Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Буын

13 қаңтар 2017, Жұма
Сабақтың тақырыбы: Буын
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға буын туралы түсінік беру; оқушылардың есте сақтау қабілеті мен ойлау дәрежелерін дамыту; шығармашылыққа баулу, сауатты жазуға, жауапкершілік пен ұқыптылыққа баулу.
Күтілетін нәтижесі: Буын туралы алған білімін күнделікті өмірде пайдалана білетін болады. Сөзді буынға бөліп біледі.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Көрнекілігі: Оқулық, презентация, кеспе қағаздар, жетондар
Сабақтың әдісі: Проблемалық әдіс, сұрақ жауап, түсіндіру, баяндау, топтық жұмыс.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
а) оқушылардың зейінін тұрақтандыру.
ә) сабақтың ұранымен таныстыру.
Зе - йін қой - саң - ұ - ғар - сың,
Із - де - сең – та - бар - сың,
Та - лап - тан - саң – же тер - сің.
б) оқушылардың психологиялық тұрғыда сабаққа дайындау мақсатында тренинг өткізу.
(оқушылар қол ұстасып тұрып, бір - біріне сәттілік, жақсы тілектер тілейді.)
Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсат - міндеттерін айту. Бүгінгі сабақта мына кезеңдер бойынша жұмыс жүргіземіз.
1. Қайталау – оқу анасы.
2. Буын дегеніміз не?
3. Кітап - досың, ақылшың. (Жаттығулар жұмысы) Топтық жұмыс
3. Білімді мыңды жығар.
4. Шығармашылық жұмыс.
5. «Интервью» әдісі
Қайталау – оқу анасы. Оқушылар бір - біріне «гүл сыйлау» әдісі арқылы өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды.
«Топтастыру» әдісі арқылы буын сөзіне постер қорғайды. (оқушылардың бұрыннан білетін білімдерін еске түсіру арқылы буын туралы білетіндерімен постер қорғату)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.
Электронды тақта арқылы жаңа сабақ туралы толық мағлұмат беремін.
Фонетика саласының бір түрі - буын. Сөз бірнеше фонетикалық бөліктерге бөлінеді. Мысалы:
"А - на – ең ә - де - мі ә - уез – ді сөз" деген қанатты сөйлемде бес сөз бар. Бұл сөйлемдегі сөздер естілуі жағынан бірнеше шағын дыбыс тобына жіктеліп тұр. Әрбір фонетикалық бөлшек буын не бірнеше дыбыстан құралады.
Буын дегеніміз – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек.
Буынға тән белгілер:
1. Дауысты дыбыссыз буын болмайды.
2. Дауысты дыбыстың бір өзі буын құрай алады. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.
3. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
4. Буында мағына болмайды.

ІV. Кітап - досың, ақылшың. (Жаттығулар жұмысы)
296 - жаттығу.
Топтық жұмыс
1 - топ. Мәтіннен тарихи сөздерді тауып, оларды буынға бөлу.
2 - топ. Мәтіндегі төрт сөзге фонетикалық талдау жасау.
Садақ, қозы, алтын, қол
3 - топ Топтастыру. Махамбет кім?
Махамбет

Батыр
Ақын
Қолбасшы
Жауынгер
4 - топ Өлеңді мәнерлеп оқу. Бір буынды сөздерді табу.

V. Білімді мыңды жығар. 297 - жаттығу
1 - топ. Мәтінді буынға бөліп оқып, түсінік айту.
2 - топ. Қазақтың аңшылық кәсібі жөнінде әңгімелеу.
Өз жеріміздегі құстарды ата.
3 - топ. Аңшылық туралы мақалдар тауып жазу.
4 - топ. Өз жеріміздегі құстарды ата.
Буынға бөліп оқы.

VІ. Шығармашылық жұмыс.
299 - жаттығу.
1 - топ. Суреттер топтамасындағы 4 - суретке қарап, табиғат көрінісін суреттеп жазу.
2 - топ. Табиғат көрінісі туралы бір шумақ өлең оқу.
3 - топ. Табиғат көрінісіне сурет салу.

VІІ. Сабақты қорыту. «Екі минуттық эссе» әдісі.
Тақырыбы: «Буынның сөйлеудегі маңызы»
Кері байланыс. «Интервью» әдісі
ІХ. Үйге тапсырма
300 - жаттығу. Ереже жаттау
Х. Бағалау. Жетондарды санау арқылы бағалау.
3 515
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Буын
Буын
Оқушыларға буын және оның түрлері жайында жалпы мағлұмат бере отырып, буын түрлерін меңгерту.
Буын түрлері. Ашық буын
Буын түрлері. Ашық буын
Оқушыларға буын туралы түсінік беру, буынның түрлерімен таныстыру және жасалу жолдарын үйрету.
Буын түрлері
Буын түрлері
Буын туралы түсінік беру, буынның түрлерімен таныстыру және жасалу жолдарын үйрету.
Буын және тасымал
Буын және тасымал
Буын, тасымал туралы бірінші сыныпта алған білімдерін еске түсіру, қайталау; дауысты дыбыстың буын құрайтыны, буынға бөлінген сөздердің барлығы бірдей тасымалдана бермейтіні туралы түсініктерін тереңдету;
Буын және тасымал
Буын және тасымал
Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Приозерный негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шамилова Сарагүл Ибрайвна
Буын түрлері
Буын түрлері
Ақтөбе қаласы, №26 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Асқарова Гүлмира Амангелдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×