Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Үлек» Мамытбек Қадылбеков

02 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Үлек» Мамытбек Қадылбеков
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға бағыт - бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеу, ой өрісін дамыту, білім, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, өзіндік талдау, жинақтай білуге, жеке топтық жұмыста шапшаңдық танытуға, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру.
б) Әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу.
в) Әңгіме арқылы еңбек сүйгіштікке мейрімділікке баулу. Ел намысын қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Көрнекіліктер: Схема, таблица, энциклопедия «Қазақстанның үй жануарлары».

Сабақтың мазмұны
Ұйымдастыру (кезекшінің рапорты, оқу құралдарын дайындау)
Жаңа сабақ:
1. Психологиялық дайындық.
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін
Болып шықты он саусақ. (алғашында бояу, екіншісінде шапшаң, үшіншісінде өте жылдам айтып, оқушыларды көңілдендіру).

2. Үй тапсырмасын тексеру.
«Жылқы» С. Мұқанов
а) Әңгімені жоспар бойынша мәнерлеп оқу.
б) Бөлімдер бойынша мазмұндау

І топ. «Білгірлер» тобы.
Жылқы туралы қосымша әдебиеттерден жинақталған бөлімдерін ортаға салу.

Жылқы - ер қанаты
Біздің халқымыз жылқы малын ерекше құрмет тұтады. Кейбір ғалымдардың айтуына қарағанда, жылқы малын жабайы болып жүрген жерінен ең алғаш қолға үйреткен біздің ата - бабаларымыз көрінеді.
Содан бастап бар тіршілігі жылқымен бірге дамып отырса керек. Сондықтан да халқымызды жылқы туралы аңыз - ертегілер де, өлең - жырлар да, әндер де, қанатты сөздер де көп.
Ең бастысы – жылқы – ер қанаты деп есептелген.

Жылқы - өнерпаз түлік
Жылқының циркте өнер көрсеткенін бәріміз де білеміз.
Әйтсе де иесін үстіне мінгізіп алып, керулі арқан үстімен жүрген жылқыны көрмек түгілі естімеген де боларсыңдар - ау. ХІХ ғасырдың соңында өмір сүрген итальяндық үйретуші бапкердің сәйгүлігі сөйтеді екен.

Жылқы жылы туғандар
Тіршілікке икемді, ойы ұшқыр келеді екен. Жылқы деген жануар қандай іске де бірден кірісіп кететін, еңбек сүйгіш, ескен желдей ерікті жануар емес пе? Жылқы малына тән қасиеттердің бойынан көруге болады. Жаны жомарт, жұғымды келеді. Күш - қуаты тасқындап тұрады. Сенімді. Ақшаны орнымен жұмсай біледі. Ойын - сауықты жақсы көреді. Ылғи да жұрттың назарында болуды ұнатады.
Бірақ көп сөйлеп, жұртты ығыр етіп алатын тұстары да көп. Өзін ерекше бағалайтын дағдысынан, мазасыз мінезінен опық жеп жүреді.
ІІ топ. Ойыншылар. Топтастыру
Жылқы

Үй жануары
қымыз
көлік
еті желінеді
қайратты
сүт қоректі
жүк тасиды

ІІІ топ. Алғырлар тобы.
Жылқы тақырыбы бойынша сурет салу
ІҮ топ. Тапқырлар.
Осы мәтін бойынша «Құлыншақ» деген өлең құрастыру.

3. Жаңа тақырып. «Үлек» М. Қалдыбаев
1). Ойшылар. Әр топ оқушылары жаңа сабақты топтық талдау арқылы меңгереді. Әр топ оқушылары әңгіменің авторы туралы өз мәліметтерін айтады. (ассоциациялық әдіс).
2). Ой қозғау. Мәтінді оқымастан бұрын оқушылардан жалпы «Үлек» туралы ойларын біліп алу қажет.
- Үлек дегеніміз не?
- Ол үй жануары. Басқа түйелерге қарағанда, оның бір ғана өркеші бар. Ол адамдарға қызмет атқарады, шөлге төзімді болады. Бойы ұзын, табаны жалпақ, маңғаз.
А. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді бөлікке бөліп, топқа оқытамын. (ЖИГСО әдісі, өздігінен іздену, білім жинақтау).
Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға жұмыс тобында мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттігін, өйткені сол бөлігін қалған топ оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіну қажет.

Б. Топпен жұмыс. Бұл жерде әр топқа жеке - жеке сұрақтар беріледі.
І - топ. Үй жануарлары туралы мақал - мәтелдер дайындау.
1. Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.
2. Семіздікті қой көтереді.
3. Жылқыда өт жоқ, құста сүт жоқ
4. Мал баққанға бітеді.
5. Тай тулап үйірінен шықпас
6. Нар жолында жүк қалмас.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 134
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ақ боран. Ж. Жұмаханов
Ақ боран. Ж. Жұмаханов
Жекен Жұмаханов туралы шағын түсінік беру. Жазушының шығармаларымен таныстыру. Әңгіме мазмұнын ашу, негізгі кейіпкерді айқындата отырып, идеялық мазмұнын түсіндіру.
Баланың айласы
Баланың айласы
Қазақтың көрнекті ақын, жазушысы Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек танысып, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу және шығармасындағы негізгі ойды таба білуге үйрету.
Ақ боран. Ж. Жұмаханов
Ақ боран. Ж. Жұмаханов
Жекен Жұмахановтың өмірбаянымен, «Ақ боран» мәтінімен таныстыру. Мәтінге талдау жүргізе отырып, автордың негізгі ойын ашу. Оқушыларға бағыт, бағдар бере отырып, өздіктерімен жұмыс істеу. Ой - өрісін дамыту, білім іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Мамытбек Қалдыбаев «Үлек» әңгімесі
Мамытбек Қалдыбаев «Үлек» әңгімесі
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылы бастауыш сынып мұғалімі Тоғай Алмагүл Молжігітқызы
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің өміршеңдігі
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің өміршеңдігі
Атырау қаласы, №6 орта мектептің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Ихуанова Гүлзада Зинеденовна
Ыбырай Алтынсарин «Баланың айласы»
Ыбырай Алтынсарин «Баланың айласы»
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Курмалова Асель Агисовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×