Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Топырақтың ерекшелігі мен құрамы.

14 қаңтар 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ақтөбе облысы,
Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі
Курмалова Асель Агисовна

Сабақтың тақырыбы: Топырақтың ерекшелігі мен құрамы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға топырақ және оның құрамы туралы түсінік беру. Топырақтың маңызын ұғындыру.
Дамытушылық: Дүниетанымын, ой-өрісін, пәнге деген қызығушылығын, ақыл-ойын, есте сақтауын дамыту.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауды үйрету арқылы экологиялық тәрби беру.
Әдіс-тәсілдері: Топтастыру, түртіп алу, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, бейнетаспа, суреттер, Венн диаграммасы, қима тапсырмалар.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2. Кезекші мәліметін тыңдау.
3. Психологиялық дайындық. «Көңіл күй» жаттығуы.
4. Зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге «Пайдалы қазба түрлері, қазбаларды қорғау» мәтінін оқып, игеріп келу, тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап беру, кестені толтыру тапсырылған. Бұл тапсырмаларды топ бойынша тексеру.
І топ. Пайдалы қазба түрлері бойынша сызбаны толтыру.

ІІ топ. Пайдалы қазбалар сөзіне қатысты «Топтастыру» стратегиясы бойынша жұмыс жасады.
Мыс кенті, Әктас, Тұз, Гранат, Тас көмір, Мұнай, Алтын, Алюминий, Газ, Фосфорит
ІІІ топ. Пайдалы қазба түрлері бойынша кесте толтырды.
Кенді пайдалы қазбалар
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Жанғыш пайдалы қазбалар
ІV топ. Пайдалы қазбаларды қорғау (топтастыру стратегиясы бойынша)

Басқа заттар ойлап табу
Сарқа қазып алу Ысырап етпеу
Төгіп-шашпай
Бүлінуден сақтау

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі.
1. Кіріспе бөлім
Қызығушылығын ояту.
Бейнематериалды көрсету. Өзен жағасындағы табиғатқа, үлкен гранит тастарға , өзен жағалауындағы құмға, сазға, жарқабаққа көңіл аудару.
Тұжырым: Бұл жерде еш нәрсе өсіп тұрған жоқ. Өйткені, гратин, құм,саз, тау жыныстары. Таза тау жыныстарына ешқандай өсімдік өспейді.
Өзеннің жоғарғы бетінен не көрдіңдер? (Ағаштар, шөптер, гүлдер т.б.)
- Бұл жерде өсімдіктің өсуі неге байланысты?
Бұл жерде өсімдіктің өсуі топырақтың болуына байланысты.

ІV. Жаңа сабақ.
1. Яғни, бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Топырақ». Оқушыларды сабақтың мақсатымен, міндеттерімен таныстыру.
2. Не білемін? Топырақ жайлы 2 – сыныптан не білеміз? (ортаға салады)
Қара шірік, Ауа, Құм, Саз, Су

3. Топпен жұмыс.
1 – топ: Топырақта ауа бар екенін қандай тәжірибе бойынша анықтадық? (оқушы қысқаша түсіндіреді)
2 – топ: Топырақта су бар екенін қалай анықтадық? (оқушы түсіндіреді)
3 – топ: Топырақ неден тұрады? (тәжірибені еске түсіреді)
4 – топ: Оқулықпен жұмыс.
а) Оқушыларға «Топырақ» тақырыбын оқып шығуды тапсырамын. Мәтінді оқып отырып, түртіп алу стратегиясы бойынша таныс емес сөздердің астын сызуды тапсырамын.
ә) Түсініктеме беру.
5. Дәптермен жұмыс.
Топырақ, қарашірік, құнарлық сөздерін жаздыру.
V. Бекіту. Не білдім?
Қарашірік
Топырақ қабаттарына қарай оның түсінің өзгеретіні.
Айырмашылығы – құнарлылығы.
Жер астында бунақденелілер, дернәсілдер.
- Топырақ дегеніміз не?

VІ. Қорыту.
1. 5 жолды өлең стратегиясы бойынша тақырыпты қорыту.
1. Не? Топырақ.
2. Қандай? Қара, бозғыл, құнарлы, борпылдақ.
3. Не істейді? Өседі, салынады, түзіледі.
4. Сөйлем. Құнарлы топырақ табиғатқа қажет.
2. Тұзды топырақта өсімдік аз өседі.
5.Синоним. қарашірік.
2. «Топырақ» сөзін топтастыру.
Су өткізгіш, Өседі, Ауа, Саз, Өнеді, Құм, Құрылыс, Су

VІІ. Бағалау.
Топ жетекшілері оқушы білімін бағалайды.
VІІІ. Үйге тапсырма
8 697
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Топырақтың ерекшелігі
Топырақтың ерекшелігі
Топырақ туралы ұғымдарын кеңейту, оның ерекшелігі мен құрамы туралы мағлұмат беру.
Топырақтың ерекшелігі және оның түрлері
Топырақтың ерекшелігі және оның түрлері
Балалардың ойлау қабілеттерін, байқампаздық пен білім құштарлығын дамыту. Салыстыру және қорытындылау, біліктілігін дамыту. Топырақты қорғау бойынша негізгі шараларды меңгерту. Қоршаған ортаны сүюге баулу.
Топырақ – биосфераның ірге тасы
Топырақ – биосфераның ірге тасы
Оқушыларға топырақ және оның құрамы туралы түсінік беру. Топырақтың маңызын ұғындыру. Дүниетанымын, ой өрісін, пәнге деген қызығушылығын, ақыл - ойын, есте сақтауын дамыту.
Жер қыртысының топырақ қабаты. Таулы жер өсімдіктері мен жануарларын қорғау
Жер қыртысының топырақ қабаты. Таулы жер өсімдіктері мен жануарларын қорғау
Оқушыларға топырақтың ерекшелігі туралы түсінік беру, топырақ пайдасы жайлы түсіндіру. Өткен сабақтар бойынша білімдерін арттыру жұмыстарын жүргізу, тілін дамыту, ойын еркін жеткізуге баулу
Топырақ. Топырақты қорғау
Топырақ. Топырақты қорғау
Оқушыларға топырақ туралы түсінік беру Топырақтың табиғат пен адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру.
Топырақтың ерекшелігі мен құрамы
Топырақтың ерекшелігі мен құрамы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №1орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Ахетова Ақзира Төлеужанқызы Сабақтың тақырыбы: Топырақтың ерекшелігі мен құрамы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×