Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бақыт құшағында

09 сәуір 2015, Бейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Тақырыбы: Бақыт құшағында
(7 - сыныпқа арналған «өзін - өзі тану» сабағының жоспары)
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:
- Оқушыларға адам өміріндегі қуанышты сәттер, істеген игі істерден рақаттану, барды қанағат тұту және жалпы және жалпы адам бақыты туралы түсіндіру;
- Оқушыларды рухани адамгершілік қағидаларда өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай алуға тәрбиелеу
Көрнекті құралдар: оқулық, дәптер, слайд, суреттер

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2. Үй тапсырмасын тексеру
М: Жұмабаевтың «Сен сұлу» өлеңін мәнерлеп оқып, өлең мазмұнына сәйкес табиғаттағы сұлулық туралы пікірлерін жазу.

3. Дәйексөз
Бақыттың мәні парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсат тек кездейсоқ рақат үшін емес, шынайы игілік үшін бағытталуында, адамның өз мінез - құлқын, іс - әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында. (Әл - Фараби)

Дәйексөзді топқа бөлу арқылы оқиды, дәптерлеріне жазады.
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?
Оқушылардың жауабын таңдай отырып қорытынды жасау.

4. Әңгімелеу
Бақытқа барар жол (Қ. Толыбаев).

Бір құжырға жиналып, әңгімеге кіріскен шәкірттер қыза келе бақыт жайында пікір таластырды. Әрқайсысы көкейлеріне түйген өз ойларын ортаға салды.
- Бақыт - байлық пен қазына,- дейді біреуі. Оған екіншісі келіспейді.
- Жоқ, бақыт – ойлаған мақсат арқылы көксеген мұратты жүзеге асыру.
- Олай да емес,- дейді үшіншісі,
- Бақыт - ойлаған мақсатыңды күштеп болса да орындап шығу...
Талас ұзаққа созылды. Тиянақ табылмады. Келесі күнгі сабақта шәкірттер осы пікірлерін ұстазы Әбунасырдың алдына жайып салды.
- Ұстаз, бақыт деген не? Сол бақытқа қалай жетуге болады?- деген сұрақ қойды біреуі.
- Бақыт – қолға ұстата салатын зат емес, ол ой мен қиялдың мақсатқа жеткізетін, мұратты орындауға жол ашатын түйіні,- деді де, ұстаз бұл күнгі сабақтағы уағызын осы мәселеге арнауды ұйғарды.
- Олай болса, мен сол бақыт туралы пікірлерімді айтайын...
Бақыт – алға қойған мақсатың мен көксеген мұратыңның орындалуы. Бақыт нышаны ой арқылы танылса, бойдағы талпынтқыш күш арқылы ілгері құлшынуың керек. Қиялдың және сезімнің жебеуімен бақытқа жету үшін сол бақыттың түбін терең анықтап алған жөн. Осы әрекеттер адамды табындыратын күш - қуатпен анықталатын болса - адамдардың барлық қимылы өздерін жақсылыққа кенелтеді. Сол жақсылық ¬¬- бақыт.
- Байлық бақытқа жеткізеді дегенге қалай қарайсыз? – деп сұрады тағы бір шәкірт.
Әбунасыр тасқынды оймен шиыршық ата толғанды:
Байлық – тіршілік етуге ғана қажетті қаражаттың молдығы,- деп өзінің пайымын түсіндіре бастады. Байлық – байлық емес. Байлықтың сипаты өгіздің жем - шөпке тойып тұрғаны секілді ғана құбылыс. Ынсап пен адамдыққа жат ниетке тыйым болмаса, байлықтың өзі адамды аздырады. Пиғылын бұзады. Мұратсыз бақыт та жоқ. Көксеген мұратың көптің мүддесімен қабысса, сол жолдағы әрекетің мұратыңның орындалуындағы діңгек болар. Бақытқа жеткенің – мұратыңның орындалғаны. Ұстаздың ұлағатты ойларынан тәлім алған шәкірттер бұл күні өмір ағысының тағы бір арнасынан сусындады.

