Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Астана қаласы. Нәтиже сабақ 4 сынып

06 маусым 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
«Астана қаласы» Нәтиже сабақ 4 сынып.

Білімділік: «Астана қаласы» тақырыбы бойынша өз ойларын жеткізуге үйрету; білімдерін пысықтау, алған білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: ауызекі тілде сөйлеуге дағдыландыру; жалғауларды дұрыс қолдануға жаттықтыру;
Тәрбиелік: еңбекке баулу, мәдениеттілікке, оқушыны досын сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру (амандасу, түгендеу)
Психологиялық жағдай: Бүгінгі сабағымызда бір - бірімізге сәттілік тілей отырып сабағымызды бастайық.
Фонетикалық жаттығу: Отан - менің ата - анам,
Отан – досым бауырым
Отан – өлкем, Астанам
Отан – туған ауылым.

II. Нәтиже сабақ (тапсырмалардың бәрі слайд арқылы беріледі)
Оқушыларға сабақтың мақсатымен таныстырып, құрылымын айтып шығамын.
Сабағымыз саяхат түрінде өтеді, әрі аялдамаға тоқталып, тапсырма орындаймыз және топқа бөлінеміз. Бағаланған кезде, осылай бағалаймыз (қызыл фишкалар) толық фишка –«5», жарты фишка –«4», төрттен бір бөлігі –«3».
Саяхат картасы:
1аялдамасы: Вокзал
2. Бәйтерек
3. Пирамида
4. Ақ Орда
5. Парламент ғимараты

1 - тапсырма. «Вокзал» аялдамасы Сөздік жұмыс, жұп тақтаға шығады, екінші жұптар сөздерді айтады, орыс немесе қазақ тіліне аударады.
2 - тапсырма. «Бәйтерек» аялдамасы жұппен жұмыс, берілген сөздерден мәтін құрастырады.
Астана қаласы.
Астана – Қазақстанның бас қаласы. Қала Есіл өзені жағасында орналасқан. Қаланың көптеген көрікті жерлері бар. Астана Президент сарайы, Парламент ғимараты, Жастар сарайы, Пирамида, Бәйтеректің биіктігі 105 метр, көп қабатты тұрғын үйлер бар.
Астана мемлекеттің саяси, экономикалық, мәдени орталығы. Астанаға қонақтар көп келеді. Астана меймандос қала.

Сұрақтар:
1. Қазақстанның бас қаласы қай қала? 3. Астана қаласында нелер бар?
2. Қала қай жерінде орналасқан? 4. Астана ненің орталығы? Астана қандай қала?
5. Астанаға кім көп келеді?
3 - тапсырма. «Пирамида» аялдамасы сөздерге көптік жалғауларды қосып жазады.
4 - тапсырма «Ақ Орда» аялдамасы сөйлемдерді дұрыс құрастыру (карточка беріледі)
5 - тапсырма. «Парламент ғимараты» аялдамасы сөзжұмбақты шешу.
1. гости
2. Қазақстанның бас қаласы?
3. Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев кім?
4. Здание
5. девочки
6. гостеприемный
7. центр
8. Бейбітшілік және келісім сарайы?
9. культурный

III. Сабақты тест сұрақтарымен пысықтау, қорыту.
Қосымша материал « Астана» тақырыбына тест.
1. Қазақстанның бас қаласы?
А) Алматы ә) Өскемен б) Астана в) Қызылорда
2. Астана қай өзеннің жағасында орналасқан?
А) Үлбі ә) Есіл б) Ертіс в) Сырдария
3. Қаланың көптеген нелер бар?
А) әдемі орындар ә) көрікті жерлер б) үлкен саябақ в) мектептер
4. «Биік ғимарат» аудармасын тап.
А) высокая гора ә) высокий дом б) высокое здание в) высокий человек
5. «Дворец мира и согласия» аудармасын тап.
А) спорт сарайы ә) бейбітшілік және келісім сарайы б) мәдениет сарайы в) жастар сарайы
6. Астананың символы?
А) көпір ә) өзен б) бәйтерек в) сарай
7. Сен қай облысында тұрасың?
А) Батыс ә) Оңтүстік б) Солтүстік в( Шығыс
8. «Көптік жалғаулар» аудармасын тап.
А) падежные окончания ә) окончания множеств. числа б) притяжательные окончан. В) личные окон
9. «Ғимарат, қарындаш, кітап» сөздеріне дұрыс көптік жалғауын қос.
А) – дар ә) – лар б) – тар в) – лер
10. «Бала, қала, тау» сөздеріне дұрыс көптік жалғауын қос.
А) – тар ә) – тер б) лар в) – дар
11. Астана қандай қала?
А( кішкентай ә) көрікті б) меймандос в) көне
12. Астана ненің орталығы?
А) әдеби б) мәдени б) спорт в) жастар
13. астанаға қонақтар көп келе ме?
А) иә ә) жоқ
14. Сенің ұлтың кім?
А) қазақ ә) украин б) орыс в) тәжік
15. Қазақстан қандай мемлекет?
А) кішкентай ә) әдемі б) үлкен в) көрікті
16. Тудың авторы кім?
17. Елтаңбаның авторы кім?
18. Қазақстанның рәміздері?
А) кітап, Бәйтерек, гимн ә) гимн, елтаңба, кітап б) ғимарат, Бәйтерек, ту в) ту, елтаңба, гимн
19. Жуан сөзді тап.
А) оқулық ә) ән б) сіңлі в) Бәйтерек
20. Жіңішке сөзді тап.
А) ән ә) оқушы б) орындық в) спорт
IV. Үйге тапсырма: Астана қаласы туралы өздеріне ұнаған өлеңдерді жаттап келу.
3 547
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Астана – көрікті қала
Астана – көрікті қала
Астана қаласындағы «Бәйтерек» монументі туралы ақпарат беру. Отанымыздың бас қаласы Астана туралы түсініктерін жетілдіру.
Менің Қазақстаным
Менің Қазақстаным
Жаңа сөздермен таныстыру, оларды оқушылардың белсенді сөздік қосуға жаттықтыру. Оқушылардың сөйлеу әрекетін (оқу, тыңдау) қазақша ойлауын, есте сақтауын дамыту.
Менің Астанам. Ірі құрылыс материалдарымен ұжымдық жұмыс
Менің Астанам. Ірі құрылыс материалдарымен ұжымдық жұмыс
Астанаға саяхат. Бізде Астана қаласына серуенге барайық деп, тәрбиеші өзі мультимедиа арқылы Астана қаласының көрікті жерлерін таныстырады. «Хан шатыры», «Нұр - Астана мешіті», «Бейбітшілік және Келісім сарайы», «Астана - Бәйтерек», «Қазақ елі»
Мен қазақша сөйлеймін
Мен қазақша сөйлеймін
Өскемен қаласы, "№26 орта мектебі" КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рахимова Арайлым Сабикановна
Өткенді пысықтау
Өткенді пысықтау
Астана қаласы, №61 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Букенбаева Замзагуль Кабдолловна
Астана - бас қала
Астана - бас қала
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «№11 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Искакова Гүлмираш Рымбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×