Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ә дыбысы мен әрпі. Табиғатқа саяхат

21 қаңтар 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ә дыбысы мен әрпі. Табиғатқа саяхат
Пәні: Сауат ашу 1 сынып
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі туралы жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Бағалау критерийлері: Қарама - қарсы мағыналы сөздердің мағыналарын ажыратады;
Сөздің буыннан құралатынын түсінеді; сөздегі буын санын анықтайды;
Әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай көркем етіп жазады;
Құндылықтарды дарыту: Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, өнер, тіл сабағы
АКТ қолдану дағдылары: Аудиожазба, таныстырылым, бейне роликтер көрсету
Тілдік құзыреттілік: Қаңтар - январь, қыс - зима, табиғат - природа, шана - сани

Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут
1. - Қайырлы күн, балалар! Көңіл - күйлерің қалай?
Ендеше келген қонақтарымызға амандасып алайық;
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз!
«Алақан» әдісі арқылы бір - бірімізге жылы лебізімізді білдірейікші.

- Күнде таңертең сендер ояна салысымен Табиғат Анаға көз салып қарайсыңдар. Мектепке келе жатқанда немесе үйге бара жатқан кезде әсем табиғаттың көрінісін тамашалап келесіңдер.
Дәл бүгінгі күні табиғат - Ана бізді несімен қуантады? (Аппақ қарымен)
- Демек қазір қандай мезгіл? (Қыс)
- Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады? (айнала аппақ қар, үйдің терезелеріне аяз әдемі өрнегін салған, қыста балалар қармен ойнайды, мұзда шанамен сырғанайды)
- Өте жақсы!
- Ал енді балалар қыс мезгілінің айларын атайықшы
- Желтоқсан Қаңтар Ақпан
- Жарайсыңдар!
Енді балалар неліктен біз табиғат туралы айтып жатырмыз, себебі біздің өтіп жатқан тарауымыз да Табиғатқа саяхат деп аталады.
- Есік алдына жәшік тасталады.
Ой, балалар бізге Табиғат – Анадан сыйлық келіпті. Ашып қараймыз ба?
- Жұмбақ берілген екен, шешіп көреміз бе?
Жұмбақ жасырылады.
1. Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым. (Шаңғы)
2. Зулап түсіп төменге,
Шықпас менсіз төбеге. (Шана)
3. Табанға тақтым,
Жалпаң қақтым,
Зырлап бақтым. (Коньки)
- Ендеше оқушылар топтарыңның атауы 1 - Коньки, 2 - Шаңғы, 3 - Шана болады.
- Бұл заттармен біз қай кезде пайдаланамыз.
- Ендеше, келген қонақтарымыздан бізбен бірге сабаққа қатысуын сұраймыз. Әр топтың жанына келіп отырсаңыздар.
Бастауыш сынып мұғалімі М. Е. Қанатова
Ә дыбысы мен әрпі. Табиғатқа саяхат жүктеу
1 461
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі
Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Мектебіме саяхат. Н дыбысы мен әрпі.
Мектебіме саяхат. Н дыбысы мен әрпі.
Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.
Менің отбасым. Ұ дыбысы мен әрпі. (қайталау)
Менің отбасым. Ұ дыбысы мен әрпі. (қайталау)
Менің отбасым. Ұ дыбысы мен әрпі туралы білімді меңгереді.
Табиғатқа саяхат. Ө дыбысы мен әрпі
Табиғатқа саяхат. Ө дыбысы мен әрпі
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі
Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі
Мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою
Мен және табиғат. Ү дыбысы мен әрпі
Мен және табиғат. Ү дыбысы мен әрпі
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту. Каллиграфиялық, графикалық нормаларды сақтау.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×