Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Топырақтың ерекшелігі

20 қаңтар 2019, Жексенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Топырақтың ерекшелігі
Сабақтың мақсаты: 1. Топырақ туралы ұғымдарын кеңейту, оның ерекшелігі мен құрамы туралы мағлұмат беру.
2. Есте сақтауын, мәдениетті сөйлеу, ой – өрісін дамыту.
Сөздік қорын молайту, жүйелі түрде жеткізе білуге дағдыландыру.
3. Байқағыштыққа, айналаны бақылауға, табиғатқа қамқор болу, қорғау, сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
І. Алғашқы ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Топқа бөліну
ІІ. Өткенді қорытындылау: Тест
ІІІ. Ой ашар
Жаңа сабақ - тәжірибе
IV. Ой қозғау.
Оқулықпен жұмыс
Түртіп алу жүйесі
V. Ой толғаныс
Сабақты қорытындылау
Үй тапсырмасы

І. Психологиялық дайындық (1 мин )
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!

Көңіл - күйімізді көтеру үшін « Қаңқалар» видеосын тамашалап алайық.
Осы көтеріңкі көңіл - күймен топқа бөлінейік.

ІІ. Тест (5 мин)
1. Пайдалы қазбаларға... жатады:
а) темір кенінен алынған металл;
ә) тау жынысы;
б) техника бөлшектері;
в) жер қыртысының қатты бөлігі.
2. Құмтас деп:
а) құм аралас тас;
ә) қайралған тас;
б) құрылыс материалдары;
в) қатты тас.
3. Бос жынысқа... жатады:
а) құм және цемент;
ә) мұнай, газ;
б) гранит;
в) құм және саз.
4. Пайдалы қазбалар 3 негізгі топқа бөлінеді:
а) пайдалы, пайдасыз, жарамсыз;
ә) жанғыш, кенді, кен емес;
б) бағалы, құнсыз, жанатын;
в) металл, тау жынысы, «қара алтын».
5. Кен орны деп... айтады:
а) пайдалы қазбалардың шоғырланған жерін;
ә) пайдалы қазбаларды өндіру әдістері;
б) пайдалы қазбаларды өңдейтін жер;
в) тау жыныстарының қосындысын.

Тест жауаптары
1. Ә
2. В
3. В
4. Ә
5. А

Оқушылар алған білімдерін анықтау, байқау.
5 сұраққа - 5 балл
4 сұраққа - 4 балл
3 сұраққа - 3 балл
2 немесе 1 сұраққа - 2балл

ІІІ. Ой ашар.

а) Жаңа сабақ.
- Топырақ дегеніміз не?
- Топырақ — өсімдік өсетін жер, қара жер, жер бетіндегі шаң т. б деп жауап беруі мүмкін.
Өсімдіктің өсуі - топырақтың болуынан. Сондықтан жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабатын топырақ дейміз. Бүгінгі сабақта біз сол топырақтың құрамы мен ерекшелігі жайлы танысамыз.

Жаңа сабақты бастамас бұрын сөзжұмбақты шешіп алайық. ТӘЖІРИБЕ

1. Жүректен тарайтын қан тамырларын не деп атайды? (артерия)
2. Жарақат үлкен болған кезде кімге көріну керек? (дәрігер)
3. Көкірек қуысының сол жағында не орналасқан? (жүрек)
4. Қай кезде алақанмен ысқылаймыз? (үсіген)
5. Көздің қорғанышы (кірпік)
6. Жүйке жүйесі (ми)
7. Қандай бұлттан жауын - шашын жаумайды? (шарбы)
8. Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын не дейміз?

Сарамандық жұмыс.
Топырақты ақ қағаздың бетіне салып, анықтап қара
- Өсімдіктің ұсақ қалдықтары, шіріген жәндіктің қалдықтары байқалады. Одан әрі анықтай түсу үшін тәжірибе жасайық.

1 - тәжірибе.
Бір кесек топырақты стакандағы суға салайық. Не байқадық. Көпіршіп шыққан не? Ауа

2 — тәжірибе.
Бір уыс топырақты шыны түтікшеге салып отқа қойып қыздырайық. Түтікшенің қабырғаларында су тамшылары пайда болды. Ол қайдан шықты? Топырақ бойында ауадан басқа тағы не бар? Су

3 — тәжірибе
Топырақты одан әрі қыздыра түсейік. Біраздан кейін көкшіл түтін шығады Бұл не? Топырақ ішінде жанатын не бар? Топырақта түрлі қалдықтар, шірінділер бар. Ол — қарашірік.
Топырақтың ерекшелігі жүктеу
3 043
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Топырақтың ерекшелігі және оның түрлері
Топырақтың ерекшелігі және оның түрлері
Балалардың ойлау қабілеттерін, байқампаздық пен білім құштарлығын дамыту. Салыстыру және қорытындылау, біліктілігін дамыту. Топырақты қорғау бойынша негізгі шараларды меңгерту. Қоршаған ортаны сүюге баулу.
Топырақ – биосфераның ірге тасы
Топырақ – биосфераның ірге тасы
Оқушыларға топырақ және оның құрамы туралы түсінік беру. Топырақтың маңызын ұғындыру. Дүниетанымын, ой өрісін, пәнге деген қызығушылығын, ақыл - ойын, есте сақтауын дамыту.
Жер қыртысының топырақ қабаты. Таулы жер өсімдіктері мен жануарларын қорғау
Жер қыртысының топырақ қабаты. Таулы жер өсімдіктері мен жануарларын қорғау
Оқушыларға топырақтың ерекшелігі туралы түсінік беру, топырақ пайдасы жайлы түсіндіру. Өткен сабақтар бойынша білімдерін арттыру жұмыстарын жүргізу, тілін дамыту, ойын еркін жеткізуге баулу
Пайдалы қазбалар және олардың түрлері
Пайдалы қазбалар және олардың түрлері
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы «№18 орта мектеп» КММ бастауыш сынып мұғалімі Бакынова Раушан Сериккановна
Топырақтың ерекшелігі мен құрамы.
Топырақтың ерекшелігі мен құрамы.
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Курмалова Асель Агисовна
Топырақтың ерекшелігі мен құрамы
Топырақтың ерекшелігі мен құрамы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №1орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Ахетова Ақзира Төлеужанқызы Сабақтың тақырыбы: Топырақтың ерекшелігі мен құрамы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×