Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мамытбек Қалдыбаев «Үлек»

06 ақпан 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мамытбек Қалдыбаев «Үлек»
Сабақтың мақсаты: Үлек туралы мағлұмат беру
Міндеті:
Білімділік: Мерсердің танымдық тәсілдерін қолдану арқылы оқушының әңгіме мазмұнын өздігінен түсінуге, белсенді зерттеулер жүргізе отырып, түйе туралы білімдерін кеңейту. Түйені жасына, қолтұқымына, жынысына қатысты ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Үлек туралы түсінік бере отырып, ойлау қабілетін сыни тұрғыдан дамыту. Өз ойын толық жеткізе отырып, оқушылардың ауызекі сөйлеу қабілетін дамыту, білім - білік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Төрт түліктің адам баласына әкелер пайдасын ескере отырып, оларды қорғауға және қамқор болуға тәрбиелеу. Қосымша тапсырмалар бере отырып, шығармашылыққа баулу, ұжымшылдыққа, шапшаңдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Оқытудың нәтижелері:
1. Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптастырады.
2. Бірін - бірі тыңдап әрі еркін сөйлеп үйренеді.
3. Сабақта белсенділік танытады.
4. Шығармашылық қабілеттері артады.

Қамтылатын модульдер:
1 - модуль: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс, диалогтік оқыту)
2 - модуль: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
3 - модуль: Бағалау ( бағалау бетшелері арқылы)
4 - модуль: АКТ – ны пайдалану (интербелсенді тақта, видео)
7 - модуль: Көшбасшылық

Көрнекіліктер: Оқулық, слайд, стикер, маркер,
Қадамдар:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Топпен жұмыс.
3. Рефлексия
4. Бағалау

Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс - әрекеті:
1. Топқа бөлу
2. Оқушының зейінін сабаққа аудару
3. 4. Жаңа сабақты түсіндіру
4. 5. Тапсырмалар беру
Оқушының іс - әрекеті:
1. топқа бөлінеді.(1 - 4 санына )
2. Зейіндерін сабаққа аударады
3. Мәтіннің мазмұнымен танысады. Үлек туралы мәлімет алады
4. Топтасып жұмыс жүргізеді, постер қорғайды
5. Кері байланыс жасайды

І кезең: Қызығушылықты ояту:
«Бағдаршам» ойынын ойнату арқылы үй тапсырмасы бойынша қандай дайындықпен келгенін анықтау.
- Ендеше балалар сендер көрмей, дауысты қалай аңғарарсыңдар екен. Соны көрелік. Ол үшін мен сендерге дыбыс жасырамын. Сол ненің дыбысы екенін ажыраталық.
Аудиодан түйенің үнін тыңдау.
- Бұл ненің дыбысы?
- Түйе
Ендеше, бүгінгі сабағымыз не жайлы болмақ деп ойлайсыңдар?

І. Топтастыру стратегиясы.
Біздің оқушылар бүгін түйелерді ерекше бақылауға алады екен.
1 топ -« Атан»
2 топ -«Інген»
3 топ -«Нар»
4 топ -«Үлек»
Әр топ өзі зерттеуге алған түйелері туралы не біледі екен (Әр топтан 1 оқушыдан тұрып жауап береді)
Бура, атан - деп қазақ айыр түйенің келеге түсетін еркегін, аталық түйені айтады. «Бура» сөзі ауыз әдебиетінде, ақын - жазушылардың шығармаларында да кең қолданыс тапқан. Мәселен, Көрінер інген сұлу, бурасымен, Көрінер бура сұлу шудасымен делінсе
Інген деп – Қос өркешті түйенің ұрғашысын айтады боталаған ботасы бар түйелер жатады. Боталаған інген деп те атайды.
Нар - жалғыз өркешті ұрғашы түйе, оны кейде Аруана деп те атайды. Мұның денесі ірі, аяқтары жіңішке, жүні тықыр, бұйра болып келеді. Суыққа төзімсіз болғанымен, шыбынға шыдамды келеді, бақырып, жын төгуді білмейді. Салалы емшегі өте сүтті болады
Үлек - Сыңар өркешті түйенің бурасы, Бұл онша күшті болмайды, сида сирақтары әлсіздеу, жүні бұйралау келеді. Бақырып, құспайды. Бурасы кісі алмайды. Ыстық пен суыққа шыдамсыз.

Миға шабуыл. Әр топ таңдау арқылы, берілген тапсырмаларды Ассоциация әдісі арқылы қорғайды.
– Түйе туралы не білесіңдер?
– Түйенің адамға тигізер пайдасы қандай?
– Түйеден қандай өнімдер аламыз?
– Түйенің қандай түрлері бар?
Иір – иір денесі
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер – тамағы,
Шөлге шыдап бағады. Дұрыс балалар, төрт түлікке жататын жануардың бірі – түйе.

Мұғалім түсіндірмесі:
– Түйе - киелі жануар. Ол шөл мен аштыққа шыдамды. Ыстық – суыққа төзімді, ұзақ жүрісте қажымайды. Ертеде ата – бабаларымыз көлік ретінде пайдаланды. (суретін көрсету жүк көтеріп келе жатқан)
Түйенің қолға үйретіліп, түлік қатарына қосылғанына біздің дәуірімізге дейін бес мың жыл шамасындай мезгіл болған. Міне, содан бері өткен жеті мың жылдай уақыт ішінде түйе шөлейт жерді мекендеген елдің ең қолайлы көлігіне айналды. Түйенің негізгі шыққан жері Солтүстік Америка деп саналады.
Қазіргі уақытта түйенің бұл түрлері Африкада, Орта Азия мен Батыс Азия мен Батыс Америкада да бар. Түйенің екі түрі бар. Мұның біреуі қос өркешті, екіншісі нар (жалғыз немесе сыңар өркешті түйе).

Бастауыш сынып мұғалімі: Б. Б. Куленова
Мамытбек Қалдыбаев «Үлек» жүктеу
1 830
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мамытбек Қалдыбаев «Еліктің лағы»
Мамытбек Қалдыбаев «Еліктің лағы»
Әңгімені мәнерлеп оқуға дағдыландыру, оның мазмұнын түсіндіру, негізгі идеясын ашу, талдауға үйрету, мәтінмен жұмыс жүргізуге баулу.
Еліктің лағы М. Қалдыбаев
Еліктің лағы М. Қалдыбаев
Оқушыларға экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Cүп-сүйкімді лағым. Еліктің лағы (әңгіме) М.Қалдыбаев
Cүп-сүйкімді лағым. Еліктің лағы (әңгіме) М.Қалдыбаев
мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу. мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялы, стилистикалық қателерді табу және түзету.
«Үлек» Мамытбек Қадылбеков
«Үлек» Мамытбек Қадылбеков
ШҚО, Көкпекті ауданы, Самар ауылы, Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Темиргалиева Фарида Турсунгалиевна
"Үлек" М.Қалдыбеков
"Үлек" М.Қалдыбеков
Маңғыстау обылысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жақайқызы Сауле
Мамытбек Қалдыбаев «Үлек» әңгімесі
Мамытбек Қалдыбаев «Үлек» әңгімесі
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылы бастауыш сынып мұғалімі Тоғай Алмагүл Молжігітқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×