Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сансызбай Сарғасқаев «Сынған аквариум»

09 ақпан 2019, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сансызбай Сарғасқаев «Сынған аквариум»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ізденіске шақыра отырып, әдеби шығармашылық қабілеттерін ашу.
1. Білімділік: Сансызбай Сарғасқаевтың өмірі мен шығармашылығын бүгінгі сабаққа тиек ете отырып, оқушылардың білімдерін одан әрі шыңдай түсіп, сабаққа ынта – ықыластарын арттыру.
2. Дамытушылық: Оқушыларды жан-жақты болуға, ақыл – ойын, логикалық ойлау жүйесін дамытуды көздеп, арнайы жұмыстар жүргізу. Сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды адалдыққа, батылдыққа тәрбиелей отырып, ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әділ – тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап.
Көрнекілігі: суреттер, слайдтар, жауап кілттері, дананың кілттері, төрт қалпақ, ватман, түрлі - түсті сигналдар.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу.
Ана тілің - арың бұл
Ұятың боп әлбетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте

Үй тапсырмасын сұрау:
1.«Карусель» әдісі арқылы өткенді еске алу.
2.«Құмырсқалар» әңгімесінде Ләйлә қандай құмырсқаларға жақтасып жүрді?
3.«Адасқан бала» әңгімесінде адасқан баланың аты кім?
4. Үшінші тоқсанда Бақытжанның сабағы неге төмендеп кетті?
5. Әскербек әтешін қалай құтқарып алды?
6. Мирас балмұздақ жеуден неге бас тартты?
7. Көксерек туралы ауыл адамдары қандай пікірде болды?
8.«Сатира» дегеніміз не?
9.«Мен таңдайтын мамандық» өлеңінде қандай мамандықтардың аты аталады?
10.«Үлек» деп нені айтады?
11. Мүлікбай атаны сипаттап берші?
12. Есім мұғаліміне басында неге ашуланды?
Мақсат қою кезеңі: 1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2. Жаңа сабаққа даярлық.

Жаңа сабақ:
«Адасқан әріптер» ойыны
ныСнағ мкарваиу
Аквариум (лат. aquarium – суқойма) - су жануарлары мен өсімдіктерін өсіруге және зерттеуге арналған шыны ыдыс. Оның кейбір түрлерін дельфинарий, океанариум деп те атайды. Олардың пішіні мен құрылысы әр - түрлі болып келеді. Аквариумдер балықтардың табиғи жағдайына сәйкес жабдықталады. Онда өсімдіктер де өсіріледі. Әдетте арнаулы құралмен аквариумге ауа да жіберіледі. Суы мезгіл - мезгіл ауыстырылып тұрады.
Дәптермен жұмыс:
Дәптерімізді ашып бүгінгі күннің жадын жазамыз, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: Сансызбай Сарғасқаев. Сынған аквариум. Ендеше Сансызбай Сарасқаев кім? - деген сұраққа мына слайдтан жауап іздеиік.
Сансызбай Сарғасқаев туралы ақпаратты тыңдау.
Мәтінмен жұмыс: ДЖИГСО - әдісі бойынша мәтінмен жұмыс жасаймыз.
Оқушылар өздері оқиды. Топта талқылайды.
Сөздікпен жұмыс:
Шоршыған - қорыққан
Қаһарына – ашуына
Жайбарақат - асықпай
Топтар ауысады. Бір - біріне түсіндіреді.
Сергіту сәті:
Балалар сергіту сәтін жасайды

Қорыту:
1 - топ: «Дананың кілттері»
1. Мәтіндегі кейіпкерлерді ата?
2. Мұғалім неге ашулы болды?
3. Шоқай Күлзағирамен неге дос болудан бас тартты?
4. Әңгіменің тәрбиелік мәні неде?
2 - топ: «Төрт қалпақ әдісі»
Егер де мен Күлзағира болсам, мен.....
Егер де мен Шоқай болсам, мен.....
Егер де мен Елікбай болсам, мен.....
Егер де мен Береке болсам, мен.....
3 - топ: Сипаттау
Кейіпкерлерге мінездеме бер:
Күлзағира
Шоқай
Елікбай
Береке
Қорытынды:
Стикерлерге оқушылар сабақта не түсінді, не ұнады және не түсініксіз болғаны жайлы жазады.
Бағалау:
Үйге тапсырма:
1. Мазмұнын айту.
2. Эссе жазу.

Мұғалім: Нургазина А. Ж.
Сансызбай Сарғасқаев «Сынған аквариум» жүктеу
2 969
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сансызбай Сарғасқаев. «Сынған аквариум»
Сансызбай Сарғасқаев. «Сынған аквариум»
Сансызбай Сарғасқаевтың өмірі мен шығармашылығын бүгінгі сабаққа тиек ете отырып, оқушылардың білімдерін одан әрі шыңдай түсіп, сабаққа ынта – ықыластарын арттыру.
Шыбық. Сансызбай Сарғасқаев
Шыбық. Сансызбай Сарғасқаев
Оқушыларды Сансызбай Сарғасқаевтың «Шыбық» әңгімесімен таныстыру. Шығарманың мазмұны мен идеясын меңгерту. Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу.
Сансызбай Сарғасқаев. Шыбық
Сансызбай Сарғасқаев. Шыбық
Сансызбай Сарғасқаевтың өмірімен, шығармаларымен тереңірек танысу. Мәтінді тереңірек түсініп оқуға, талдауға үйрену, мәтіндегі түйінді ойды ашу.
Сынған аквариум
Сынған аквариум
Аквариум балықтары – үйдегі, хайуанаттар паркі мен ғылыми мекемелердегі арнайы ыдыста – аквариумде өсірілетін балықтар тобы. Аквариум балықтары табиғи жағдайда тропикалық және субтропикалық тұщы су қоймаларында, ал кейбіреулері ащылау суда және
Б. Бұлқышев «Ана»
Б. Бұлқышев «Ана»
Оқушыларға ананың балаға деген махаббатының шексіздігін, ана деген есімнің ұлылығын, ананың адам өміріндегі орнының ерекше екендігін түсіндіру.
"Шыбық"  Сансызбай Сарғасқаев
"Шыбық" Сансызбай Сарғасқаев
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Еңбек ауылы, Еңбек негізгі мектебінің бастауыш класс мұғалімі Тегисова Гулден Маратовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×