты қорытындылау.
- Бүгін сабақта не білдік?
- Сабақта не ұнады?

VІІ. Оқушыларды мадақтау.

Пішін, өлшем туралы түсінік жүктеу
Кеңістік туралы түсінік жүктеу
Уақыт туралы түсінік жүктеу
Заттарды әртүрлі белгілері бойынша салыстыру жүктеу
Ұзын - қысқа. Биік - аласа. Кең - тар жүктеу
Үлкен - кіші. Жуан - жіңішке. Қалың - жұқа жүктеу
Артық. Кем. Сонша. Тең жүктеу
Реттік санау. Нешінші? жүктеу
Түзу, қисық сызық. Тұйықталған, тұйықталмаған қисық сызықтар жүктеу
Нүкте. Кесінді. Ұзындықты әртүрлі өлшемдермен өлшеу жүктеу
Ұзындықты өлшеу жүктеу
Фигураларды бөліктерге бөлу және құрастыру жүктеу
Пысықтау жүктеу
Білім деңгейлерін анықтау. №1 Бақылау жұмыс жүктеу
«Көп» және «Бір». 1 саны және цифры. Сантиметр жүктеу
2 саны және цифры. Сәуле. Бұрыш жүктеу
Қосу, азайту таңбалары. Өрнек жүктеу
3 саны және цифры. Үшбұрыш жүктеу
Пысықтау жүктеу
4 саны және цифры. Төртбұрыш, шаршы жүктеу
Қосу амалындағы сандардың атаулары жүктеу
Азайту амалындағы сандардың атаулары жүктеу
Атрық. Кем. Тең жүктеу
Теңдік. Теңсіздік жүктеу
Өрнектерді салыстыру жүктеу
5 саны және цифры. Бесбұрыш жүктеу
Қосу және азайту амалдарының өзара байланысы. 2, 5 сандарының құрамы жүктеу
Пысықтау жүктеу
Қосудың ауыстырымдылық қасиеті жүктеу
0 саны және цифры жүктеу
±0, - = түріндегі қосу мен азайтудың ерекше жағдайы жүктеу
Пысықтау, Бақылау жұмысы жүктеу
6 саны және цифры жүктеу
6 санының құрамы жүктеу
7 саны және цифры жүктеу
7 санының құрамы жүктеу
Кесінділерді салу жүктеу
8 саны және цифры жүктеу
8 санының құрамы жүктеу
Пысықтау жүктеу
10 саны. Бір таңбалы жэәне екі таңбалы сандар. Сандар қатары жүктеу
10 санының құрамы жүктеу
Пысықтау. Білім деңгейлерін тексеру жүктеу
Сандар қатарының қасиеттері. Алдынғы және кейінгі сан жүктеу
13 057
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көшеде
Көшеде
Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
2 - сыныпқа арналған математика пәнінен бақылау жұмыстары
2 - сыныпқа арналған математика пәнінен бақылау жұмыстары
2 - сыныпқа арналған математика пәнінен бақылау жұмыстары 7 онд.+3 бірл.* 7 онд. 5 онд.+6 бірл. * 6 бірл. 9 онд.+6 бірл. * 9 онд.+8 бірл. 4 онд.+3 бірл. * 5 онд.+3 бірл 6 онд.+4 бірл. * 5 онд.+ 9 бірл.
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем туралы ұғымды меңгерту, суреттер арқылы мәтін құрастырып, талдай білуге баулу, жай сөйлемнен құрмалас сөйлемді ажырата білуге үйрету, сөйлем туралы өткенді пысықтау
Дыбыстардың жазылуы
Дыбыстардың жазылуы
Ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту, лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, дыбыстық талдау дағдыларын дамыту.
Фигуралардың аудандары
Фигуралардың аудандары
Математика пәні мұғалімі: Бакуашева Динара
Шығыс септік
Шығыс септік
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Баймурзилова Айжан Абилгазиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×