Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сынған аквариум

10 ақпан 2019, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Сынған аквариум (слайд)
4 сынып
Мақсаты:
*Оқушыларға Сансызбай Сарғасқаев туралы түсінік беру.
Мәтіннің мазмұны мен идеясын ашу.
*Оқушылардың сөздік қорын, ойын, көз алдына елестету қабілетін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.
* Туған жерді сүюге тәрбиелеу, еліміздің ертеңі білімді ұрпақ екеніне көз жеткізу.
Әдіс - тәсілдер, көрнекіліктер:
Ой қозғау, топтық, жұптық жұмыс, топтық бағалау, АКТ, сызбалар.

Өткен сабақты еске түсіру.
1. Есім қандай бала?
2. Атасы оған не деп еді?
3. Ақсақ Темір туралы аңызды айт.
4. Ақсақ Темір армандаған арманына жетті ме?
5. Есім кімге барды?
6. Әліпбай мұғалім оған не деді?

Сансызбай Сарғасқаев
Сарғасқаев Сансызбай (29. 4. 1925 ж. т., Жамбыл облысы, Красногор ауданы, Шарбақты селосы) - қазақ совет жазушысы, Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1942 - 43 жылдары аудандық «Красногоршы» газетінде жауапты хатшы, 1949 - 72 жылдары «Қазақстан пионері», «Лениншіл жас» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактор, «Жұлдыз» журналында жауапты хатшы болды. Көркем туындылары 1949 жылдан жариялана бастады. Шығармалары негізінен жас жеткіншектерге арналған. «Достар» (1952), «Бір отрядта» (1953), «Сәуленің жаңа достары» (1954), «Бір көшенің бойында» (1961), «Сынған тіс» (1963), «Шындық» (1964), «Көңілді балалар» (1966), «Тәмпіш қара» (1974) атты повестер мен әңгімелер жинақтары бар.

Аквариум (лат. aquarium – суқойма) - су жануарлары мен өсімдіктерін өсіруге және зерттеуге арналған шыны ыдыс.
Аквариум балықтары – үйдегі, хайуанаттар паркі мен ғылыми мекемелердегі арнайы ыдыста – аквариумде өсірілетін балықтар тобы. Аквариум балықтары табиғи жағдайда тропикалық және субтропикалық тұщы су қоймаларында, ал кейбіреулері ащылау суда және теңізде мекендейді. Олар – таңғажайып түрімен, ашық түрлі - түсті бояуларымен және мөлшерінің (массасының) кішілігімен ерекшеленеді. Олардың дене тұрқы 1, 5 – 30 см болады, кейде 1 м - ге жетеді. Аквариум балықтарының жүздеген түрі кездеседі. Олардың көбі сүйекті балықтар (мысалы, майшабақ, мормиро, тұқы, саргоно, алабұға, кефаль, т. б.).
Қазақстанның өзен - суларында тіршілік ететін сазан, қоңыржан, майшабақ, құйын балық, шортан, алабұға, мөңке, қызыл қанат шабақтарды аквариумда ұстауға болады.

Бастауыш сынып мұғалімі: Бекжанова Б. С.
Сынған аквариум слайдты жүктеу
3 490
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сансызбай Сарғасқаев. «Сынған аквариум»
Сансызбай Сарғасқаев. «Сынған аквариум»
Сансызбай Сарғасқаевтың өмірі мен шығармашылығын бүгінгі сабаққа тиек ете отырып, оқушылардың білімдерін одан әрі шыңдай түсіп, сабаққа ынта – ықыластарын арттыру.
C. Сарғасқаев «Тәмпіш қара» повесінен үзінді
C. Сарғасқаев «Тәмпіш қара» повесінен үзінді
Сансызбай Сарғасқаевтың «Тәмпіш қара» повесінің үзіндісін оқыту арқылы соғыстан кейінгі жылдардағы ауыл тұрмысы, ондағы балалар өмірі, пионерлерге тән асыл қасиеттер туралы таным – түсініктерін, білім дағдыларын қалыптастыру; шығарманың тақырыбы мен
Шыбық. Сансызбай Сарғасқаев
Шыбық. Сансызбай Сарғасқаев
Оқушыларды Сансызбай Сарғасқаевтың «Шыбық» әңгімесімен таныстыру. Шығарманың мазмұны мен идеясын меңгерту. Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу.
Сансызбай Сарғасқаев «Сынған аквариум»
Сансызбай Сарғасқаев «Сынған аквариум»
Сансызбай Сарғасқаевтың өмірі мен шығармашылығын бүгінгі сабаққа тиек ете отырып, оқушылардың білімдерін одан әрі шыңдай түсіп, сабаққа ынта – ықыластарын арттыру.
С. Сарғасқаев «Тәмпіш қара»
С. Сарғасқаев «Тәмпіш қара»
Ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой - пікірін қалыптастыру.
"Шыбық"  Сансызбай Сарғасқаев
"Шыбық" Сансызбай Сарғасқаев
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Еңбек ауылы, Еңбек негізгі мектебінің бастауыш класс мұғалімі Тегисова Гулден Маратовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×