Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Санды және әріпті өрнектер

30 желтоқсан 2018, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика 4 сынып
Сабақ тақырыбы: Санды және әріпті өрнектер
Сабақ мақсаты:
Құндылықтарды дарыту:
1. Санды және әріпті өрнек мән - мағынасын түсіне отырып, оларды ажырата білуге үйрету; Әріпті өрнекте әріп орнына сан қою арқылы өрнектің мәнін табу тәсілін есептеуде қолдана білуге жаттығады.
2. Әріпті және санды өрнектерді жазу, оқу және мәнін табуды меңгерту; Оқушылардың математикалық білім - білік дағдыларын жетілдіру;
3. Оқушылардың математикаға қызығушылықтарын арттыру, логикалық ойлауын дамыту және топпен бірлесіп жұмыс жасауға баулу;
Күтілетін нәтиже: Оқушылар санды және әріпті өрнекті біледі, оларды ажырата алады, есептер шығару барысында талдай біледі.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, ойын, сұрақ - жауап, топтық жұмыс.
Пәнаралық байланыстар: Қазақ тілі, дүниетану, еңбекке баулу.
Қажетті құрал - жабдықтар: Математика оқулығы, компьютер, тақта, слайдтар, сематикалық карта
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту

Ұйымдастыру Сәлемдесу, түгендеу, оқушы зейінін сабаққа аудару.
Оқушыларды топқа бөлу (геометриялық фигуралар арқылы)
І топ «Санды өрнектер». ІІ топ «Әріпті өрнектер»
Қызығушылықты ояту «Кім жылдам?» ойыны:
1. 1. Білім ордасы не? (Мектеп)
2. 2. Тәуліктің үштен бір бөлігі неше сағатқа тең? (8)
3. Оңынан да, солынан да бірдей оқылатын, жазылатын сандар қайсы?(11,
4. 9 - дан 100 - ге дейінгі сандарда қанша 9 саны кездеседі? ( 11 )
5. Ұшақтың жылдамдығы 850км. Ол 3сағатта неше км ұшады? 5 сағатта ше?(2550км, 4250км)
6. 5 тоннаның екіден бір бөлігінде қанша килограмм бар? (2500 кг )
7. 1000теңгенің 711 теңгесіне сауда жасасаң, қанша теңгең қалады? (289)
8. 1килограмм алма 360 теңге тұрса, 3кг алма қанша тұрады? (1080тг)

Жаңа сабақ
І. Түсіну
Әріпті өрнек деп қандай өрнекті айтамыз?
- Әріптер мен сандар амал таңбалары арқылы байланысқан өрнекті әріпті өрнек дейміз.
Әріпті өрнекте латын әріптері қолданылады.
Ал санды өрнек, сандар амал таңбаларымен байланысады.

II. « Ой қозғау» Оқулықпен жұмыс.
№1. а+5; (34+10)*2; 23*4+9; х+9=17*6; 72: х=24: 3;
(45+25): 5; 90 - 10*5; х - 3; в*6; 1972: 9+20;
12: х+24: 8; (х+2)+16*4; 34 - 8=13*2.
Жазулардың ішінен санды өрнектерді теріп жаз және оны оқы.
Әріпті өрнектерді теріп жаз және оны оқы.

№2. Санды және әріпті өрнек түрінде жазып көрсет және оқы.
1 топ: №2 ---------------- 2 топ: №3
А) ( 15+5): 2=10 --------- а) ( а - 3)*2
Ә) (32*2)- 24=40 -------- ә) (32: 2)+в
Б) (27 - 2): 5=5 ----------- б) (с+2)*5
В) (69: 3)+20=43 --------- в) (69*3)- 20/

№4. Санды өрнектің мәнін тап.
1 топ: а) (318*5+1052)- 2210=432
ә) (5256: 6+1250)- 408=1718
б) 74612: 4+3072=21725

2 топ: в) 39207: 3 - 4017=9052
г) 55200: 3+80316: 4=38479
ғ) 7890*6 - 6548*5=14600

№ 5. «Кім жылдам?» ойыны. Әріпті өрнектің мәнін тап.
а*3019; мұндағы а=2, 3, 4, 5
2*3019=6038
4*3019=12076
3*3019=9057
5*3019=15095

Тақтамен жұмыс:
1 топ: № 6. Есепті шығар:
32г - 4 шеге
400г -? шеге
Ш: 32: 4=8ш
400: 8=50ш
Жауабы: 400г темірден - 50 шеге жасайды.

№6 ә)
Ұ. ш - 7ж
қ. ш - 13ж
Барлығы - 200 кг
1ж - ұ. ш, 1ж - қ. ж массасы бірдей
Ұ. ш -? кг; қ. ш -? кг
Ш: 1) 200: (13+7) = 10 кг (1 ж массасы)
2) 7*10=70кг (Ұ. ш)
3) 13*10=130кг (Қ. ш)
Жауабы: Ұзын шеге - 70кг;
қысқа шеге - 130кг жіберілді.

№11 атындағы Б. Момышұлы Ж.О.М.
Мұғалімнің аты - жөні: Абуова Гаухар Базарбаевна
Санды және әріпті өрнектер жүктеу
4 934
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Санды және әріпті өрнектер
Санды және әріпті өрнектер
Санды, әріпті өрнектерді құру, оқу және жазу, салыстыру, олардың мәндерін табу біліктігін қалыптастыру; көбейту мен бөлу амалдарына байланысты есеп шығаруын біліктігін жетілдіру; талдай және салыстыра білу қабілетін дамыту.
Санды өрнектер. Әріпті өрнектер
Санды өрнектер. Әріпті өрнектер
Санды, әріпті өрнектердің мәнін таба білу, есептердің шарты бойынша өрнек құра білуге үйрету.
Санды жане әріпті өрнектер
Санды жане әріпті өрнектер
Санды және әріпті өрнектер туралы түсінік қалыптастыру. Санды және әріпті өрнектерді құру, оқу, жазу, оларды салыстыру және мәнін табу мәселелерін пысықтау. Оқу танымдық және ойын іс - әрекетін қатыстыру арқылы пәнге деген қызығушылықтарын,
Санды өрнек және әріпті өрнек
Санды өрнек және әріпті өрнек
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Санды және әріпті өрнектер туралы түсінік қалыптастыру. Әріпті теңдіктерді құру, оқу және жазуымен таныстыру, оларды бір - бірінен ажырата алуға үйрету.
Санды және әріпті өрнек
Санды және әріпті өрнек
Сабақтың мақсаты: 1. Санды және әріпті өрнек мән - мағынасын түсіне отырып, оларды ажырата білуге үйрету; Әріпті өрнекте әріп орнына сан қою арқылы өрнектің мәнін табу тәсілін есептеуде қолдана білуге жаттығады.
Санды өрнектер. Әріпті өрнектер
Санды өрнектер. Әріпті өрнектер
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Ш. Тұржанов атындағы орталау мектебінің математика пәні мұғалімі Қабиева Тлекші Сабидоллақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×