Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Физика және ғарыш

02 ақпан 2016, Сейсенбі
Категориясы: Физика
Атырау облысы, Жылыой ауданы,
Кульсары қаласы № 20 ЖОББМ
Садыкова Эльмира Тулегеновна

Сабақ тақырыбы: Физика және ғарыш
Мақсаты: Физика сабағын ғарыш әлемінің игерілгеніне 50 жыл толуына байланыстыра отырып тақырыптарды қайталау.
Ғалам құпияларын оқып білуге шақыру, өз елін, жерін сүюге қадірлеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Оқушылардың ғарыш туралы ой - өрісін кеңейту.
Түрі: танымдылық - қайталау сабағы
Әдісі: топтық жұмыс
Көрнекілігі: интерактивті тақта

Жүрісі:
1. Ұйымдастыру.
Оқушыларды үш топқа бөлу. Топ басшыларын тағайындау.
І топ: « Ғарыш»
ІІ топ: «Байқоңыр»
ІІІ топ: «Зымыран»

2. Сайыс түрлері:
- «Естігенім мен оқығанымды ұмытпаймын» - қайталау сұрақтарына жауап беру
Сұрақтар:
1) Жұлдыздар жүйесі қалай аталады? Галактика
2) Космонавтиканың негізін қалаушы кім? К. Э. Циолковский
3) Ғаламшарлардың Күнге ең жақын келетін нүктесі? Перигелий
4) Дүниенің гелиоцентрлік жүйесін ұсынған астроном? Поляк астрономы Н. Коперник
5) Ғаламшарлардың Күнге ең алыс кететін нүктесі? Афелий
6) «Байқоңыр» ғарыш айлағы қай жылы пайдалануға берілді? 1957 жыл, мамыр
7) Ең алғаш ғарышқа кім және қашан ұшты? Ю. Гагарин, 12 сәуір 1961 жыл
8) Бірінші әйел ғарышкер кім және ол қашан ұшты? В. Терешкова, 1963 жыл 16 шілде
9) Ғарышқа ең жас ұшқан ғарышкер кім? Г. С. Титов, 25 жасында
10) Ең алғаш қазақ ғарышкері кім және ол қашан ұшты? Т. Әубәкіров, 1991 жыл 2 қазан
11) Айға алғаш табан тіреген адамдар? Американдық ғарышкерлер Н. Армстронг, Э. Олдрин, М. Коллинз
12) Күн мен Жердің арақашықтығы? 1 а. б. немесе шамамен 150 млн. км
13) Ең жақын жұлдыз? Күн
14 ) Реактивті қозғалыс физиканың қандай заңына бағынады? Импульстің сақталу заңы
15) Қазақстанның ең алғаш ұшырылған ғарыштық байланыс жүйесі қалай аталады?
«KazSat - 1»
16) І, ІІ, ІІІ ғарыштық жылдамдықтар нешеге тең? 7, 9 км/с; 11, 2 км/с; 16, 7 км/с
17) Ю. Гагарин ұшқан ғарыш кемесі қалай аталады? Восток
18) Тоқтар Әубәкіров алғаш ұшқан ғарыш кемесі қалай аталады? Союз ТМ - 13

- «Сен білесің бе?» формулалар сайысы
1) Ауырлық күшінің формуласы.
2) ЖЖС - нің жылдамдығының формуласы
3) Бүкіләлемдік тартылыс заңының формуласы
4) Дене және күш импульстерінің формуласы
5) Импульстің сақталу заңы

- «Білетінімді пайдалана аламын» - есептер шығарудан сайыс.
Үш топ карточка бойынша таңдап алады.

№ 1
Зарядымен қоса есептегенде массасы 250 г болатын кішкене зымыранша вертикаль жоғары қарай 150 м биіктікке көтерілді. Заряд лезде жанады деп есептеп, зымыраннан бөлініп шығатын газ жылдамдығын анықта. Зарядтың массасы 50 г.

