Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шалғын өсімдіктері мен жануарлары

30 қазан 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану 4 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Шалғын өсімдіктері мен жануарлары
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға шалғын өсімдіктері мен жануарлары, олардың ерекшеліктері мен тіршілігі туралы мағлұмат беру.
Сабақтың міндеті: 1. Оқушыларға шалғын өсімдіктері мен жануарлары туралы түсінік беру
2. Оқушылардың сөздік қорларын, тіл байлығын, ізденімпаздық, ойлау қабілетін дамыту.
3. Табиғаттағы жануарлар мен өсімдіктерді пайдаланып қана қоймай, қорғап сақтауға, ұқыпты пайдалануға, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: ой қозғау, түсіндіру, әңгімелеу, «менен сұрақ, сізден жауап», тест.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, АКТ
Түрі: жаңа білімді меңгерту

Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі (2мин)
II. Психологиялық ахуал (2мин)
• Топқа бөліну
III. Үй тапсырмасы
• Лездеме сұрақтар (8 - 10 мин)
IV. Жаңа білімді игеру (5 - 8 мин)
1. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты
2. Шалғын суреті Абай «Жаз» өлеңі аудио
3. Ой қозғау (2 мин)
4. Анықтама (2 мин)
V. Оқулықпен жұмыс (5 мин)
1. Мәтін оқу (3мин)
2. Мәтінді талдау (2 мин)
VI. Сабақты бекіту
• «Менен сұрақ, сізден жауап» (ауызша сұралады) 3 мин
• Миға шабуыл
VII. Сергіту сәті (2 мин)
VIII. Дәптермен жұмыс (5 мин)
• Сөйлемдегі ойды аяқтап жаз
• Ой түрткі сұрақ
ІX. Қорытындылау
• Кілтті сөздермен мәтін құрастыру
X. Бағалау ХІ. Үй тапсырмасы
XІI. Рефлексия (1мин)

Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық (2мин) (Слайд+ музыка цветов қосылады)
Мынау менің - жүрегім, бәрі осыдан басталған,
Мынау ақылды - басым, бәрін осы басқарған.
Мынау менің - оң қолым, мынау менің - сол қолым,
Барлық істі басқарған,
Көңіліміз шаттыққа толсын,
Бүгінгі күніміз сәтті болсын!
- Ал енді, балалар осындай жақсы көңіл – күймен сабағымызды бастайық. Ол үшін топқа бөлініп алайық.
Мына қима қағаздарды алып, әркім өз орнын тапсын. Өсімдіктердің атауы жазылған қима қағазды алған балалар «Өсімдік» тобына, жәндіктерді алған балалар «Жәндіктер» тобына, жануарларды алған балалар, «Жануарлар» тобына барып отырсын.
- Әр топ ақылдасып топ басшыларын сайлап алыңдар. Әр топ басшылары бағалау алдарындағы «Бағалау парағын» алып, топ тізімін жазып, тапсырмалар бойынша бағалап отырасыңдар.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (8 - 10 мин)
- Балалар үйге қандай тапсырма берілгенін есімізге түсіріп алайық. Лездеме сұрақтары арқылы кезектесіп жауап береміз.
Лездеме сұрақтар (Слайд)
1. Бізді еліміз Қазақстан қай материкте орналасқан? (Еуразия, Азия дүние бөлігі)
2. Қазақстанның жер бедері қандай? ( жазық, далалы, аласа таулы аймақты)
3. Қазақстан жерінде жауын – шашын мөлшері неге аз? (мұхиттан алыс орналасқан)
4. Жазық жерлер еліміздің қай тұстарында орналасқан? (Солтүстік, Батыс )
5. Таулы аймақтар деп қай жерлерді айтуға болады? (Шығыс, Оңтүстік шығыс)
6. Әр өлкенің жануарлары мен өсімдіктер дүниесінің әртүрлі болуы неліктен?
(табиғат жағдайы, топырағы, ауа райы бірдей емес.)
7. Табиғи бірлестік дегеніміз не?
(тірі ағзалардың өзара өлі табиғатпен бірлесіп тіршілік етуі)
8. Қандай бірлестіктерді білесіңдер? (таулы жерлер, далалы, шөлді, шөлейтті, шалғынды )

ІІІ. Жаңа сабақ тақырыбын таныстыру, мақсат қою. (8 мин) (Слайд)
- Өте дұрыс ендеше біз бүгінгі сабағымызды «Шалғын өсімдіктері мен жануарлары на арнаймыз, Сабағымыздың мақсаты: Шалғын өсімдіктері мен жануарлары, олардың ерекшеліктері мен тіршілігі туралы мағлұмат аламыз
(Слайд Шалғын суреті шығады, Абай «Жаз» өлеңі аудио арқылы қосылады.)
– Балалар, суретте қандай жер бейнеленген? Қане, балалар, шалғын дегеніміз не? Ол жайлы не білеміз? Көз алдымызға не елестейді? «Ой қозғап» көрейікші!
(Көк шөп жайқалып, биік қалың өскен жерді айтамыз. Шалғынды жер жасыл кілемдей құлпырып тұрады. Шалғында неше түрлі әдемі гүлдер өсіп тұрады. Мал жайылады. Дәрілік өсімдіктер көп болады. Құстар, жәндіктер көп. Походқа барғанда Ертіс өзені жағалауынынан шалғынды көрдік, ойнадық)
– Шалғында ойнағанда ешқай жерін ауырған жоқ па? (Ол жерде шөп қалың)
- Шалғынды жерге айналу үшін ең бастысы не қажет? Көк шалғын қандай жерлерде өседі? Сонымен балалар, «Шалғын» дегеніміз не? Осы айтқандарымызды қорытып, тұжырым жасап көрейікші.

