Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сын есімді қайталау

13 қаңтар 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
ШҚО, Көкпекті ауданы,
Көкжыра ауылы, «Амангелді орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Ошаева Айгуль Тлектесовна

Сабақтың тақырыбы: Сын есімді қайталау
Сабақтың мақсаты:
1.Сын есім туралы алған білімдерін жинақтау, бекіту және қорыту.
2.Ойлау есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздік қорын молайту, сөйлеу мәдениетін дамыту.
3.Өзара сыйластыққа, адамгершілікке, ынтымақтастыққа, табиғатты ондағы тіршілік иелерінің әсемдік, әдемілік сипаттарын тануға, жиналыққа, шапшаңдыққа тәрбилеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, видеомагнитофон, теледидар,сызбалар, мақал-мәтелдер, диаграмма, доп, тест тапсырмалары.
Сабақтың типі: қайталау
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ауызша, жазбаша жазу жұмысы, көрсету, сызбалар, жаңа технология элементтері (сын тұрғысынан ойлау, тест).
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық даярлық.
Оқушылардың бір-біріне тілек тілеуі, сабаққа даярлығын, қатысуын тексеру.
- Қазір қай сабақ?
- Қазір қазақ тілі сабағы
- Қазақ тілім-өз тілім, ана тлім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызын мәңгі сені
Болоашағым, бақытым, дара тілім.
- Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі туған тіліміз қазақ тілі сабағы екен. Олай болса, қазақ тілін кім қалай білетінін байқап көрелік. Қане, балалар, сабаққа көңіл аударайық.
II. Өткен сабақты пысықтау. Ой ашар.
а) – Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?

Сөз табы-- Зат есім
------------- Сын есім
------------- Етістік
------------- Сан есім

- Осы сөз таптарының ішінен қайсысын өттік?
- Сын есім, зат есім, етістік.
Ойын « Сен маған, мен саған».

ә) Үй тапсырмасы. «Отан» тақырыбына өлең жазып келуге берілген, ішінде сын есім болуы керек.
- Сонымен сын есім дегеніміз не?
Ойымызды жинақтайық.
Ассоциация құру (сызбаға түсіру).
Сын есім сұрақтары…
Сын есім түрлері....

III. Қызығушылықтарын ояту.
а) Видеомагнитофоннан облысымыздың табиғатын көрсету.
Табиғатқа байланысты сын есімдерді жазу.
ә) Поэзия минуты.
Оқушылардың туған жер, мезгілдерге байланысты жазған өлеңдерін оқу, ішінен сын есімді және оған қатысты зат есіммен бірге айту.

Жаз
Көктем бітіп болған соң,
Жаз келеді күлімдеп
Жап-жасыл боп жапырақ
Көзге түсер бірден кеп.
Қыс
Қыс мезгілі келіпті
Айнала аппақ болыпты
Шырша, тоғай, қайыңдар
Ақ көйлегін киіпті.

Жаз
Жап-жасыл болып жаз келер
Құстар сайрап, күн жылыр
Гүлдер шығып жайқалып,
Күн шуағын шашады!
Туған жер
Туған жерім, кең далам
Ашық аспан төбемде
Жайнап тұрса гүлдері
Өзім өскен өлкеде
Жаз
Жасыл жерде ойнадым,
Жаз келді деп қуанып.
Жасыл, сары гүл теріп,
Әдемі бір жерлерде.
Қыс
Міне келді, қыс мезгілі
Ағаштар киді ақ көйлекті
Шаңғы, коньки сатып алып.
Асыр салды бала бір топ.

б) венн диаграммасы
в) Сергіту сәті « Сұр қоян»
Ұзын құлақ, сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің!

IV Оқулықпен жұмыс «Ой қозғау»
а) 396-жаттығу (тақтамен жұмыс)

Алма ----- қызыл
-------------дәмді
-------------үлкен
-------------сары

398-жаттығу (өз беттерімен жұмыс)
Ақ сандық, қабат-қабат тон, қара үңгір, қара тас, аппақ қар, тәтті бал.
ә) мақал-мәтелдер
1. Әдепті бала арлы бала,
Әдепсіз бала сорлы бала.
2. Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
3. Отан оттан да ыстық
4. Жуас түйе жүндеуге жақсы
5. Бетегеден биік, жусаннан аласа.
6. Арық сөйлеп, семіз шық.
7. Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа.
(Сын есімін табу, сөз құрамына талдау)

б) Ойын «Мен қандаймын?»
Әр оқушы өзінің аты қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатын сын сын есім сөзін қосып айтады.
Мысалы, Жандос – жағымды Жандос
Назерке – нәзік Назерке
в) Суретпен жұмыс
Сөздермен сөйлем немесе шағын әңгіме құрау.
г) Сергіту сәті
Допты оқушыларға лақтырып «шөп» деп айтады, оқушы қағып алып «жасыл» деген сөзді айтып допты қайтарады.

V. Топпен жұмыс
а) 397-жаттығу ( тақтамен жұмыс)
семіз – арық------------ арзан – қымбат
жаңа – ескі------------- жуас – асау
қараңғы – жарық ----- қою – сұйық

ә) Топтастыру
қызық
жылқы

б) Жұмбақ шешу

I топ
1. Үй үстінде ұсақ тас (жұлдыз)
2. Белі бүкір, алысқа түкір. (мылтық)
3. Апан-апан, ескі шапан
Иір қобыз, жарық жұлдыз. (түйе)
II топ
1. Көк күшігім көкке қарап ұллиды. (түтін)
2. Екі басы жұдырықтай, ортасы қылдырықтай.(құмырсқа)
3. Жағалай-жағалай тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым. (тіл)

в) Ойын «кім бұрын?»

Берілген сөз------ Синоним сөз---------- Қарсы мәнді
Тентек-------------- Сотқар---------------- Жуас
Семіз--------------- Қоңды----------------- Арық
Ну------------------ Қалың------------------- Сирек
Таза--------------- Мөлдір------------------- Лай
Шебер------------- Ісмер------------------- Олақ
Икемсіз----------- Орашалақ------------- Епті

VI Білімді бекіту
Тест тапсырмаларын орындау

VII Үйге тапсырма
Сын есімдерді қатыстыра отырып «Туған жер» тақырыбына шағын шығарма жазу.
VIII Бағалау
7 615
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Негізгі және туынды сын есімді қайталау
Негізгі және туынды сын есімді қайталау
Негізгі және туынды сын есім туралы берілген түсінікті кеңейту, басқа сөз таптарынан жасалатынын байқату
Сын есім
Сын есім
Сын есім туралы берілген білімді кеңейту. Сын есімді табуға, оларға сұрақ қоюға, сын есімдермен байланысты сөздерді табуға үйрету. Оқушылардың ақыл - ойын, байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорын дамыту.
Зат есім
Зат есім
Сөйлем ішінен зат есімді ажырата білуге үйрете отырып, топпен жұмыс жасай білуге, пікірлесуге, ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Етістік
Етістік
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы № 7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Биранова Тынышгуль Избергеновна
Зат есім
Зат есім
Зат есім туралы түсінік беру, оларға қойылатын сұрақтармен таныстыру, зат есімдерді ажыратуға үйрету. Танымдық тапсырмалар арқылы оқушының ой - өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру. Сауатты, көркем жазуға, өзара
Зат есімнен өткенді қайталау
Зат есімнен өткенді қайталау
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы, «Амангелді орта мектебі»КММ Бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Гульфаира Токтаргазиновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×