Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы

05 наурыз 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыны тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі мен ауданын табу бойынша пысықтау.
Сабақтың міндеттері: Білімділік: Оқушылардың білім – білік дағдыларын тиянақтай отырып, ауданның өлшем бірліктері туралы түсінік қалыптастыру, есептеу және өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын жетілдіру, интеллектуалдық қиындықтарды жеңе білу білу және өзін - өзі бағалай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың ынта – жігерін, алғырттылығы мен шапшаңдығын, танымдылық дағдыларын арттыра отырып, шығармашылыққа жетелеу.
Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілік қасиеттерге, ұжымшылдыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелей отырып, білімпазқа жетелеу.

Ұйымдастыру кезеңі
- Психологиялық ахуал тудыру
Психологиялық дайындық.
Шырылдады қоңырау, Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып, Табыс тілеп көзбенен
Жаңа білім алуға, Алға қадам аттаймыз. Ой қозғау
1. Сыныпта тыныштық сақтаймын
2. Бір - бірімізді тыңдаймын
3. Қапталдасып сөйлеймін
4. Мұғалімнің түсіндіргенін мұқият тыңдаймын
5. Жолдастарыма қарсы сөйлеймін
6. Далаға бірінші болып шығу үшін, басқаларды итеремін
7. Қыз балаларға жол беремін
8. Үлкендерге құрмет көрсетемін
9. Сыныпта барлық тапсырманы тек өзім ғана орындаймын
10. Мен бүгінгі сабаққа дайынмын.

Қызығушылықты ояту
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз - жай сабақ емес. Бүгін біз өмір талабына сай құрылған фирмалармен жұмыс істейміз. Біз бір ірі проблемалар шеше қоймаспыз, бірақ еліміздің дамуына өз үлесімізді қосуға міндеттіміз. Көптеген қазақстандықтар шағын бизнесті дамытып, ел экономикасын көтеру мақсатында еңбек етіп жатыр. Біз қазір төрт топқа бөлініп алайық.
Топтың ережесі:
1. Тыныштық сақтау; 3. Қол соғу;
2. Бірін - бірі тыңдау; 4. Ойын ашық айту.
1 - топ «Сникерс», 2 - топ Баунти», 3 - топ «Пикник», 4 - топ «Твикс» фирмасы болсын. Әр фирманың президентін сайлаймын Мен барлықтарыңның үстілерінен қарайтын директормын.(Әр фирманың өз аттары жазылған қағаздар ілінеді). Қазір әр фирмаға іс - қағаздары таратылады. Фирманың болашағы осы тапсырманы орындауға байланысты болмақ. Фирма үшін есеп - ең басты сала. Әр есепті дұрыс шығарған сайын фирманың қорын толтырып отырасыңдар. Әр тапсырманы дұрыс орындаған оқушы өзін - өзі бағалайды және топ басшысы баға қойып отырады.
Ауызша есептеу. Тізбектеп көбейту кестесін сұрау.
- Үй тапсырмасын тексеру.№7 Теңдеулерді шешіп келу.
12: х = 6
х * 10 = 30
х * 100 = 900
9 * х = 45
50 * х =400
72: х = 8
-«Конверт - сұрақ» әдісі
4 топқа бірдей тапсырма беріледі. Әр топ бір уақытта бастайды, барлық топтың жұмыстарын белгілеуге 2 минут уақыт беріледі. жауаптары оқылады, сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды.
Барлық бұрышы тік және қарама - қарсы қабырғалары тең төртбұрыш -
Фигураның ұзындығы мен енінің көбейтіндісі -
Барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы -
Квадрат сантиметрге бөлінген мөлдір пластина

Мағынаны тану
- Геометриялық фигураларға нелер жатады?
Бүгінгі сабақта тік төртбұрыштың, шаршының периметрі мен ауданын табуды жалғастырамыз.
- Тік төртбұрыш пен шаршының қасиеттері қандай?
- Ауданның өлшем бірліктерін ата.
Мұғалімнің түсіндірмесі. Көркем жазу. 18
№1. А) Тік төртбұрыштың периметрі мен ауданы қалай табылғанын жазуды пайдаланып, түсіндір:

Пән мұғалімі: Өтеуова Гүлсана Бейбітқызы

Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы. жүктеу
2 306
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы.
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы.
Оқушыны тік төртбұрыштың (шаршының) периметі мен ауданын табу бойынша пысықтау.
Тік төртбұрыштың (шаршының) ауданы
Тік төртбұрыштың (шаршының) ауданы
Оқушылар тік төртбұрыштың (шаршының) ауданының формуласын пайдалана отырып ауданды табумен танысады. Кестелік көбейту мен бөлуге берілген есептерді шығарады. Есептер шешу арқылы ойлау қабілеті дамиды.
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы
Тік төртбұрыштың ауданы жайында түсінік қалыптастыру және оның мәнді белгілерін тағайындау; есепті әр түрлі тәсілмен шығару, үш амалдан тұратын өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу реті, тік төртбұрыш пен шаршының ауданын табу және олардың
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі
Оқушылардың тік төртбұрыштың (шаршының) қабырғаларын өлшейді және оның ұзындықтарының қосындысын табады, периметрін табу жолымен таныстыру, екі амалмен шығарылатын есептерді құру, шешу, бекіту.
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы
Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы
Ұзындық және оның өлшем бірліктері
Ұзындық және оның өлшем бірліктері
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Төлеңгіт ауылы, Төлеңгіт негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тюлекова Раушан Андрейқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×