( Көк шөп жайқалып, қалың өскен неше түрлі гүлдерге, құстар мен жәндіктерге толған, мал жайылатын, ылғалы мол жерді Шалғын дейміз.)
Слайд Шалғын Ережесі.
- Балалар, шалғынды қандай жерлерден кездестіруге болады? (Өзен, көл аңғарларынан, тау етегінен)

V. Оқулықпен жұмыс (5 мин) (Слайд)
- Ал, енді балалар, кітабымыздың 76 бетін ашып, мәтінмен жұмыс жасаймыз. Шалғын өсімдіктері туралы айтылған бөлімді «Өсімдіктер» тобы оқып ой қорытады, Шалғын жәндіктері туралы 2 - топ, шалғын жануарлары туралы 3 - топ оқып, түсіндіріп береді.
– Мәтінді оқып талдауға 3 минут уақыт беріледі.
(1 - 3 топ жауаптары тыңдалады.)
– Балалар, уақыт аяқталды. Қай топ дайын?
(Оқушы жауабынан кейін Слайд Өсімдіктер шығады )
(Слайд пішен шабу шығады)
(3 - оқушы Улы өсімдіктер туралы айтады. Слайд шығады)
- Өте жақсы ой қозғадыңдар.
- Уқорғасын, Сарғалдақтың улы екендігін мал қалай ажыратады - деп ойлайсыңдар?
- Уқорғасын, Сарғалдағы бар шалғынға мал жайылмайды. Уқорғасын мен Сарғалдақтың өзіндік бір жағымсыз иісі болады, сол иісін мал сезеді. Улы өсімдіктерді мал байқаусызда жеп қойса, мал уланып қалады, уланған малдың етін адам жесе, өміріне қауіп төнеді. Сондықтан, балалар, шалғынды жерге барғанда кез келген гүлді жұла беруге болмайды екен..
- Ал, енді 2 - топтың «Жәндіктер» туралы ойын тыңдайық.
(Шалғынды жерде жәндіктердің көп болғаны, өте пайдалы, өйткені олар, өсімдіктердің көбеюіне пайдасын тигізеді. Өсімдіктердің тозаңдарын шашып, тұқымын таратады. )
- Иә, дұрыс балалар, табиғатта барлығы бір - бірімен тығыз байланысты, бірінсіз - бірінің күні жоқ.
- Өте тамаша пікір айттыңдар, жарайсыңдар!
- Ал, енді 3 - топтың «Жануарлар» туралы ойын тыңдайық
– Балалар, Казіргі кезде бөдене біздің кіріс көзімізге айналды. Бөдене шаруашылығы Алматы қаласында дамып келе жатыр еді, міне бүгінгі таңда Өскемен қаласына да бөдене шаруашылығы келіп жетті. Оған айғақ Дидар газетіндегі мына бір дерек көзі. Жұдырықтай құстың еті мен жұмыртқасының пайдасы өте көп екен. Инкубатордағы жұмыртқалардан 17 күн ішінде балапан шығады. Балапан 1, 5 ай ішінде өсіп, жетіліп жұмыртқа таба бастайды екен. Бөдене еті ағзадағы радиацияны шығарады. Бөдене жұмыртқасы қатерлі ісік, өкпе, асқазан ауруларына таптырмас ем. Ал енді, Осы Бөдене шаруашылығы біздің ауылымызда Мұхит ағаларыңның қолдауымен дамып келе жатыр.

ШҚО, Семей қаласы
"Приречное ЖОББМ" КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Шакенова Карлыгаш
Шалғын өсімдіктері мен жануарлары. жүктеу
3 828
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дала өсімдіктері мен жануарлары
Дала өсімдіктері мен жануарлары
Далалық белдеу, оның ерекшеліктері және дала жануарлары мен өсімдіктері туралы түсінік қалыптастыру. Пәнге қызығушылықтарын арттыру, ой - өрістерін, есте сақтау, өз ойын еркін жеткізу мүмкіндіктерін дамыту
Дала өсімдіктері мен жануарлары (слайд)
Дала өсімдіктері мен жануарлары (слайд)
Оқушылардың дала өсімдіктері және жануарлар әлемі туралы таныстыру, табиғатты қорғауға, аялауға, білімдерін дәлелдеуге үйрету. Оқушылар дала өсімдіктері және жануарларын танып біледі, табиғатты қорғауға бағытталады, білімдерін дәлелдеуге үйренеді.
Дала өсімдіктері мен жануарлары. Шөл өсімдіктері мен жануарлары
Дала өсімдіктері мен жануарлары. Шөл өсімдіктері мен жануарлары
Дала өсімдіктері мен жануарлары. Шөл өсімдіктері мен жануарлары туралы ақпарат беру. Дала және шөл өсімдіктері мен жануарларын ажырата білуге үйрету.
Шалғын өсімдіктері мен жануарлары
Шалғын өсімдіктері мен жануарлары
Қазақстан өсімдіктері мен жануарлары туралы, шалғын өсімдіктері мен жануарлары туралы мәлімет беру. Топтық жұмыс жасау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру. Дүниетанымын кеңейту. Табиғатты қорғау, өсімдіктерге, жануарларға деген сүйіспеншілігін
Шөл өсімдіктері мен жануарлары
Шөл өсімдіктері мен жануарлары
Атырау облысы, Атырау қаласы, №13 ұлттық мектеп - гимназиясының бастауыш мектеп мұғалімі: Хамзина Аймангуль
Бастауыш сыныптан сабақтар топтамасы
Бастауыш сыныптан сабақтар топтамасы
Ақтөбе қаласы, №8 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Саймаганбетова Кенжесұлу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×