Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош, сүйікті Әліппем!

08 қаңтар 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Қош, сүйікті Әліппем!
Мақсаты: Әліппе оқулығынан алған білімдері –барлық білім - ілімнің бастамасы екенін түсіндіру, білімнің адам өміріндегі маңызын ұғындыру. Оқушылардың білімділік белсенділігін арттыра отырып, ұжымдық жұмыс нәтижесіне жетуге дағдыландыру.
Барысы:
Мұғалімнің құттықтау сөзі:
- Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар! Балаларыңыздың білім шыңына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын!Сіздерді «Қош, сүйікті Әліппем!»мерекесіне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
- Ортаға кішкентай ақындарымызды шақырамыз
Мінездері аңқылдаған
Жүздерінде күлкі ойнаған
Білімге құмар, талпынған
Ортаға шықсын
Жаннұр, Нұрай Гүлнұр
Қыздарымыз жарқыраған.

Сыныпты алға тартатын
Достарымен бірге ән салатын
Болашақ ақын ұлдарымыз
Ильяс, Елдар, Бағдәулетті
Шақырайық ортаға
-Сөз кезегін кішкентай ақындарымызға береміз

Көп оқитын, көп тоқитын (Гульнур)
Әжесінің еркесі
Диляра шықты ортаға.

Сабырлы да салмақты
Үйреніп бәрін жүретін
Асанали келеді
Алшаң басып аяқты.

Келе жатыр Ерзат
Мамасына қолғанат

Дарасы болар даланың
Арсен деген баланың
Кең маңдайлы Аруана (Бағдәулет)
Әдемі еді қандайды.

Жақсылықты жақтайтын
Бәрін біліп жаттайтын
Мирас келді ортаға.

Қылығы оның сүйсінтер
Еркетотай Жанерке.

Есімі Әсет болады
Есепті де шағады.

Ерке Ажар келеді (Жаннұр)
Дөңгелене билейді.

Спорта алда болатын
Сурет салуды ұнататын
Данияр келсін ортаға.

Бармағынан бал тамған.
Балдай тәтті Еркежан.

Қиқарлықты қоятын (Елдар)
Тентектігін жоятын
Досжан келді ортаға.

Зерделі де, зейінді,
Зерек , кішіпейілді
Жанерке шықты ортаға.

Білімге құмар, талпынған
Жайраңдаған жарқын жан-
Әлинұр тұр ортада.

Міне келді Батырхан (Нұрай)
Ай мен күні анасының
Ақылдысы атасының

Сәулелі де сымбатты
Сөйлегені тым тәтті
Айша деген қыздары
Сіздерге арнап тіл қатты.

Жұмсағанда баратын
Айтқан тілді алатын
Елнұр келді ортаға.

Дос қадірін білерсің (Ильяс)
Бірге жүрсең Дамирмен

Шуағын шашып айнала
Алуа шықты ортаға.

