Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бір уыс мақта

18 қараша 2018, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
№6 «Айголек» ересек тобында ұйымдастырылған
ашық оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті. Тіл дамыту.
Тақырыбы: Бір уыс мақта
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды қазақ халқының тұңғыш ағартушысы Ы. Алтынсарин өмірімен таныстыру. Оқылған шығарманың мазмұнын әңгімелеуге, мәнеріне келтіре айта білуге үйрету.
Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Балаларды адалдыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ы. Алтынсарин портреті, әңгіме мазмұнына салынған сюжеттік суреттер.
Сөздік жұмыс: шапан, мақтаның қиқымы, мамық.
Керекті құралдар: сюжетті суреттер
Әдіс - тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, мадақтау, қорытындылау.

Мотивациялық қозғаушы
«Шаттық шеңбері»
- Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
- Бір - бірлеріне жылы сезім, күлкі сыйлау. Әр баланың төсіне күлімдеген смайликтер тағу.

Іздену - ұйымдастырушы
- Балалар, бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы
«Бір уыс мақта».
Әңгіменің авторы туралы қысқаша мәлімет беру. Ыбырай Алтынсарин қазақтың аса көрнекті ағартушы педагогі. Балаларға арнап көптеген ертегілер, әңгімелер жазып қалдырған. Әңгімелері: Қарға мен құрт, Сауысқанмен қарға, Әке мен бала, Түлкі мен ешкі.
Бүгінгі танысатын әңгімеміз «Бір уыс мақта» деп аталады.
Әңгімені мәнерлеп оқып беру.
Бір кішкентай қыз, әкесінің шапанын жамап отыр екен, шешесі қасына отырып, ақыл айтты.
- Балам дүниедегі жаратылған жанды - жансыздардың ешқайсысының да керексіз болып жерде қалатыны болмайды,- деп, Сол сөзді айтып отырғанда қыз бала киімін жамап болып, жердегі мақтаның қиқымын терезеден лақтырып, далаға тастады.
- Әже осы қиқымның еш нәрсеге керегі бола қалмас,- деп
- Шешесі:
- Балам сол да жерде қалмайды,- деді. Осылайша сөйлесіп, терезеден қарап отырса, манағы мақтаны жел көтеріп ұшырды, мұны бір торғай көріп қуып барып мақтаны тұмсығына тістеп қана алып ұшып кетті. Қыз әжесінен:
- Манағы мақтаның қиқымын бір торғай алып кетті. оны неғылады?- деп сұрады. Әжесі айтты.
- Көрдің бе балам, күн айналмай манағы айтқан сөздің келгенін. Ол кішкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етеді,- деді.
Бір уыс мақта жүктеу
5 522
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат – біздің досымыз
Табиғат – біздің досымыз
Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге, табиғат байлығын, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Балаларды табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Жыл басына таласқан жануарлар
Жыл басына таласқан жануарлар
Ертегінің мазмұнын түсіндіру. берілген тапсырмаларды көз алдарына елестете отырып орындау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайтып, байланыстыра отырып сөйлеуге үйрету.
Бір уыс мақта
Бір уыс мақта
Әңгіменің мазмұнын ашып түсіндіру, әңгімелеу арқылы ойын, қиялын дамыту, әңгіме жанрларын ажырату, еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу. Шапанға ою - өрнектің суретін салуға жаттықтыру, сурет салу іскерлік дағдыларын меңгерту. Жұмыстың нәтижесіне жете
«Үйшік» ертегісі моделдік технологиясын қолдану
«Үйшік» ертегісі моделдік технологиясын қолдану
Балаларды жаңа технологияны қолдану арқылы ертегінің мазмұнын айта білуге үйрету. Фигуралардың көлемін және түстерді айыра білу. Мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге, түсініктерін айтуға үйрету.
Бір уыс мақта
Бір уыс мақта
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің мектепалды даярлық тәрбиешісі Қошимова Айгүл Сарсенбайқызы
«Бір уыс мақта» Ыбырай Алтынсарин
«Бір уыс мақта» Ыбырай Алтынсарин
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы №8 «Теремок» бала - бақшасы тәрбиеші: Чережденова Алия Сергбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×