Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұмбақтар елінде

14 қараша 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Жұмбақтар елінде
Сабақтың мақсаты: Жұмбақтардың өзіндік ерекшелігін меңгерту арқылы оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, адамгершілікке, ұйымшылдыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: жануарлар, жабайы аңдар суреттері, сөзжұмбақ

Сабақтың барысы
1. Сурет бойынша әңгімелесу. Қандай мезгіл? Күз. Қандай өзгерістер бар?
Күзде нелер піседі? Көкөністер, ендеше көкөністер және жемістер туралы жұмбақтар шешеміз.
Өлең. Жұмбақ туралы. Ойлан тап:
1 - кезең. Жұмбақ шешу.
1. Сырты қызыл,
Өзі тәтті
Ол не? (алма)
2. Шекер ме екен, бал ма екен,
Салбыраған, тал да екен
Атын тауып, дәл айтатын
Бала, сірә бар ма екен?(жүзім)
3. Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті.(қарбыз)
4. Көктемде тонатқа себеміз,
Өнімін зауыттарға береміз.
Домалақ дақылдың ағарып,
Қант болып шыққанын көреміз.
Ол не? (қызылша)
5. Жап - жасыл, сопақ дақыл жерде жатыр,
Дер кезінде жинамасаң, сарғайып кетер батыр. (қияр)
6. Аспай піскен,
Қайнамай түскен (жеміс)
7. Іші тәтті
Қызарды күз жеткенде (алма)
8. Көкпеңбек еді көктемде,
Ортасы сүйек(өрік)
9. Түбі толған құмалақ. (картоп)

10. Бақшадан жер қазып,
Жиып алдым жез қазық (сәбіз)
11. Доп жатыр жемісі бар,
Қабат - қабат терісі бар. (орамжапырақ)
12. Тігіп алып көк шалбар,
Қызылкүрең доп жатыр (қызылша)
13. Көк ала костюм киеді,
Күн көзін сүйеді.(қарбыз)
Жұмбақ. Жазда өседі,
Күзде түседі
Ол не?
2 - кезең. Топ басшылары жұмбақтарды оқиды, топ мүшелері шешеді.
І топ Жабайы аңдар
1. Өзі қу, жүрген жері айқай да шу (түлкі)
2. Орманда кезеді,
Қорбаңдап жүреді(аю)
3. Ауыр ағашты тасуға ұста,
Тұмсығы ұзын, құйрығы қысқа(піл)
4. Көп қой көрсем
Шетінен
Бауыздарға құмармын. (қасқыр)
5. Ұзын құлақ,
Қыли, жырық ерін
Тез жүгірер (қоян)

ІІ топ. Үй жануарлары
1. Кезікті бір жануар,
Арқасында тауы бар (түйе)
2. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар (қой)
3. Қос мүйізді, төрт сирақты,
Сыйлайды балдай ақ бұлақ. (Сиыр)
4. Жарға шығып ойнайды,
Ойынға бір тоймайды.
Болса дағы сақалы,
Секеңдеуді қоймайды.(Ешкі)

3 - кезең.. Сандар жұмбағы.
Ала шапан киініп
Қарбыз жатыр үйіліп
Қарбыздарды шетінен
Санап шықтым екіден
Бесеу болды жұп саны
Нешеу болды түп саны (10)

Алдында үш балапан
Артында үш балапан
Ақ тауық пен балапан
Айтшы санын, балақан (8)

Көлден ұшты жеті қаз
Қайтып қонды екі қаз
Қонбады оның нешеуі
Қане, кім тез шешеді (5)

Талдан ұшты топ торғай
Емес бірақ көп торғай
Алдында оның бастаушы
Артында төртеу қостаушы
Ойың жүйрік болса егер
Торғай нешеу, есепкер (5)

Жаңа ғана шалғында
Алты бұзау жүр еді
Әлде шаршап қалды ма,
Жатып қапты біреуі
Нешеуі енді жайылып
Жүргенін айт, айырып? (5)

4 - кезең. Сөзжұмбақ шешу
І топ «Қазақстан»
1. Кілттің досы.
2. Ең қадірлі жан
3. Ғарыш кемесі
4. Балық аулайтын құрал.
5. Төрт түліктің бірі
6. Уақыт өлшемі
7. Астың синонимі
8. Амал
9. Түйе

ІІ топ. «Жануарлар»
1. Көзі дөңгелек түймедей,
Бірақ күндіз көрмейді.
2. Орман ішінде үйі, өзі ұлиды жиі.
3............... ды қамыс өлтіреді,
Қоянды қамыс өлтіреді.
4. Сиырдың төлі.
5. Тас арқлар жүретін жәндік.
6. Құралы әрі ермегі,
Тоқитұғын ермегі
7. Ешкінің төлі.
8. Қосмекенді жәндік. бақа
9. Бал жинайтын жәндік

Қорытынды. Оқушыларды мадақтау.
Өткізген: Ажкаева А. Б.
Жұмбақтар елінде жүктеу
5 854
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністер
Мақсаты: 1. Білімділік: Балаларға жемістер мен көкөністер жайында білімдерін кеңейту. Қимылды ойындар арқылы сезім мүшесі мен ойлау қабілетін ұштастыра отырып, жемістер мен көкөністерді бір - бірінен ажырата білуге үйрету.
Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер.
Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер.
Күз мезгілі туралы білімдерін бекіту. Күздің берер сыйы туралы баяндау. Күз қызықтары туралы әңгімелеу.
Көңілді көкөністер
Көңілді көкөністер
Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.
Алтын күз
Алтын күз
Күз келбетін сипаттап, күз айларын атай білуге үйрету. Сөз қорларын байытып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Табиғатты аялауға, сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Бізге күз не алып келді
Бізге күз не алып келді
Көкөніс және жеміс-жидек туралы балалардың ой - өрісін дамыту және жемістерді топтай білуге үйрету. Табиғаттағы қарапайым маусымдық өзгерістерді байқауға жаттықтыру.
Жұмбақтар әлеміне саяхат
Жұмбақтар әлеміне саяхат
«Ақбота» балабақшасы Қайрғалиева Бағдагүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×