№ 2
Массасы 10 т ғарыш кемесі 9 км/с жылдамдықпен қозғалып келеді. Кеменің тежелуі кезінде тежеуіш қозғалтқыштар одан қозғалыс бағыты бойынша оның қабығына қатысты 3 км/с жылдамдықпен 1450 кг жану өнімдерін шығарады. Тежелуден кейінгі ракета жылдамдығын анықта?

№ 3
Кішкене зымыранның массасы 200 г. Ондағы жанғыш заттың массасы 50 г. Газ зымыран солосынан 100 м/с жылдамдықпен лезде шығады деп есептеп, зымыранның қозғалыс жылдамдығын анықтаңдар.

- «Бұл ҰБТ – де бар» Aktivote - мен тест жұмысын жүргізу

1) Ұшақ 60 м/с жылдамдықпен ұшып, сосын 20 с уақыт бойы 9 м/с2 үдеумен қозғалады.
Ұшақтың осы уақытта ұшып өтетін арақашықтығы?
А) 30 км
В) 3000 м
С) 900 м
Д) 300 м
Е) 9 км
2) Дененің қозғалысын материалдық нүктенің қозғалысы деп қарастыруға болмайтын
жағдай
А) Күнді айнала қозғалатын Жердің қозғалысы
В) Жерді айнала қозғалатын спутниктің қозғалысы
С) Алматыдан Мәскеуге қарай ұшқан ұшақтың қозғалысы
Д) станокта бөлшектің өңделу барысындағы қозғалысы
Е) Жермен салыстырғандағы жұлдыздардың қозғалысы
3) Екі дене арасындағы арақашықтық 3 есе артса, тартылыс күші
А) 3 есе артады
В) өзгермейді
С) 9 есе кемиді
Д) 3 есе кемиді
Е) 9 есе артады
4) Ғарыш кемесінің Жер бетінен 9Rж жердің қашықтығына алыстағандағы тартылыс
күші
А) 100 есе кемиді
В) 9 есе кемиді
С) 10 есе артады
Д) 10 есе кемиді
Е) 100 есе артады
5) Массасы скафандрымен 170 кг астронавтың табанының Ай бетімен арасындағы
үйкеліс коэффициенті 0, 5 болғандағы үйкеліс күші ( gай = 1, 6 м/с2 )
А ) 137
В) 136
С) 1370
Д) 85
Е) 140

- « Зерттеушілік қабілетім» - оқушылардың ғарыш және ғарышкерлер туралы қысқаша
хабарламаларын тыңдау.

3. Қорытындылау.
4. Үйге тапсырма беру.
5. Бағалау. Сабақта белсенділік көрсеткен оқушыларды мадақтау.
8 646
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Ғарыш әлемі
Ғарыш әлемі
Оқушыларға өлеңнің мазмұнын түсіндіре отырып, қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров жайлы шығармашылығы мен сіңірген еңбегі жайлы таныстыру, ғарыш айлағы космос жайлы ұғымдарын кеңейту.
Ғарышқа сапар
Ғарышқа сапар
Балаларға ғарыш әлемі жайлы түсінік беру, ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу. Таным белсенділігін дамыту.
Менің Айға сапарым
Менің Айға сапарым
Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің 3 «Г» сынып оқушысы Жұмағали Дәулет Мұғалімі: Тұңғышбаева Балдырған Алтынбекқызы
Жер - ғарыш денесі. Ғарыш дегеніміз не?
Жер - ғарыш денесі. Ғарыш дегеніміз не?
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Амирова Эльмира Қадірліқызы
Физикадан қайталау сабақ
Физикадан қайталау сабақ
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, №24 орта мектептің физика пәні мұғалімі Серикова Эльмира Зановна
Ғарышқа жол ашқан күн
Ғарышқа жол ашқан күн
Алғаш рет 1961 жылдың 12 сәуірінде адамзат тарихындағы тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин аспан әлеміне жол тартқан күннен бастап, міне, дәл бүгінгі күнге дейін жарты ғасырға жетерлік уақыт өтіпті. 50 жылда адам баласының ғарышты игеруі қарыштап дамып,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×