Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тренингтер жинағы

02 қараша 2018, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Тренингтер жинағы
Тренинг (ағылш. training, train – оқыту, тәрбиелеу) – білімді жетілдіруге бағытталған белсенді оқытудың әдісі.
Тренингтің даму тарихы оқыту тарихы сияқты мың жылға созылған. Дегенмен, тренингтің дамуын әлеуметтік псхолог Курт Левиннің шығармашылық зерттеу кезеңіне жатқызуға болады.
1946 жылы Курт Левин өзінің әріптестерімен бірге алғаш рет тренинг - топтарды (Т - топ) құрды.
Білім беру саласында оқушылардың әр пәнді игеруге деген құлшынысын арттыру үшін жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану қажет.
Оқу үрдістерінде тренинг түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез - келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалану қажет.
Тренинг – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын, тренинг әрекетінің ең негізгі түрінің бірі – дидактикалық тренингтер. Дидактикалық тренинг тәрбиеленушінің жас ерекшелігіне сай, бағдарламадағы материалдарға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашады. Дидактикалық тренингтерді жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарына да пайдаланады. Дидактикалық тренинг барысында ете сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу, процестері дамып, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге әртүрлі қимылдарды орындауға үйретеді.

«Өзіңнің қорқынышыңды басқар» тренингі

Тренинг мақсаты: оқушыларға қорқыныш сезімі туралы мағлұмат бере отырып, түрлі жаттығулар арқылы бойындағы қорқыныш сезімдерін жою; өзара қарым - қатынастарын нығайту.
Қорқыныш – қатерлі жағдаяттарда туындайтын қауіп, қолайсыз эмоция. Қорқыныш – бір нәрседен жүрексініп сескенгенде, шошығанда пайда болатын сезім, қауіп - қатер, үрей.
«Танысу» жаттығуы
Мақсаты: Сәлемдесу, танысу, зейін мен еске сақтауды жаттықтыру.
Жаттығу шеңбер бойында орындалады. Жаттығуды бастаған бірінші қатысушы есімін айтады және оған анықтама қосып айтады. Ол анықтама сөйлеушінің есімі қай әріптен басталса, сол әріптен басталуы қажет және сол адамға лайық болу керек (ойдан шығармау керек). Сөйлем былай болуы мүмкін, мысалы: «Мен – биші Бинұрмын». Келесі ойыншы айтады: «Биші Бинұрды сіздерге таныстырамын, мен – зейінді Заңғармын». Келесі ойыншы алдыңғы екеуін таныстырады және өзінің есімін айтады. Ең соңғы ойыншы өзінің есімін айтады, бірінші ойыншы жаттығуды мынадай сөйлеммен аяқтайды: «Сонымен, осында … қатысып отыр» деп қатысып отырғандардың барлығын атап шығады.
Талдау: Есімге лайық анықтама айту қиындық келтірді ме? Қай оыйншының өзін таныстыруы ерекге болды?
«Қорқынышыңды суретте» жаттығуы
Түсіндіру: қорқынышқа қарсы жүр, өзің қорқатын нәрсені істе, бірнеше рет істе. Оқушыларға ақ парақ таратылады. Өзіңнің қорқынышыңның картасын суретте. Өзіңнің қорқынышыңның суретін сал.
Талдау: Қайсысы ең алғаш байқалады? Қайсысы кейін көрінеді? Жалпы суретте қорқынышыңның орнын тап.
«Бірақ» жаттығуы
Мақсаты: тренингке бір қалыпты қарқын енгізу, өз ойыңды аяқ астынан айтып салу.
Шеңбер бойымен сөйлемдерді жалғастыру:
 Мен шаршадым, бірақ …
 Мен кішкентай бойлымын, бірақ …
 Мен кейде ұстамсызбын, бірақ …
 Мен ұялшақпын, бірақ …
 Мен жалқаумын, бірақ …
 Мен сөзге жоқпын, бірақ …
 Мен тым көнгішпін, бірақ …
 Мен оқушымын, бірақ …
 Мен бақылау жұмысын екіге жаздым, бірақ …
 Менің математикадан үлгерімім жақсы, бірақ …
 Мен үнемі тым қиялдап кетемін, бірақ …
 Мен әнді жақсы айта аламын, бірақ …
 Мені тез күлдіруге болады, бірақ …
 Мен қырсығып қаламын, бірақ …
Талдау: Осы тапсырманы сендерге орындау ұнады ма? Өз ойыңды бірден айтып салуда саған не қиындық келтірді? Қандай әсер алдыңдар?
«Автопортрет» проективті тесті
Оқушыларға А4 парақ таратылады. Өздерінің автопортретінің суретін салу ұсынылады.
Талдау: Өздеріңнің суреттеріңді салу қиындық туғызды ма? Сезімдерің қандай?
«Бетперде» жаттығуы
Дене бұлшықеттерінің босаңсуы. Орындықта отырып, денелеріңнің бұлшықеттерін бос ұстаңдар. Терең демімізді аламыз да, шығарамыз. 3 - 4 рет қайталанады.
«Жымию» жаттығуы
Әр қатысушы бір уақытта бір - біріне өздерінің жымиюларын сыйлайды.