Ортаға келді Алишер
Сәулелі де сымбатты
Сөйлегені тым тәтті
Қылықтары тәп-тәтті.
Мұғалім:
Өсті , міне бойларың
Өсті, міне ойларың.
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың!
Ортаға дикторларымызды шақырамыз
Дикторлар
Кешегі сәби балаңыз Батырхан
Жарады міне қараңыз
Ғылым білім жолына
Енді қайық саламыз
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны Әліппе Алуа
Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық тойладық Әсет
Оқыған оны ғалымда
Оқыған оны мұғалімде
Оқыған оны көсемде
Жазушы ақын дарында Жанерке
Бар білімнің бастауын
Әліппеден бастадым
Үйренуге талпындым
Құлшынып балғын жас жаным Асанали
Бар кітапқа бас болған Досжан
Әліппе ғылым данасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы
Ізгілікті ойға тоқитын, Дамир
Шәкірт боп үздік оқитын.
«Әліппе» атты кемемен,
Кеземін білім мұхитын.
Оқитын әрі жазатын, Диляра
Білімге қол созатын
Оқушы болдық сауатты,
Білімнің тегін қазатын.
Әліппе даңғыл жол ашты, Аруана
Жаңадан пәндер жалғасты.
«Әліппе» сырын ашатын,
Рахмет ұстаз алғашқы! деп ортаға сүйікті Әліппемізді шақырамыз
Әліппе:
Армысыздар , жас достар!Жанерке
Армысыздар ата- аналар.
Болашаққа жол бастап,
Әліппе келді ортаға.
Білім деген ғажайыптың
Әліпбиін меңгерген
Келешегі Қазақтың
Басталады сендерден.
Әліппемізге арналған ән «Әліппе»
Әріптердің тойында, Арсен
Әркім құмар ойынға.
Әріптер сыр ашады,
Әсем биге басады.
Алфавиттің «А» тұрады басында, Еркежан
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында,
Байқадың ба «Б» тұрады үшінші
Ал осының сыры неде түсінші?
«А» деген, ол аналар ғой ардақты, Ельнұр
«Ә» деген, ол әкелер ғой салмақты.
«Б» деген, ол балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Алшақ кетпей...Алинұр
Сондықтан да расында,
Тұрады олар
Алфавиттің басында.
Қазақ биі «Ұлытау» орындайтын Бахчанова Ажар
Сахналық қойылым (Аю, түлкі, қоян, тиін, тышқан)
Аю:
- Бұл қай жер? Ештеңе түсінсем бұйырмасын! Мыналар не, әріптер ме? Бұл не деген жазу екен? Қап, оқи алмаған қандай жаман!
Түлкі:
Сәлеметсің бе аю!
Аю:
Сәлеметсің бе түлкі!
Түлкі :
- Сен бұл жерде не істеп жүрсің?
Аю:
- Оқи алсам мына жазуларды оқығым келеді.
Түлкі :
- Кел аю, екеуміз бірге оқиық , мен де оқығым келеді.
Қоян : Сәлеметсіңдер ме достар!
Екеуі:
Сәлеметсің бе қоян!
Қоян:
- Айтыңдаршы екеуіңіз не істеп жүрсіңдер бұл жерде?
Екеуі: Біз мына жазуды оқығымыз келіп тұр.
Қоян:
А, олай болса бірге оқиық , мен де оқығым келеді.
Екеуі:
Кел онда, оқысақ оқиық.
Тиін:
- Сәлеметсіңдер ме достарым!
Үшеуі:
Сәлеметсің бе тиін!
Тиін:
Барлығың мында жиналыпсыңдар , не істемек ойларың бар?
Үшеуі:
Мына жазуды оқымақ ойымыз бар.
Тиін:
Онда бірігіп оқиық.
Үшеуі:
Оқысақ оқиық!
Тышқан:
- Сәлеметсіңдер ме достарым!
Төртеуі:
- Сәлеметсің бе Тышқан досымыз!
Тышқан:
- Бәрің маған айтпай не істеп жүрсіңдер бұл жерде?
Төртеуі:
Мына жазуды оқысақ деген ойымыз бар.
Тышқан:
- «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», дейді , бірге оқиық!
Төртеуі:
Оқысақ оқиық!
Аю:
- Менің ойымша бұл - «бал» деген жазу
Түлкі:
- Ал, менің ойымша бұл - «Та - уық» деген жазу.
Қоян:
- Ал, менің ойымша бұл - «Сә - біз» деген жазу.
Тиын:
- Жоқ, жоқ бұл – «жаң - ғақ» деген жазу
Тышқан:
- Не деген көп жазу , бұл қандай сөз болды екен а?
Әліппе:
- Неге дауласып жатырсыңдар достарым? Оқи алмасаңдар балалардан сұрамайсыңдар ма?
- Балалар , сендер Әліппені оқып бітірдіңдер, олай болса аңдарға оқып көмектесейік.
Балалар:
Мек - теп.
Аңдар:
Мектеп? Мектеп деген не?
Әліппе:
-«Мектеп» деген - балалар оқып , білім алатын үй.Қазір сендер мектепте тұрсыңдар.Бүгін 1 «Ә» сыныбында алғаш кітабы Әліппемен қоштасу салтанаты өтуде. Мектептен неге үйренуге болатынын балалардың әнінен білесіңдер.
Әліппе:
Ұстаздар мен балалар
Аталар мен аналар
Танысыңдар досыммен
Достасыңдар осымен
Аттанғанда бүгін мен
Ана тілін таныңдар
Олай болса өзімінің досым Ана- тілі оқулығын шақыруға рұқсат етіңіздер.
Ана тілі
Армысыздар ағайын Алишер
Қош келіпсіз баршаңыз
Менде есік қағайын
Алтын күздің сыйындай
Құтты болсын қуаныш
Құтты болсын мейрамың
Құтты болсын тойларың
«Мектеп» туралы ән
Қош болып тұр, әліппе, анамдайсың,
Жақсы бол деп, біздерге алаңдайсың.
Мен үйреткен әріптің құдіретімен,
Дейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың.
Ойын «Шыршаны безендіру»
«Отан туралы» әнімен аяқтау.

«Ән шашу»- әжелер шашу шашады
Ата-аналардың құттықтау сөздері.
6 377
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош бол, сүйікті Әліппем
Қош бол, сүйікті Әліппем
Ата - аналарға баланың 4 айда қандай білім игергенін іс - жүзінде көрсету. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, кеш барысында өзін - өзі дұрыс ұстауға ана - тілін сүйіп қастерлеуге тәбиелеу
Қош бол, сүйікті әліппем!
Қош бол, сүйікті әліппем!
Тақырыбы: Қош бол, сүйікті әліппем!
Қош бол, құтты әліппем!
Қош бол, құтты әліппем!
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Қ. Сәтбаев атындағы ЖОББМ Бастауыш сынып мұғалімі: Кожагалиева Айнур Набигалиевна
Қош бол, сүйікті Әліппем!
Қош бол, сүйікті Әліппем!
Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатының, әліппенің кең дүниеге есік ашатының сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру; сүйікті оқулықтары - Әліппемен қоштасу кешінде оқушылардың қабілеттерін, шеберліктері
Қош бол, құтты Әліппем!
Қош бол, құтты Әліппем!
Қостанай облысы, Рудный қаласы, №15 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Салтенова Нұргүл Сақтағанқызы
Қош бол, сүйікті Әліппем!
Қош бол, сүйікті Әліппем!
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш класс мұғалімі Бураханова Айгүл Абдулхаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×