Талқылау сұрақтары:
1. Шәкірттер ұстаздан не туралы айтып беруді өтінді?
2. Бақыт туралы ұстаз қандай ой айтты?
3. Бақыт дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?
4. Бақытқа жету үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

Мәтіннен оқушылар түйіндейді:
Әр адам өз өмірінің бақытты болуын армен ететінін, ол үшін алдына мақсат қойып, көптеген игілікті істерді жүзеге асыруға ұмтылу, сол арқылы әр ісінің нәтижесіне қуана білген адамның бағы арта түсетінін түсініп, жадына түйеді.

5. Шығармашылық жұмыс.
І топ: «Бақытты болғым келеді» тақырыбында ой - толғау жазу
ІІ топ: «Бақыт» жайлы өлең жазу.

6. Топпен ән айту
«Бақыт құшағында»
Сөзі: Т. Молдағалиевтікі
Әні: Ш. Қалдаяқовтікі

Көзіңнен бір ұшқын,
Ұшты ма білмедім.
Әйтеуір нұр құштым,
Әйтеуір гүлдедім.
Көктемнің бұлбұлы
Кеудеме қонады.
Құшаққа қыр гүлі
Толғандай болады.

Қайырмасы:

Кел, билейік, кетпе менің қасымнан,
Қызғалдағым таң нұрымен ашылған.
Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды,
Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған.

Әнбісің төгілген,
Жырымсың армандай.
Бір бақыт көрінген
Жақындап қалғандай.
Жанардың ұшқыны
Жүректе жанады.
Қолыңның ыстығы
Қолымда қалады.

Қайырмасы.

Мен бүгін бұлақпын
Ілгері жүгірген.
Бір нәзік шуақпын
Жаныңа үңілген.
Сүйемін мен күнді,
Көңілді, жалынды.
Сен биле еркімді,
Әлдиле жанымды.

Қайырмасы.

7. Үй тапсырмасы
М. Мақатаевтың «Бақыт» деген өлеңін жаттау

8. Соңғы тыныштық сәті
Ыңғайланып отырыңыздар, көздеріңді жұмыңдар. Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңізді іштеріңізден қайталаңыздар және осы сабақтан үйренген жақсы қасиеттерді ойымызға түйіп, жүрегімізде сақтайық.
Рахмет.
Сабақ аяқталды.
Сау болыңыздар!
13 031
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ұқыпты бала - әдепті бала
Ұқыпты бала - әдепті бала
Оқушыларға әдептілік, сыпайылық адами қасиеттер туралы түсінік беру арқылы сүйіспеншілік құндылығын ашу.
Сыр мен сымбат
Сыр мен сымбат
Оқушыларға қоршаған орта, табиғат сұлулығы жөнінде адамның сыртқы ортаға деген қатынасының үндестігі туралы түсінік беру.
Бақыт құшағында
Бақыт құшағында
Барды қанағат тұту, жалпы адам бақыты туралы түсіндіру. Ішкі тыныштық құндылықтарын дамыта отырып, жақсы азамат болуға дағдыландыру.
Бақыт құшағында
Бақыт құшағында
Адам өміріндегі қуанышты сәттер, істеген игі істерден рахаттану, барды қанағат тұту және жалпы адам бақыты туралы түсіндіру.
Бақыт құшағында
Бақыт құшағында
Бақыттың мәні - парасаттылықта, әр кісінің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсат тек кездейсоқ рақат үшін емес, шынайы игілік үшін бағытталуында, адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында.
Риясыз сүйіспеншілік
Риясыз сүйіспеншілік
«Абайтану» орталығы мен «өзін - өзі тану» пәні сабағының байланысын түсініп, рухани - адамгершілік сүйіспеншілік құндылығының негізінде махаббат және кішіпейілділік, аянбай қызмет ету, мейірімділік қасиеттерінің маңызын кеңірек ұғыну.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×