Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғарыш әлемі

11 наурыз 2018, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ғарыш әлемі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға өлеңнің мазмұнын түсіндіре отырып, қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров жайлы шығармашылығы мен сіңірген еңбегі жайлы таныстыру, ғарыш айлағы космос жайлы ұғымдарын кеңейту.
Дамытушылық: Сөздік қорларын, дүниетанымын, тіл байлығын, шеберлігін, шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелік: Ғалам құпияларын оқып білуге шақыру, өз елін, жерін сүюге қадірлеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтары: көрнекі құралдар, тақтамен жұмыс, суреттер
Сабақтың типі: Білім, білік дағдыны қалыптастыру
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ой - қозғау, өзбетінше жұмыс, әңгімелеу, баяндау, топтастыру, сұрақ - жауап, жеке шығармашылық, ауызша, жазбаша, талдау, жинақтау, көрнекілік.
Оқыту технологиясы: Дамыта оқыту технологиясының элементтерін пайдалану.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика, еңбекке баулу, дүниетану.

Сабақ жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушыларды сабаққа даярлау
ә) Назарларын сабаққа аудару.
б) Сабақтың мақсат - міндетімен таныстыру.

II. Кіріспе - қызықтырушылық кезең.
Оқушылар орындарынан тұрып, қолдарын жүрек тұсына қойып, ана тілі өлеңін дауыстап оқу.
Ақыл - ойын дананың,
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей анамның.

Өсірген ой білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің,
Мәнін терең білуді.

III. Мотивациялық кезең.

IV. Сабақтың мақсат - міндетімен таныстыру.
Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың өмірі, шығармашылығы мен халқына сіңірген еңбегі жайлы танысамыз, сонымен қатар сендерді ғалам құпияларын зерттеп білуге шақырамын.

V. Өткенге шолу.
Өткенді еске түсіру кезеңінде өткен тақырыптарды еске түсіру, шолу жасау.
1. Алтын бесік.
2. Қазақстан.
3. Туған өлкем.
4. Астана.
5. Алматы қаласы тақырыптарын еске түсіру туған жер, туған өлке жайлы мақаладар айту.

VI. Өткенді бекіту.
Жаңа мағынаны тану.
Жаңа сабақ.
Бүгін біз қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров туралы кеңінен мағлұмат аламыз.
Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы шілденің 27 - де Қаарғанды облысы Қарқаралы ауданында, 1 май ұжымшарында дүниге келеген. Ұлты – қазақ. Білім жоғары.
Техника ғылымдарының докторы, академик авиация генерал - майоры, 1965 - 1969 жылдары Армавир әуе қорғанысы ұшқыштарының жоғары әскери оқу орнында оқыған, ұшқыш - инженер.(слайдтар арқылы суреттер көрсетіліп тұрады)
Біздің жеріміз орман, тау, өзен, көл, өмір сүретін ортамыз бәрімізге ортақ. Біздің өмір сүретін ортамыз - Жер планетасы. Ғарыш әлемін көру үшін Зымыранмен ұшу қажет. Зымыран жер мен аспан арасындағы ең жедел транспорт. Зымыранмен ұшып барған ғарышкерлер ғарыш әлеміндегі өзгерістерді суретке түсіріп, ондағы ауа мен топырақты зерттейді. Оны жерге хабарлап отырады. Ғарышқа ұшатын ғарышкерлер арнайы киімдер киеді. Ол СКАФАНДР деп аталатын киім ғарышқа ұщуға лайықталған киім.
Мінеки ғарышкерелр киімі мынанадай, ғарыш әлемі мен ғарыш әлемінің құпияларымен таныстық.

Кітап, дәпетермен жұмыс.
Өлеңді талдап, тізбектей оқу, жаңа мағынаны тану.
Арман қуып жасынан,
Көктен көзін алмаған
Ұшқыш болды жас ұлан,
Аспанда ееркін сакмғаған.
Бабасынадай асауға
Салған құрық – бұғалық.
Ұшақтарды сныауға
Артқан еді құмарлық.

Самғап ұшу аспанда
Қауіпті еді, қатал - ды.
Ерлігі елден асқанда,
Ол ғарышкер атанды.

Талай істе ғажап, тың,
Туған ұлы қазақтың,
Тұңғыш ұшты ғарышқа.

Сөздікпен жұмыс.
Құрық - асау жылқыны ұстау үшін арналған ұшында ілмегі бар ұзын сырық.
Бұғалық – асау атты ұстауға арналған мықты қыл арқан.
Құлаш - ұрды - талапатнды, ұмтылды, талпынды.

Ғарыш әлемі. жүктеу
3 006
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тұңғыш ғарышкер Олжас Сүлейменов
Тұңғыш ғарышкер Олжас Сүлейменов
Оқушыларды тұңғыш ғарышкер туралы мәліметпен таныстыру. О. Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңімен таныстыру. Өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Тұңғыш ғарышкер. Олжас Сүлейменов
Тұңғыш ғарышкер. Олжас Сүлейменов
Тұңғыш ғарышкер туралы мәліметпен таныстыру. О. Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңімен таныстыру. Өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Физика және ғарыш
Физика және ғарыш
Физика сабағын ғарыш әлемінің игерілгеніне 50 жыл толуына байланыстыра отырып тақырыптарды қайталау. Ғалам құпияларын оқып білуге шақыру, өз елін, жерін сүюге қадірлеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Ғарышкерлер күні
Ғарышкерлер күні
12 - сәуір ғарышкерлер күні туралы түсінігін кеңейту. Ғарыш, ғарыш кемесі, ғаламшар, аспан денелері ұғымдарын қалыптастыру. Еске сақтау қабілетін, зейінін, тілін, байланыстырып сөйлеу дағдысын түзете - дамыту, сөз байлығын кеңейту, ұсақ қол
I want to be an astronaut
I want to be an astronaut
Қазақстаннан шыққан тұңғыш ғарышкерлер Юрий Гагарин, Тоқтар Әубәкіров жайлы шығармашылығы мен сіңірген еңбегі жайлы таныстыру, ғарыш айлағы космос жайлы ұғымдарын кеңейту
Тоқтар - тұңғыш ғарышкер
Тоқтар - тұңғыш ғарышкер
Атырау қаласы, Қ. Смағулов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ислямгалиева Ардақ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×