Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ү дыбысы мен әрпі

26 желтоқсан 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Ү дыбысымен, оның әріп таңбасымен таныстыру, оның ерекше айтылатын дыбыс екенін айтып, артикуляциясын көрсетіп меңгерту. Сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге, үлгі бойынша баспа әріптерді жазуға үйрету. Суреттер бойынша әңгіме құрастыру, сөздік қорын байыту. Буын туралы түсінігін кеңейту.

Көрнекі құралдар: Ойыншықтар, плакаттар, түсті текшелер.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру:
Балаларды сабаққа дайындау.
2. Өтілген сабақты қорытындылау.
• Суреттен ненің суретін көріп тұрмыз?
• Аңдардың.
• Аттарын атаңдар.
• Аю, қасқыр, түлкі, т. б.
• Балалар «аң» сөзінде бірінші дыбыс қандай дыбыс?
• А дыбысы.
• Екінші дыбыс ше?
• ң дыбысы.
• Өткен сабағымызда қандай дыбыспен таныстық?
• ң дыбысымен.
• ң дыбысы қай дыбысқа ұқсайды?
• Н дыбысына.
• Балалар мен енді сендерге жұмбақ жасыру арқылы бүгінгі жаңа тақырыбымызды бастаймын.

3. Жаңа сабақ:
Жұмбақ
Баласын ертіп соңынан
Сүңгіп, жүзіп үйретті.
Су жұқпайтын тонына
Кім білмейді (үйректі)
- Балалар біз суда жүзетін қандай құсты білеміз?
- Үйрек.
- Үйрек сөзінде бірінші ү дыбысы естіліп тұр. Бүгінгі біздің тақырыбымыз «ҮҮ дыбысы мен әрпі». Ү дыбысын айтқанда ерінді алға созып айтады. Сондықтан бұл дыбысты дұрыс айта біліңдер. Ү дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? Бізге қай үйден қонаққа келіп тұр?
- Қызыл үйден. Дауысты дыбыс.
- Үү әрпін ауада жазамыз.
- Кеспе әріптер тақтасынан ү әрпі алып көрсетіледі, тақтаға жазылады.
- Балалар енді біз «үйрек» сөзін тақтаға жазып, буынға бөлеміз, дыбыстық талдау жасаймыз.
- Ү – дауысты дыбыс.
- Й – дауыссыз дыбыс.
- Р – дауыссыз дыбыс.
- Е – дауысты дыбыс.
- К – дауыссыз дыбыс.

Сергіту жаттығуы:
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.

Тақтаға көрнекілік ілінеді.
Суреттегі балаға ү дыбысынан келетін ат қоямыз. «Үсен» деп қоямыз. Кубиктің ішіндегі суреттердің атын атау: Үкі, үй, үйрек. «Үкі» сөзінде неше буын бар?
- Екі буын бар. «Үй» сөзінде бір буын, «Үйрек» сөзінде екі буын бар.
- Балалар, мен сендерге бір үйрек пен түлкі туралы ертегі айтамын.
Ертеде бір үйрек болған екен. Ол көлде жүзіп жүрген аққулардың сұлулығын, әдемілігін қызғаныпты. «Осы жұрт аққуды жақсы көреді, жемейді».
Аққуды көре алмаған үйрек бір күні түлкіні көреді. Түлкіге айтады: - Түлкі, түлкі сен неге мына семіз аққуларды жемейсің?
- Олардың ұйықтайтын жерін көрсетші, - дейді түлкі.
Уәде бойынша үйрек түлкіні аққулардың ұйықтайтын жеріне ертіп келеді. Мұны сезген қос аққу ұшып кетеді. Түлкі үйрекке ашуланып бас салып жемекші болады. Үйрек айтады: - Түлкіжан, мені жеме мен сенің тапсырмаларыңның бәрін орындайын. Түлкі келіседі.
- Ал енді үйрек бізден көмек сұрап тұр екен, біз үйрекке көмектесіп, түлкіден құтқарайық.
1 – тапсырма: мен жұмбақ жасырамын. Сендер шешесіңдер.
1. Күндіз соқыр не деген,
Түнде қандай көреген. (Үкі)
2. Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
3. Өзі қу, жүрген жері айқай да шу. (Түлкі)
4. Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды. (Күн)
2 – тапсырма: Осы жұмбақтың ішінде ү дыбысы бар ма? Қай жерінде келіп тұр?
3 – тапсырма: Үкі, түйе, күн, түлкі сөздеріне дыбыстық талдау жаса.
Міне, балалар, біз үйректі түлкіден құтқардық.
Енді ү дыбысын айтуға жаттығу үшін жаңылтпаштар айтамыз.
Үміт түбіт түтті,
Түбітті түтіп бітті.
Ү дыбысы мен әрпі жүктеу
2 742
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«С» дыбысы мен әрпі
«С» дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: «С» дыбысы мен әрпімен таныстыру. «С» дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Буын туралы түсінігін кеңейту.
Ү дыбысы мен әрпі
Ү дыбысы мен әрпі
Сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге, үлгі бойынша баспа әріптерді жазуға үйрету. Суреттер бойынша әңгіме құрастыру, сөздік қорын байыту. Буын туралы түсінігін кеңейту.
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Қ дыбысымен таныстыру
Қ дыбысымен таныстыру
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, №1 Теректі орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Жакитова Н.К.
М дыбысы мен әрпі
М дыбысы мен әрпі
М дыбысымен таныстыру. М дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге, сөздерді буынға бөлуге, есту арқылы сөз арасынан табуға үйрету. 2. Балаларға М дыбысы ба
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×