«Менің көңіл - күйім» тренинг жаттығуы

Мақсаты: Қатысушылардың психоэмоционалдық жағдайларын жақсарту, бір - бірімен жақсы қарым - қатынас орнату. Шығармашылық қабілетті әрі қарай дамыту. Релаксация арқылы жағымсыз ойлардан арылу.

«Амандасу» жаттығуы
Қарым - қатынас амандасудан басталады. Ойыншылар дөңгеленіп тұрады. Барлығы тақтаға қарайды. Егер тақтада күлкі бейнеленсе, онда бір - бірімізге күлімдей қараймыз. Қол бейнеленсе – қолымызды қысып амандасамыз. Күн бейнеленсе – жақсы ықыласпен сәлемдесеміз. Жүрек бейнеленсе – құшақтасамыз.

«Орын ауыстыру» ойыны
Қатысушылар шеңбермен отырды. Жүргізуші ортада орындықсыз тұрады. Оның мақсаты: орын тауып алу. Ол ойыншы, мысалы, сақина таққандар орындарымен ауысады, әлде қара киім кигендер орындарымен ауысады. Сол кезде жүргізуші жылдам біреудің орнына отырып алу керек. Орындықсыз қалған қатысушы ойыннан шығады.

«Әр қайсысымызда мәселелер бар» жаттығуы
Қатысушылар шеңбермен отырып, көздерін жұмып, «м - м - м» дыбысын шығарып отырып, өз мәселелері туралы ойлап және де негативті ойларын осы дыбыс арқылы шығарып отырды. Тез аяқтаған да, көп «м - м - м» - деп отырған қатысушылар болды, бірақ тез болған ойыншылар қалғандарының аяқтағандарын тыныш күтіп отырады.

«Оның есесіне мен…» жаттығуы
Мен жиі қиялдаймын, оның есесіне…
Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне….
Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын…
Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне…

«Алған әсерлер» жаттығуы
Шеңберде тұрып, сол алақанға ойша бүгінгі көңіл - күйді салып, оң алақанға жаттығудан алған әсерлерімен бөлісу.

«Егер саған ұнаса…» ойыны
Егер саған ұнаса саусақпен тырсылдыт,
Егер саған ұнаса шапалақта жараса.
Егер саған ұнаса аяғыңмен тарсылдат,
Егер саған ұнаса айтайықшы «Тамаша».

