Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көңілді көкөністер

18 сәуір 2019, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Көңілді көкөністер
Жүргізуші: Армысыздар ағайын!
Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар! Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.
Ортаға жеміс, көкөніс болып киінген балалар келіп би билейді.

Би: «Көңілді көкөністер»
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Жүргізуші: Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін
Мақтанбақшы сіздерге, көкөністер сан түрлі!
(Ортаға «көкөністер» шығып, өздері туралы тақпақтар оқиды).

Қарақат (Көкөністер)
Көкөністер бәрі де
Денсаулыққа пайдалы.
Мұны жатқа біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер.

Еркенұр(Пияз)
Асханадан шықпаймын,
Атым – пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шығарам,
Тұмаудан бірақ сақтаймын!

Ренат (Қызанақ)
Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып.
Тұрған ол мен - қызанақ,
Күнге қарап ұялып!

Картоп (Айбек)
Картоп - біздің атымыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз!

Мұрагер (Сәбіз)
Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз!

Ербақыт (Қарбыз)
Домаланған ала бас,
Дәмді шырын, даяр ас.

Айдос (Қияр)
Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде.
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне.

Сырым (Қызылша)
Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.

Ерназ (Орамжапырақ)
Мақтанғаннан не пайда,
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана.

Ән Жаңбыр
Жүргізуші:
Жұмбақ:
Ағайынды бәрі
Шықса – жасыл,
Түссе сары.
Бұл не? (жапырақ)

Жиып - теріп болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (күз)

Бойын жерге жасырған,
Бұрымы бар жасылдан. (сәбіз)

Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. (пияз)

Бұл не деген көп киім,
Жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді.
Қабат - қабат тоны бар,
Түймелеуге жетпейді. (орамжапырақ)

Түбі толған құмалақ. (картоп)

Сырты тәтті,
Іші тәтті,
Ортасы сүйек қатты. (өрік)

Көкпеңбек еді көктемде,
Қызарды күз жеткенде. (алма)

Ал, ендеше, балалар, бекер қарап тұрмаңдар.

Дамытушылық ойыны: «Көкөністер мен жемістер»
Шарты: Жемістер мен көкөністерді екі себетке бөліп салу.

Елданат(Жемістер) Мен жеміспін, жеміспін
Таңдай татар бал дәмім.
Мына тәтті бал дәмді
Дастарқаныңа арнадым

Жүзім: (Айару)
Мен жүзіммін, жүзіммін
Моншақ болып тізілдім

Өрік: (Қыдырәлі)
Мен өрікпін, өрікпін
Табиғатқа көрікпін

Алма: (Рамазан)
Мен алмамын, алмамын
Таңдайда қалар бар дәмім

Шабдалы (Мәдина)
Пісетін кезде дәл күзде,
Мезгілсіз оны сен үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі,
Оның аты шабдалы.
Көңілді көкөністер жүктеу
3 652
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Күз сыйы»
«Күз сыйы»
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ата - аналар, бүлдіршіндер. Күз қандай керемет мезгіл! Қазан толып, еңбегінің жемісін көріп, адамзаттың нағыз байлығы емес пе?
Көкөністер туралы тақпақтар
Көкөністер туралы тақпақтар
Асханадан шықпаймын, Атым – пияз бұқпаймын. Көзден жасты шығарып, Тұмаудан бірақ сақтаймын.
Келді міне Алтын күз! ертеңгілік
Келді міне Алтын күз! ертеңгілік
Күз мезгіліндегі өнім көкөністерден көрініс сахналандыру. Балалардың ойын, ән, билер арқылы күзгі мерекелік көңіл - күйлерін көтеру.
Алтын күз ертеңгілігі
Алтын күз ертеңгілігі
Алтын күз жайлы түсініктерін қалыптастыру. Күз мезгілінде өнімдердің молшылығын, байлығы түсіндіру. Қоршаған орта жайлы ойлау қабілеттерін, танымдық қабілеттерін дамыту.
Алтын күз ертеңгілігі
Алтын күз ертеңгілігі
Тоңазып атырап, Көп жеміс піседі. Сарғайып жапырақ, Саудырап түседі.
Қош келдің - Алтын күз
Қош келдің - Алтын күз
Жүргізуші: Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздер ме қадірлі қонақтар. Бүгінгі берекелі де, ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×