Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығару. Зат сатып аламын

06 сәуір 2019, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика 3 сынып
Тақырып: Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығару. Зат сатып аламын
Оқу мақсаттары:
3 санының және шаманың үлесін табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есеп құрастыру және шығару.
шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және шығару.

Психологиялық дайындық
Амандасу
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Барлығына бас иіп
Сәлем бердік біз
«Алма жинау» әдісі арқылы өткен тақырыптар бойынша сұрақтар және үй тапсырмасы:
1. Үлес дегеніміз?
Егер бір нәрсені бірдей бөліктерге бөлсек, бұл бөліктер математикада үлестер деп аталады.
2. Кейбір үлестердің ерекше атауын ата:
Екіден бір үлес - жарты, төрттен бір үлес - ширек деп аталады.
3. Бөлшек қалай жазылады?
4. 7 санының квадратын ата?
5. 4 санының кубын ата?
6. 6 санының кубын ата?
Бағалау түрі: шапалақтау

Жаңа тақырыпты игеруге дайындық:
50 теңгеге нелер сатып алуға болады? (тақтада 50 теңгеге сатып алуға болатын заттардың суреттері ілініп тұрады)
Ауызша есептейді, не сатып алуға болады атауларын атайды.
Тапсырма орындалған соң жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.
Бағалау түрі: бас бармақ әдісі

Жаңа сабақ
Сурет бойынша заттың бағасын, санын құнын қалай табуға болатынын еске түсіру
Ақша – арнайы өнім, ол өнімнің, еңбектің және т. б. құнының өлшемі болып табылады.
Бағасы белгілі бір затқа, әрекетке және т. б. алуға болатын ақшаның саны
Құны – бұл барлық өнімге төленген ақшаның саны.
Санын табу үшін құнын
бағаға бөлеміз. (С=Қ: Б).
Құнын табу үшін бағаны санына көбейтеміз (Қ=Б∙С)
Бағасын табу үшін құнын санына бөлеміз (Б=Қ: С)

«Полиглот» ойыны
Жаңа сабақ бойынша негізгі тірек сөздердің үш тілде сәйкестендіреді
Бағалау түрі: сөздік бағалау

Оқулықта: № 2 (жұптық жұмыс)
Кесте бойынша есептер құрастырып, оларды шығару
Бағалау түрі: смайлик арқылы

№ 3 (жеке жұмыс)
Кесте бойынша есептің шартын жазып, шешуін шығарады.
Бағалау түрі: бағдаршам әдісі

«Көршіңмен кеңес» әдісі бойынша
дәптерде № 5 есепті шығарады, бір - бірін тексереді
Бағалау түрі: оқушылар бір-бірінe алма бeреді, бағалайды.

Қостанай облысы, Қостанай ауданы
«Александров орта мектебі» ММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Базылбекова Айнұр Бақытжанқызы
Үздік ұстаз бәйгесіне
Қатысатын категория: бастауыш сынып
Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығару. Зат сатып аламын жүктеу
8 538
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар, Математика 3 - сынып
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар, Математика 3 - сынып
Математика пәні бойынша күнтізбелік - тақырыптық жоспар. Математика, 3 - сынып.
Күнтізбелік жоспар, Математика 6 класс
Күнтізбелік жоспар, Математика 6 класс
Математика пәні бойынша күнтізбелік жоспар.
Шамалар арасындағы тәуелділік: заттың шығыны, саны (заттар саны), жалпы шығыны.
Шамалар арасындағы тәуелділік: заттың шығыны, саны (заттар саны), жалпы шығыны.
Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептерді шығара білу және шығарылған есептердің шешу жолдарын ұғындыру.
Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептер шығару
Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептер шығару
Оқушылардың ауызша есептеу дағдысын, екі таңбалы санға көбейту, бөлу туралы білімін, мәтінді есептер шешу дағдысын нығайту.
Есептер шығару
Есептер шығару
Шамалар арасындағы қатысты табуға арналған есептерді шығарады.
Көбейту мен бөлуге берілген есептер шығару
Көбейту мен бөлуге берілген есептер шығару
Көбейту мен бөлуге берілген есептерді шығару, фигуралардың ауданын табу, санның квадраты және кубын көбейтіндімен алмастыру, теңдеулерді шешу туралы білімдерін жетілдіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×