Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Й, й дыбысы және әрпі

25 желтоқсан 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сауат ашу.
Тақырыбы: Й, й дыбысы және әрпі
Мақсаттары:
1. Білімділік: Й дыбысы мен әрпін таныстыру. Й дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
2. Дамытушылық: Тіл ұстарту мақсатында й дыбысына сөз құрау, буын ішінде бекіту.
Тіл ұстарту мақсатында й дыбысына сөз құрау, буын ішінде бекіту.
3. Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу. Әдіс - тәсілдер: сөздік, сұрақ – жауап.
Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты суреттер, кеспе әліппе, суреттер.

Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Үй тапсырмасын сұрау
«Сөз ойла, тез ойла» ойын
- Балалар, біз өткен сабақта қай әріппен таныстық?
- Қане, кім айтады Ш қандай дыбыс?
- Балалар, мен қазір сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Кім жылдам шешеді екен?
Ти десем, тимейді,
Тиме десем, тиеді

2. Жаңа тақырып.
Жұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады
Киелі бір жануар,
Үстінде екі тауы бар (Түйе)
Кішкене ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар (Қой)
Әдемі түнде,
Мен жүрсем жүреді бірге (Ай)
Түйе, қой, шай, ай сөздеріне дыбыстық талдау жасау
(Үш тілде айтқызу)
Сергіту сәті
Оқушылар өлең, тақпақ айтады.
Жаңылтпаш хормен айтқызу
Ай - ай Айдарбай,
Иір мүйіз сиырыңды
Үйіңе айдай бар

Суретпен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Ойын «Күннің көзін ашу»
Й әрпіне өлең жолдарымен түсініктеме беру арқылы бастау.
Й әрпі.
Бұл Й - дың сөз басында,
Болмайды көп керегі.
Йог пен йодтың расында,
Алдында тек келеді.
Соңында ол айдың да,
Соңында ол тайдың да.
Тұрады ол ортада
«Айбын» менен «Айдында».
- Балалар, сонымен бүгін біз қандай дыбыспен танысады екенбіз?
- Й қандай дыбыс?
Тіл ұстарту: Й дыбысына сөз құрай отыра, буын ішінде бекіту.
Мысалы: ой - на, ой - ла, Сай - ран, Ай - ман, ой - лан.
Тапсырма бойынша үстел үстіндегі әр түрлі суреттерге қарап, тақтаға шыққан бала й дыбысының қай жерде тұрғанын анықтайды. Егер жаңылысса, жұмбақ не тақпақ айтады.
Ойын: «Кім көп сөз ойлайды?»
- Ал, балалар, қазір дәптерлеріңді ашып, үлгіге қарап сызықтарды қосып, «Й» әрпінің баспа түрін жазамыз.
Ауада жазып көрсету
Қорытынды.
- Балалар, бүгін біз қай дыбыспен таныстық?
- Й дыбысы келетін сөздерді секіріп көрсету арқылы буынға бөлгізу: Ай - дын, ай - на, ай - ла, Ай - ша.
Үйге:
Й дыбысы келетін сөздерге сурет салып келу.
Бағалау:(Смайликтер арқылы)

Дәуір жалпы орта мектебі Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Орынбасарова Ж.
26 518
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ү дыбысы мен әрпі
Ү дыбысы мен әрпі
Сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге, үлгі бойынша баспа әріптерді жазуға үйрету. Суреттер бойынша әңгіме құрастыру, сөздік қорын байыту. Буын туралы түсінігін кеңейту.
Ү дыбысы мен әрпі
Ү дыбысы мен әрпі
Ү дыбысымен, оның әріп таңбасымен таныстыру, оның ерекше айтылатын дыбыс екенін айтып, артикуляциясын көрсетіп меңгерту.
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
«Ш» дыбысы және әрпі
«Ш» дыбысы және әрпі
Мақсаты: Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту. Балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын құрау, сөз құрау, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту).
Ө дыбысы мен әрпі
Ө дыбысы мен әрпі
Ө дыбысы мен әрпін танып білу, баспа жазба түрлерін айырып білу.
Ө дыбысы мен әрпі
Ө дыбысы мен әрпі
Білімдік мақсаты: Ө дыбысы мен әрпін таныту, сауатты жазуға, дұрыс оқуға үйрету. Дамытушылық мақсаты: Сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×