Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


М дыбысы мен әрпі

15 қараша 2019, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: М дыбысы мен әрпі
Мақсаты: 1. М дыбысымен таныстыру. М дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге, сөздерді буынға бөлуге, есту арқылы сөз арасынан табуға үйрету.
2. Балаларға М дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудара отырып, сөздік қорларын байыту, тілдерін дамыту.
3. Бір - бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, суретпен жұмыс, ойын.
Көрнекілік: текшелер, әліппе - дәптер, әріптер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.
Қуан, шаттан алақай
Қуанатын күн бүгін
Күліп шықты күн бүгін!
Қайырлы таң, қайырлы күн,
Сәлеметсіздер ме, қонақтар.

2. Өткенді қайталау.
Ой қозғау.
- Дыбыс дегеніміз не?
- Әріп дегеніміз не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

3. Жаңа сабақ.
1 - тапсырма. Суретпен жұмыс.
- Балалар, суретте нелер бейнеленген?
- Мақта, моншақ, марал, мата, маса.
- Бұл сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?
- Дұрыс, бүгінгі біз М әрпімен танысамыз.
Мақта, алма, шам сөздерін буынға бөлу, сөздегі орнын анықтау, текшемен белгілеу.
2 - тапсырма. Оқулықпен жұмыс.
М дыбысы бар сөздерді, буындарды тізбектей оқыту.
3 - тапсырма. Жұмбақ шешу.

Кім онда кіреді,
Сол ақылды болады.
(мектеп)
Өзі жап - жас, мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмтылар
Тастамайды жылы үйде
Түкті тонын шұп-шұбар.
(мысық)

Отқа жанбайды
Суға батпайды. (мұз)

Мысық, мектеп, мұз сөздерін қатарға бөліп беріп сөйлем құрату.

Дәптермен жұмыс
Мм әрпін жазу.
Сергіту сәт.
4 - тапсырма. «Кім шапшаң?»
Ма

рал
та
мақ
қал
май
ла
5 - тапсырма. Сөз жұмбақ
1. Шағатын жәндік.
2. Банан жейтін жануар.
3. Мақта қыздың досы.
4. Білім ордасы.
5. Мойынға тағатын алқа.

6 - тапсырма.«Сыр сандық» ойын.
Шарты: М дыбысы сөздің қай бөлігінде тұр, соған қарап, әрбір сөзді қажетті сандыққа сал.
7 - тапсырма. «Сөз ойла, тез ойла»
М...,

М дыбысынан басталатын сөздер айту.
Қорытынды.
- Балалар, бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
- М дыбысы қандай дыбыс?
- М дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- Бүгінгі сабақта не білдіңдер?
Балаларды мадақтап, сабақты аяқтау.

Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы,
№1 Теректі орта мектебінің мектепалды
даярлық тобының мұғалімі. Жакитова Н.К.
33 654
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Л дыбысы мен әрпі
Л дыбысы мен әрпі
Л, л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Л дыбысы бар сөздерді ойлап табуға, дауысты – дауыссыз дыбыстарды бір – бірінен ажыратуға, баспа түрде жазуға дағдыландыру. Ойын арқылы тілдерін, ой - өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
А дыбысы мен әрпі
А дыбысы мен әрпі
А дыбысымен таныстыру. А дыбысының сөздегі орнын айыра білуге (басында, ортасында, аяғында), әріп, дыбыс туралы білімдерін толықтыру
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Ш дыбысы мен әрпі
Ш дыбысы мен әрпі
Қызылорда қаласы, № 172 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жалғасбаева Ләззат Әбілбайқызы
Қ дыбысымен таныстыру
Қ дыбысымен таныстыру
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, №1 Теректі орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Жакитова Н.К.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×