Тұлғалық өсу және өзіндік сананы айқындау
1. Танысу. “Менің мекен - жайым” жаттығуы
Төсбелгіні (бейдждерді) толтыру
Мақсаты: Өз елін мақтаныш тұтуға бағыттау және таныстыру.
Жүргізуші. Әр қатысушы тақтада ілінген картаға өзі тұратын қаласы немесе ауданына есімін жазып жапсыру қажет.
2. “Құпия досым” жаттығуы
Мақсаты: Белгісіздікті аңғаруды, екінші адамға ілтипат көрсетуді меңгеру.
Барлық есім жазылған төсбелгілерді қорапта араластырып, әр қатысушы бір төсбелгіден таңдайды және де сол кісінің есімін есте сақтап, оны көріп алады. Сосын төсбелгіні жүргізушіге қайта береді. Қай адам екені өзіне ғана мәлім болуы қажет. Ал есімі түскен адамға сабақтың өн бойында ілтипат көрсетіліп көңіл бөлінеді. Одан ары қарай сабақ барысында жүргізуші осы жаттығуға қайта оралып отырады.
3. “Гүлдер” жаттығуы
Мақсаты: Топтағы тұлға аралық қарым - қатынасты шыңдау.
Жүргізуші. Әр қатысушы мына қораптан бір - бір қиынды гүлден алып, оған оқу орныңызды, есіміңізді, ауданыңызды көрсетіңіз, оны бояңыз. Сосын тақтада даярланған ватманға бір оқу орнын бітіргендер бірігіп, өз оқу орныңыздың аты жазылған парақша айналасына гүлдерді орналастырыңыз.
Мысалы: Сауле – ҚазМУ
4. “Менің мамандығым” жаттығуы
Мақсаты: Кәсіби ерекшеліктің маңызын түсіндіру.
Жүргізуші. Маман психологтар бір топқа, маман емес педагогтар бір топқа бөлініңіздер. Сөйтіп мына мандала секілді ою - өрнекті ешкім бейтарап қалмай, барлығыңыз бірлесіп бояп шығыңыздар. Болған соң оны тақтаға іліңіздер.
Талқылау жүргізіледі. Сұрақтар:
Неге бұл түстерді қолдандыңыз?
Екеуінің қандай айырмашылықтары бар?
Жүргізуші. Оюдың мағыналық тұстарына тоқталар болсақ: Төрт құлақ – дүниенің төрт бөлігін тұспалайды; қаз мойын – ақкөңілдікті, мейірімді, пәктікті білдіреді; түйе табан – жолы болушылықты білдіреді.
5. “Артық орындық” ойыны
Ойын мақсаты: Топтың еркін қарым - қатынасына жол салу және ертегідегідей ахуал жасау.
Топ дөңгеленіп отырады. Жүргізуші өз орнынан тұрып орындықты басқа жерге алып қояды. Сосын топқа нұсқауын түсіндіреді.
Жүргізуші. Сіздер топқа қандай - да бір шартыңызды айтасыз. Осыған сәйкес олар орын ауыстыруы шарт, сол сәтте жүргізетін адамда орын табуға тырысады. Ал үлгермей қалған адам жүргізуші болып өз шартын айтады. Осылайша ойын жалғаса береді. Мысалы: “Өз ата - анасын жақсы көретіндер орын ауыстырсын”, “Қымыз жақсы көретіндер орын ауыстырсын” және т. б.
6. “Құпияны табу” жаттығуы
Мақсаты: Өзінің қайталанбас тұлға екенін сезіндіру.
Жүргізуші. Бір ғалым дәл өзіне ұқсас адамды жасапты. Бірақ ол өте қатігез екен. Өзінен қандай айырмасы бар екенін дәлелдеу үшін шарқ ұрыпты. Сізде осындай жағдай болса, не істер едіңіз? Ол адамда қайталанбайтын, сізде ғана бар қандай қасиетке иесіз? Сізде басты қандай құпия бар? Барлық қатысушылар өз құпиясымен бөліседі.
“Мен дегеніміз деген не?” талқылау
Жүргізуші алдымен кіші, сосын үлкен топта осы сұрақ бойынша талқылама жасауды ұсынады.
Жүргізуші. “Мен” – бұл сезімдерің, ойларың, тәнің, әрекетің, тілегің, армандарың, жаның, мінезің т. б. деп қорытындылайды.
7. “Мен … ” және “Мен қандаймын” жаттығуы
Мақсаты: “Мен тұжырымдамасына” саналы түрде көңіл бөлу.
Жүргізуші. Сіздер жұмыс дәптерлеріңізге “Мен …” сөзін зат есіммен толыққан 10 қатар сөз тіркесі етесіз. Сосын “Мен қандаймын?” деген сұраққа сын есімді қолданып 10 рет жауап бересіз. Барлығын жазып отырасыз.
Алдамен кіші, сосын үлкен топта талқылама жасалады.
8. “Үй, адам, жер сілкінісі” жаттығуы
Мақсаты: Сергіту арқылы еркін әрекет етуге үйрену
Жүргізуші “Үй” дегенде екі адам бірігіп, шатыр құрады. “Адам” дегенде екі адам бірігіп, ортасына адам кіреді. “Жер сілкінісі” дегенде бейтарап болып жүреді. Қалып қалған адам жүргізуші болады.
9. “Құпия досым” жаттығуы
“Құпия досына” хат жазу және кімнен хат келгенін табу.
10. “Жұлдызды сағат” жаттығуы
Мақсаты: Адамның кәсіби іс - әрекетіндегі негізгі тұлғалық мәнді сезіну және ол мән - мағынаны бақыт туралы өз ойыңмен салыстыру.
Психолог қызметіндегі жағымды, қуанышты сәттерді парақшаға жазу. Оны ортаға салу, сосын ватманға жазып, жалпы талқылама жасау.
11. Рефлексия
Құрастырған: Кусаинова М. К.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
33 877
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен және менің ортам
Мен және менің ортам
Педагогтардың ұжымдық сыйластыққа, бір – біріне сенім арту, бірлесіп жұмыс жасауға баулу, көңіл – күйлерін көтеру.
Ата – аналар жиналысына қолданылуға арналған тренингтер жинағы
Ата – аналар жиналысына қолданылуға арналған тренингтер жинағы
«Ата – ана сіздер үшін.....» Ата – аналар жиналысына қолданылуға арналған тренингтер жинағы
Ата - аналармен ұйымдастырылған жиналыс - тренингтің жоспары
Ата - аналармен ұйымдастырылған жиналыс - тренингтің жоспары
Тақырыбы: “Бала бақыт бастауы, отбасы алтын діңгегі” Мақсаты: Студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуда ата - аналармен бірлесе жұмыстар жүргізу.
Педагогикалық процестегі тренингтердің рөлі
Педагогикалық процестегі тренингтердің рөлі
Қатысушылар шеңбер жасап отырады. Ойынның шарты: әр қатысушы өз есімін айтып, сол есімінің бастапқы әрпіне сын есім немесе жағымды қасиет ойлап табады.
Сабақ барысында озық технологияны пайдалану тиімділігі
Сабақ барысында озық технологияны пайдалану тиімділігі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сұттіқұдық ауылы, № 52 Б. Аралбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Мүспенова Күлшара
Білім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану
Білім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану
Жезқазған гуманитарлық колледжінің физика, информатика пәні оқытушысы Қалжанова Гүлфайруз Мұхтарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×